Қазақ тілі 6 сынып


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

6-сынып

2019-2020 оқу жылы

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 

 

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

4

«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»

4

«Ұлттықжәнеотбасылыққұндылықтар.Фонетика»,«Әлемніңжетікереметі.

Лексикография» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

10

«Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Лексика»

10

«Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

16

«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен, көлдер. Морфология»

16

«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология», «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен

салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология»

19

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

22

«Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология»

22

«Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация»

25

1-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»

Оқу мақсаты

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің ататуын талқылайды
  • Алғашқы бөлігін тыңдап, мәселені болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтіннің атауын жұпта талқылаңыз. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, қалған бөлігінде көтерілген мәселені болжаңыз.

 Оқжетпес туралы аңыз

 Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз.

 Ал аңыз былай дейді:

 ____________________________________________________________________

 

 Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.

 

  • Берілген сұрақтарға тыңдалған мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап беріңіз.
  • Батыр бала күнінде қандай болған?
  • Батыр алған жарақатын қалай емдеген?
  • Оқжетпес қалай тасқа айналған?
  • Бастапқы болжамың түпнұсқаға сәйкес келді ме? Қай тұстары?

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің ататуын талқылайды

Алғашқы бөлігін тыңдап, мәселені болжайды

1

2

мәтіннің атауын талқылайды;

мәтіннің алғашқы бөлігінің мәнін

ашады;

үзілген жерден болжаммен жалғастырады;

Сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні____________________________________________________

Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннің ататуын талқылайды

Алғашқы бөлігін тыңдап, мәселені болжайды

Мәтіннің атауын талқылауда, көтерілетін мәселені болжауда,

сұрақтарға мәтіннен дәлелдер

келтіріп, жауап беруде қиналады

Бөлім «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»

Оқу мақсаты

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінде көтерілген мәселеге, негізгі және қосымша ақпараттарға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады
  • Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтіндегі орфографиялық пунктуациялық қателерді тауып, түзету жасаңыз. Мәтіннің ой жүйесі бойынша құрылымына түзету жүргізіп, қайта көшіріп жазыңыз.

 Келіннің тапқырлығы

 Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне «Шапқыау шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», депті. Ертеректе бір қарианың балаларының аты қамыспай қасқырбай қойбай қубай қубай қайрақпай пышақбай баубай балтабай екен. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп: «Келін ау келін судың ар жағында қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу», - депті.

2. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша 4 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.

Сұрақтар

1)

2)

3)

4)

 

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

1

Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетеді;

Мәтіндегі пунктуауциялық қателерді түзетеді;

Мәтінге құрылымдық түзету жасайды;

1

1

1

Мәтінде көтерілген мәселеге, негізгі және қосымша ақпараттарға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады

2

Мәтін бойынша 4 нақтылау сұрағын құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.

1

1

1

1

Барлығы

10

«Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» бөлімі бойынша жиынтық

бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, құрылымын редакциялауда қиналады

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, құрылымын редакциялауда қателіктер жібереді

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, құрылымын редакциялайды

Мәтінде көтерілген мәселеге, негізгі және қосымша ақпараттарға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады

Мәтіннің мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын құрастыруда қиналады

Мәтіннің мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын құрастыруда қателіктер жібереді

Мәтіннің мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын құрастырады

2-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика»

Оқу мақсаты

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жаңалықта көтерілген мәселені талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Тапсырма

1.Мәтінді мұқият тыңдап (оқып), онда көтерілген мәселені «Фрайер» моделіне сүйеніп, талдаңыз.

Жаңа нысанның дизайнын суреттеңіз

Жаңа нысанның кем дегенде екі артықшылығын көрсетіңіз

Жаңа нысан туралы Сіздің пікіріңіз

Жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем дегенде екі пайдалы тұсын көрсетіңіз

 Астанада жаңа көпір бой көтерді

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.

 Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.

 «Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

 Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.

 «Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.

 Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.

 Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.

 

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Жаңалықта көтерілген мәселені талдайды

1

Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

Жаңа нысанның дизайнын суреттейді;

Нысанның екі артықшылығын көрсетеді;

1

1

2

Нысанның екі пайдалы тұсын көрсетеді;

Нысан туралы пікірін білдіреді.

2

1

Барлығы

7

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Жаңалықта көтерілген мәселені талдайды

Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, нысанның пайдасы мен артықшылықтарын көрсетуде және пікір білдіруде қиналады

Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, нысанның пайдасы мен артықшылықтарын көрсетуде және пікір білдіруде қателеседі

Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, нысанның пайдасы мен артықшылықтарын көрсетуде және пікір білдіреді

Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексика»

Оқу мақсаты

6.2.4.1 ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады
  • Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтіндерді мұқият оқып, оларды тақырыбы, мазмұны тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстырыңыз.

1-мәтін

 Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі - Хақан, шешесі - Нұрила. Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады.

2-мәтін

 Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

 Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы

Мазмұны не туралы?

Мәтіндердің сөз қолданыстарында қандай ұқсастықтар бар? Мысал келтіріңіз

  • Әр мәтінді құрылымдық бөліктерге бөле отырып, жоспар құрыңыз. Әр бөлімге атау беріңіз.

1-мәтін бойынша жоспар:

  • Кіріспе бөлім___________________________________
  • Негізгі бөлім____________________________________
  • Қорытынды бөлім_______________________________

2-мәтін бойынша жоспар:

  • Кіріспе бөлім___________________________________
  • Негізгі бөлім____________________________________
  • Қорытынды бөлім_______________________________

 

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады

1

Мәтіндердің тақырыптарын анықтайды;

Мәтіндердің қысқаша мазмұнын көрсетеді;

Мәтіндердің тілдік қолданыстарынан мысалдар келтіреді;

2

2

2

Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

2

1-мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады;

2-мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады.

1

1

Барлығы

8

«Тарихи тұлғалар. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырады

Мәтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстары тұрғысынан салыстырып, мысал келтіруде қиналады

Мәтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстары тұрғысынан салыстырып, мысал келтіруде қателіктер жібереді

Мәтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстары тұрғысынан салыстырып, мысал келтіреді

Құрылымына сай мәтіндерге қарапайым жоспар құрады

Мәтіндердің құрылымы бойынша қарапайым жоспар құруда қиналады

Мәтіндердің құрылымы бойынша қарапайым жоспар құруда қателеседі

Мәтіндердің құрылымы бойынша қарапайым жоспар құрады

3-тоқсан бойынша бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология», «Спорт. Белгілі

спорт жұлдыздары. Морфология»

Оқу мақсаты

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді
  • Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақ:

  • Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?
  • Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
  • Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?
  • Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?
  • Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
  • Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?

Былғары қолғап шебері

 Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

2. Дос, туыстарыңыздың арасында бокспен айналысатын адамдар бар ма? Олар туралы не айта аласыз?

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді

1

Сұрақтарға мәтін ақпараттарымен дәлелді жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

5-сұрақ;

6-сұрақ;

1

1

1

1

1

1

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

2

Спортпен айналысатын достары туралы әңгімелейді.

1

Барлығы

7

«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология», «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау критерийі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде қателеседі

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

Бокспен айналысатын өзіне таныс адамдары туралы әңгімелеуде қиналады

Бокспен айналысатын өзіне таныс адамдары туралы әңгімелеуде қателеседі

Бокспен айналысатын өзіне таныс адамдары туралы әңгімелейді

Бөлімі «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология»

Оқу мақсаты

6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату

6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетіп, мәтіннің дұрыс нұсқасын қайта көшіріп жазыңыз.

1-мәтін

 Жер-жаханды сері самалға өткізіп жұрттың аузын аққа жеткізіп нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтын бәрін келер жылға өткізіп, самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, Тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, алатаудың төбесінен көкке тигізіп, қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың құздарды шаттанып тізбектеп тырналарды, сүйгүзіп сырғаларды, шоршытып балықтарды шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын

  • 1-мәтін мен 2-мәтінді салыстырып, олардың стилін, жанрлық, тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз.

2-мәтін

  • Қалайсың, Айжан!
  • Сәлем!
  • Не істеп жатырсың?
  • Ештеңе, қазір көше жаққа барам деп отырмын.
  • Аа, ол жақта не бар?
  • Наурызға концерт болып жатыр деді. Біздің көрші барып келді. Күшті болып жатыр дит. Барсайш менімен бірге.
  • Аа, иә, барайық. Менің де сол барсам ба, бармасам ба деп, алдымен сенен сұрап жатқаным ғой. Сен қашан шығасың?
  • Қазір бір жарты сағаттан соң ба деп отырмын.
  • Мені тоса тұр, иә? Қазір бір шаруалар болып тұр. Соны тез бітірп сен жаққа қарай өтемін.
  • Аа, жақсы! Общем, хабарласайық. Звондайсың ғой?
  • Ок.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіндер қандай стильде жазылған?

Жанрлық ерекшеліктері неде?

Тілдік қолданыстарында қандай ерекшеліктер бар?

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

1

Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетеді;

Мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзетеді;

1

1

Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

2

Мәтіндердің стилін анықтайды;

Мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Мәтіндердің тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерді көрсетеді.

2

2

2

Барлығы

«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау критерийі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзетеді

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетуде қиналады

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетуде қателеседі

Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді

Ауызекі және көркем сөйлеудің құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Мәтіндерді стилі, жанры, тілдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстыруда қиналады

Мәтіндерді стилі, жанры, тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстыруда қателеседі

Мәтіндерді стилі, жанры, тілдік ереркшеліктері тұрғысынан салыстырады

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология»

Оқу мақсаты

6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау

6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды
  • Дайын тіркестерді қолданып диалогте ойын анық жеткізеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
  • Акцияның мақсаты неде?
  • Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?
  • Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратын негізге алыңыз.
  • Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?
  • Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не істеуге болады?

 С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні» акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді, қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды оқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың басты мақсаты болып табылады.

 Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.

 Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты.

 Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын сынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.

  • «Бүгінгі таңда кітапханалар қоғамға аса қажет емес, себебі барлық ақпаратты интернеттен табуға болады» деген пікірге жұпта келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз. Ойыңызды айтуда төмендегі тіркестерді қолданыңыз.

Меніңше, менің ойымша, қалай болғанда да, демек, соған қарамастан, өкінішке орай, менің айтпағым, қорытындылай келе...

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды

Дайын тіркестерді қолданып диалогте ойын анық жеткізеді

1

2

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

5-сұрақ;

Өз ойын жеткізеді;

Дайын тіркестерді қолданады.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау критерийі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды

Дайын тіркестерді қолданып диалогте ойын анық жеткізеді

Мәтін ақпаратын негізге алып, сұрақтарға жауап беруде және берілген пікірге өз көзқарасын жүйелі білдіруде қиналады

Мәтін ақпаратын негізге алып, сұрақтарға жауап беруде және берілген пікірге өз көзқарасын жүйелі білдіруде қателеседі

Мәтін ақпаратын негізге алып, сұрақтарға жауап беруде және берілген пікірге өз көзқарасын жүйелі білдіреді

Бөлім «Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация»

Оқу мақсаты

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру

6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады
  • Мәтін ақпаратын графиктік мәтін (кесте, сызба) түрінде құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселе мен ондағы негізгі, қосымша қапараттарға байланысты нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.

IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады

 Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.

 Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын. 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.

Сұрақтар

Жалпы мазмұнға байланысты

Нақты ақпараттарға байланысты

Қосымша ақпараттарға байланысты

1)

1)

1)

2)

2)

2)

  • Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін ақпараттарды іріктей отырып, кесте, сызба түрінде құрастырыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталаған нақтылау сұрақтарын құрастырады

1

Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ құрастырады;

Негізгі ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырады;

Қосымша ақпараттарға қатысты 2 сұрақ құрастырады;

2

2

2

Мәтін ақпаратын графиктік мәтін (кесте, сызба) түрінде құрастырады

2

Өз ойын жеткізеді;

Дайын тіркестерді қолданады.

1

1

Барлығы

7

«Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Негізгі, қосымша ақпаратты,

көтерілген мәселені анықтайды,

сұрақтар құрастырады

Мәтіннің жалпы мазмұны, негізгі және қосымша ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастыруда қиналады

Мәтіннің жалпы мазмұны, негізгі және қосымша ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастыруда қателеседі

Мәтіннің жалпы мазмұны, негізгі және қосымша ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастыруда

Мәтін ақпаратын графиктік мәтін (кесте, сызба) түрінде құрастырады

Мәтін ақпаратын графиктік мәтін түрінде құрылымдауда қиналады

Мәтін ақпаратын графиктік мәтін түрінде құрылымдауда қателеседі

Мәтін ақпаратын графиктік мәтін түрінде құрылымдайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу