Қазақ тілі Т1 ҚГБ 10 сынып


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан қ., 2019

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінде көтерілген мәселеге сүйеніп негізгі ойын анықтайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

 XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан.

  • Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз.
  • Мәселенің маңыздылығын ғаламдық мәселемен байланыстырып талдау жасаңыз.
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінде көтерілген мәселеге сүйеніп негізгі ойын анықтайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады

1-3

мәтіннен 3 маңызды мәселені анықтайды;

мәселелерді ғаламдық мәселемен байланыстырады;

негізгі ойды анықтайды;

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндекөтерілген

мәселегесүйеніп негізгіойын

анықтайды,ғаламдық мәселелермен

байланыстырады

Негізгі мәселені анықтауда, мәселені ғаламдық мәселемен байланыстырып талдауда және мәтіннің негізгі ойын анықтауда қиналады

Мәтінде көтерілгені мәселені анықтайды, мәселені ғаламдық мәселемен байланыстырып талдауда ой алшақтығы байқалады, негізгі ойды анықтайды

Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, ғаламдық мәселемен байланыстырып талдайды, негізгі ойды анықтайды

БАҚ,

энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік

еңбектерден деректерді

тауып,сілтеме жасайды

Қосымша ресурс көздерінен деректерді алуда, оған сілтеме жасауда , ойын жинақы жеткізуде қиналады

Қосымша ресурс көздерінен деректер алады, бірақ сілтеме жасамайды, ойын шашыраңқы жеткізеді

Қосымша ресурс көздерінен деректерді алады, деректерге сілтеме жасайды, ойын жүйелі жеткізеді

«Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.6.1 Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

10.3.4.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)

10.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Оқылым стратегияларын қолданады
  • Клишелер мен лексикалық құрылымды қолданып, эссе жазады (дискуссивті эссе)
  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, тақырып ұсыныңыз және ақпараттар негізінде қорытынды ойды шығарыңыз.

 Бұл таңдамалы суреттер данышпан авторлардың ең керемет өнер туындылары ретінде әлдеқашан тарихқа енген. Әлемге әйгілі бұл суреттер несімен ерекше, несімен құнды және неге оны әр адам білуі тиіс. Жауабын іздеп көрейік...

Леонардо да Винчи, «Мона Лиза». 1503 - 1505

 Танымалдылығы жағынан да Винчидің осы қылқалам туындысына әлемде ешбір картина жете алмас. Бұл суретті өмірде көргеннен, интернеттен көру оңайырақ. Өйткені Лувр мұражайына туристерден түзілген кезектен тарихи игілікке тек ең шыдамдылары ғана жетеді. Картинада флоренциялық жібек сатушысының әйелі Лиза Герардини бейнеленген деп есептеледі, алайда кейіпкердің кім екені нақты анықталмаған. Ол суретшінің анасы болуы мүмкін, қыздың келбетіндегі жігіт немесе суретшінің өзі деген де қауесеттер бар.

Тақырып Қорытынды ой

2. «Әлем таныған суреттерді өмірден көргеннен гөрі ғаламтордан көрген тиімді ме?» тақырыбында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана отырып, дискуссивті эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

  • абзац

Кіріспе сөз тіркестері /фразалар/

-Бұл халық арасында саналады...

-Адамдар жиі бекітеді, ..

-Көп адамдар ойлайды, ..

-Кейбір адамдар қарсы...

  • абзац

Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар

    • Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім
    • Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім

Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар

    • Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге
    • Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар...
    • Ең жақсы. Ол..туралы..табылады...

Көзқарасты санамалап шығу фразалары

    • Біріншіден, ең әуелі
    • Бірінші кезекте
    • Содан бастайық
    • Екіншіден,үшіншіден, ақырында
    • Соңғы кезекте емес

Жаңа аргументтер қосатын фразалар

    • Бұдан басқа
    • Сондай ақ
    • Бұдан басқа,..сондай ақ
    • Тек қана емес
    • Бұдан өзгеше
    • Ол туралы сөйлемей ақ, ...
  • абзац
    • Кейбір адамдар ойлайды, ...
    • Алайда олар түсінбейді, ...
    • Олар есепке алмайды,..
    • Олар ұмытады,...
    • Кейбір адамдар сендіреді,...
    • Мен онымен келісе алмаймын, өйткені...
    • Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені...
  • абзац

Қорытынды фразалар

    • Толықтай алғанда
    • Қорытындысында
    • Қорытындылай келе
    • Барлық жағдайларды ескере отыра
    • Соңында
    • БАРЛЫҒЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРА

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Оқылым стратегияларын қолданады

1

мәтінге тақырып ұсынады;

қорытынды ойды жазады;

1

1

Клишелер мен

қажетті клишелерді қолданады;

1

лексикалық құрылымды

қажетті лексикалық құрылымдарды

1

қолданып, эссе жазады

қолданады;

(дискуссивті эссе)

көтерілген мәселені талдайды;

1

ойына дәлелдер келтіреді;

1

мәселенің тиімді/тиімсіз жақтарын

1

2

көрсетеді;

мәселенің тиімді/тиімсіз екенін дәлелдеп

1

шығады;

қорытынды пікір білдіреді;

1

Тілдік бірліктерді

эссе құрылымын сақтайды;

мәтінге сай тілдік бірліктерді қолданады;

1

1

орфографиялық нормаға

тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға

1

сай жазады

сай жазады.

Барлығы

12

«Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Оқылым стратегияларын қолданады

Мәтінге тақырып ұсынып, қорытынды ойды көрсетуде қиналады.

Мәтінге тақырып ұсынып, қорытынды ойды көрсетуде қателіктер жібереді.

Мәтінгетақырыпұсынады, қорытынды ойды көрсетеді.

Клишелермен лексикалық

құрылымды қолданып, эссежазады

(дискуссивті эссе)

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдардықолдануда, көтерілген мәселені талдауда, ойын дәлелдеп жазуда қиналады, эссе құрылымын сақтамайды.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдардықолданады, көтерілген мәселені талдауда, ойын дәлелдеп жазуда нақтылық байқалмайды, эссе құрылымын сақтайды.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдардықолданады, көтерілген мәселені жоғары деңгейде талдайды, ойына нақты дәлелдеркелтіреді,эссе құрылымын сақтайды.

Тілдікбірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Тақырыпқа сай тілдік бірліктерді қолдануда қиналады, оларды орфографиялық нормаға сай жазуда қателіктер жібереді.

Тақырыпқа сай тілдік бірліктерді қолданады, оларды орфографиялық нормаға сай жазуда кейде қателіктер жібереді.

Тақырыпқа сай тілдік бірліктерді қолданады,оларды орфографиялық нормаға сай жазады.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Арнайы мәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады (интервью)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Сұхбатты тыңдап, аудиториясын анықтаңыз. Мәтіннің қолдану аясы қандай? Неге?

Домбыра шебері Алмас Серікұлымен сұхбат

 Бүгін Қазақ елі үшін ұлы күн десек, асырып айтпағанымыз болар. Себебі елімізде жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні бар сән-салтанатымен тойлануда.

 Маңызы зор мереке қарсаңында еліміздің танымал домбыра шеберлерінің бірі Алмас Серікұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Домбыра жасау өнерін кімнен үйрендіңіз, әлде отбасыңыздың баяғыдан келе жатқан ісі ме?

– Мен ес білгелі, екі-үш жасымнан бастап сурет саламын. Қолөнерге деген қызығушылығым осы сурет салудан бастау алды. Кейін Абай атындағы педагогикалық университетінің Көркем сурет факультетінің Сәндік қолданбалы өнер мамандығы бойынша білім алдым. Негізі бұл кәсіп нағашыларымнан дарыған. Кезінде менің нағашы апамды зергерлер жанұясынан шыққандықтан, «біздің ұрпаққа да бұл өнер дарысын» деген оймен атама алып берген екен. Мен тек ағашпен ғана жұмыс істемеймін, сонымен қатар зергерлік бұйымдарды да жасаймын.

Қолданатын материалдар жайлы: қайсысын табу қиын/оңай? Қайсысы мықтырақ дегендей. Қай материалмен өзіңізге жұмыс жасаған ұнайды?

– Біз пайдаланатын материалдардың ішінде домбыраның бетін жабатын шыршаны табу қиын. Себебі шырша ұзақ уақыт кептірілуі керек, оның жылдық сақинасы жиі болуы қажет деген талаптары бар. Елімізде бұл ағашты кесуге рұқсат жоқ, сондықтан біз оны шет елдерден алғыздырамыз. Қазіргі кезде курьерлік қызмет жақсы дамығандықтан, материалды табу, жеткізу қиындық туғызбайды. Тек бағалары қымбат.

Өзіңізді «ағаш шеберімін» деп айта аласыз ба?

– Ауызекі тілде «шебермін» деп айта береді ғой. Бірақ меннен де асқан хас шебер ағаларым көп, менің артымнан ілесіп келе жатқан жастар да бар. Бірақ бүгіндері адамға тек шебер болу жеткіліксіз. Бізге іскер болу керек. Себебі шеберханаң болып тұрып, наныңды таба алмай қалуың да мүмкін. Өйткені істі жарнамалап, өніміңді көрсетіп, адамдармен тіл табыса білу маңызды.

Домбыра таңдағанда қандай белгілерге назар аудару керек? Оқырмандарымызға нендей кеңес бересіз?

– Домбыра таңдаған адам, біріншіден, домбыра тарта білу керек немесе тарта алатын,

үнін тыңдай алатын адамды қасына ертіп алғаны дұрыс. Басты талаптардың бірі – домбыра қолға жайлы болуы тиіс. Домбыра таңдау кезінде мықты маманның немесе домбыра ұстағанына көп болған білікті адамның қасында болғаны дұрыс қой. Мысалы, біз домбыра сатар алдында тұтынушыдан «Сіз домбыраны кімге іздеп жүрсіз? Қандай аспап керек? Қай өңірденсіз?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Себебі әр өңірдің тиктоникалық ерекшелігі бар, соған қарап та домбыра таңдалады. Бір жердің табиғаты ыстық, ал екіншісінде, керісінше, салқын. Ал бұл домбыраның материалына әсер етпей қоймайды. Кімге арналғанын, қай жерде тұратынын, ән айтатынын немесе жыр,терме, күй тартатындығын біліп барып, есептеп, содан кейін ғана барып қажетті өнімді ұсынамыз.

– Қызықты сұхбатыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Тыңдармандарымыз өздеріне пайдалы ақпарат алатынына сенімдіміз.

2. Мәтіннен қол өнеріне байланысты термин сөздер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарын анықтаңыз және олардың қолданысына ауызша түсінік беріңіз

Тілдік

қолданыстар

Мысал

Түсінік

Термин

Ұғымдар

Тілдік

оралымдар

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Арнайы мәтіндердегі

1-2

мәтін аудиториясын анықтайды;

1

терминдер мен

мәтіннің қолдану аясына түсінік береді;

1

ұғымдарды, тілдік

термин сөзді анықтайды;

1

оралымдарды ажыратады

қолданысына түсінік береді;

1

(интервью)

тақырыпқа қатысты ұғымдарды табады;

1

ұғымдарға түсінік береді;

1

тақырыпқа сай тілдік оралымдарды

1

анықтайды;

тілдік оралымдарға түсінік береді;

1

Барлығы

8

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Арнайымәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды, тілдікоралымдарды ажыратады (интервью)

Мәтін аудиториясын анықтауда, қолдану аясына түсінік беруде, термин, ұғымдар мен тілдік оралымдарға талдау жасауда қиналады

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.1.1 Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

10.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу

10.4.3.1 Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді талдап, негізгі үрдістерді анықтайды
  • Графиктікмәндердегідеректердісалыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;
  • Тақырыпаясындасөздердііріктеп,түрлендіріп қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғарғы деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Графиктік мәтінді мұқият оқыңыз

  • SWOT талдау. Қазақстан үшін Еуразиялық одақтың қандай артықшылығы мен кемшілігі бар? Қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Қандай қауіп-қатерлер кездесуі мүмкін?
  • Сізге «Жастардың болашағы жарқын» тақырыбында өтетін халықаралық оқушылар форумына қатысу тапсырылды. Онда сіз өз еліңіздің болашағын таныстыруыңыз қажет. Ол

үшін жоғарыда берілген графиктік мәтіндердегі ақпараттарды және төмендегі тірек сөздерді қолдана отырып, Қазақстанның Еуразиялық одаққа енуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, «Елдің болашағы жарқын болса, жастардың да болашағы жарқын» тақырыбында баяндама мәтінін жазыңыз.

Тірек сөздер: Экономика, коэффициент, инновация, жоба, жаһандану, индустрия, карта, капитал, бизнес, компания, қор, өндіріс, әмбебап, нарық

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Графиктік мәтіндердегі

1

артықшылықтарын анықтайды;

1

мәліметтерді талдап,

кемшіліктерін атайды;

1

негізгі үрдістерді

кездесетін қауіп-қатерлерді саралайды;

1

анықтайды

мүмкіндіктерді қарастырады;

1

Графиктікмәндердегі

баяндама жанрында жазады;

1

деректердісалыстырып,

тақырыпты ашады;

1

маңыздытұстарымен

графиктік мәтін ақпараттарын

1

үрдістерді талдап жазады;

Тақырып аясында

2

қолданады;

тірек сөздерді қолданады.

1

сөздерді іріктеп,

түрлендіріп қолданады

8

«Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма»

 бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді талдап, негізгіүрдістерді анықтайды

Келтірілгендеректернегізінде артықшылықтармен кемшіліктерді, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктердікөрсетуде қиналады.

Келтірілген деректер негізінде артықшылықтар мен кемшіліктерді, қауіп-қатерлер мен

мүмкіндіктерді көрсетуде қателіктер жібереді.

Келтірілгендеректернегізінде артықшылықтармен кемшіліктерді, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді көрсетеді.

Графиктікмәндердегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады.

Тақырыпаясында

сөздердііріктеп, түрлендіріп қолданады

Баяндама жанрында жазуда, тақырыптыашудажәне ұсынылған тірек сөздерді барынша түрлендіріп қолдануда қиналады.

Баяндама жанрында жазуда, тақырыпты ашуда және ұсынылған тірек сөздерді барынша түрлендіріп қолдануда қателіктер жібереді.

Баяндама жанрында жазады, тақырыпты ашады және ұсынылған тірек сөздерді барынша түрлендіріп қолданады.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.3.3Тыңдалғанмәтіндегіақпараттығаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ақпаратты ғаламдық мәселемен байланыстырады, астарлы ойды анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз

 Елбасымыз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарымызды анықтаған тарихи Жолдауында: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру» деді.

 Елбасы идеясымен Астанада өмірге келген жаңа «Оқушылар сарайының» бір бөлігі біздің Инновациялық парк жәрдемімен Ғылыми-танымдық орталыққа айналып, баламалы энергетика, техникалық физика, ақпараттық технология, биотехнология, т.б. зертханалардың негізі қаланды. Бұл балаларды жасынан ғылымға тартуға ықпал етеді. Ғалымдарымыз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Бұл жобалардың ішінде таза ауыз су мен бұзылған топырақты залалсыздандыру сияқты елге аса пайдалы қолданбалы зерттеулер бар.

 «Инновациялық зерттеу университеті» деген ұғымды инновациялық даму анықтайды. Ал инновациялық даму дегеніміз – әлемдік деңгейде өнім шығару және жаңа нарық пен бәсекеге қарай тоқтаусыз ұмтылу деген сөз. Ал бұл ұмтылыс бар жұмысты ғылыми- техникалық және технологиялық қамтамасыз ету арқылы ғана жүзеге аспақ. Елбасымыз 2050 жылға дейінгі Стратегияда: «Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет болады» деп елеулі мақсаттарды белгіледі. Білім және ғылым саласындағы инновациялық қызмет мемлекеттік және өңірлік ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарымен орайласуы қажет. Іргелі және қолданбалы зерттеулердің күшімен жоғары технологияларды дамытуға қол жеткізе отырып, соның нәтижесі негізінде өнімдерді сыртқы және ішкі нарыққа шығару, инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу – бүгінгі инновацияның алғышарты. Қазіргі заманғы ЖОО инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы білім берудің, ғылыми жұмыстардың сапалы деңгейіне қол жеткізіп, оларды оқу үдерісіне тиімді енгізе алуы тиіс. Сонымен қатар, бүгінгі университет жаңашыл бағдарламалары арқылы мемлекет пен қоғамның қажетін толық қанағаттандырып, олардан қаржылық қолдау тауып, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми салалардың дамуына айтарлықтай үлес қоса алуы керек.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

  • Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтаңыз, оны ғаламдық мәселемен байланыстырыңыз.

Ақпарат

Ғаламдық мәселемен байланысы

1

1

2

2

3

3

  • «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру» деген Елбасының сөзіндегі қарамен берілген сөздің астарлы ойын анықтаңыз

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Ақпаратты ғаламдық

мәселемен

байланыстырады, астарлы ойды анықтайды

1-2

маңызды 3 ақпараттарды іріктейді;

әрқайсысын ғаламдық мәселелермен

байланыстырады;

астарлы ойды анықтайды;

3

3

1

Барлығы

7

«Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Ақпараттығаламдық мәселемен

байланыстырады, астарлыойды анықтайды

Мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыруда, астарлы ойды анықтауда қиналады,ойы шашыраңқы

«Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.1.1 Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау

10.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Графиктік мәтіндегі мәліметтерді талдап, негізгі үдерістерді анықтайды
  • Графиктікмәтіндегідеректердісалыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғарғы деңгей

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз

  • Мәтіндерде қандай мәселелер көтерілген? Негізгі үрдістерді анықтаңыз.
  • «Пирамидалықталқылау»стратегиясынпайдаланаотырып,кестедеберілген мәліметтерді талдап жазыңыз.

Бағалау критерийі

 тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Графиктік мәтіндегі

мәліметтерді талдап, негізгі үдерістерді анықтайды

1

мәтінде көтерілген мәселелерді атайды;

негізгі үдерістерді анықтайды;

мәтіндегі мәліметтерді қысқаша жазады;

шешу жолдарын ұсынады;

1

1

1

1

Графиктік мәтіндегі

деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады

3

әр бастаманың ерекшелігін жазады;

бірінші және екінші бастамаларды өзара

салыстырады;

ұқсастықтары мен айырмашылығын табады;

пирамиданың ортасына қорытынды ойын

жазады.

1

1

1

1

Барлығы

8

 «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді талдайды, негізгіүрдістерді анықтайды

Графиктікмәтіндердегі мәліметтердіқысқаша интерпретациялауда,негізгі үрдістерді анықтауда қиналады.

Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді қысқаша интерпретациялауда, негізгі үрдістерді анықтауда қателеседі.

Графиктікмәтіндердегі мәліметтердіқысқаша интерпретациялайды,негізгі үрдістерді анықтайды.

Мәтінқұрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктікмәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады.

Әр бастамының ерекшелігін көрсетуде, бірінші және екінші бастаманы өзара салыстырып, ұқсастықтарымен айырмашылығынтабуда, қорытынды ойын жазуда қиналады.

Әр бастамының ерекшелігін көрсетуде, бірінші және екінші бастаманы өзара салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылығын табуда, қорытынды ойын жазуда қателеседі.

Әр бастамының ерекшелігін көрсетеді, бірінші және екінші бастаманы өзара салыстырып, ұқсастықтарымен айырмашылығынтабады, қорытынды ойын жазады.

  • ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.1.1.1 Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, өз сөзімен тақырыпты жалғастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

  • Мәтіннің бірінші бөлігін тыңдаңыз. Өз болжамыңызды білдіріңіз.

Жаһандық мәселелер

 Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама - қайшылықтардың себебінен туындайды. Жаһандық мәселелерді бірнеше топтарға жіктеуге болады.

 Сұрақ: Сіздің ойыңызша, бұл мәселелерді қандай топтарға жіктеп, топтастыруға болады?

  • Жалғасын тыңдаңыз.

Олар: оңтүстік және солтүстік мәселесі, азық-түлік мәселесі және кедейлік мәселесі.

 Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі.

 Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы.

 Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы.

  • Аталған мәселелер туралы өз біліміңізге сүйеніп, ақпарат қосыңыз.
  • Түпнұсқаны тыңдап, өз айтқаныңызбен салыстырып, пікір білдіріңіз.

 Оңтүстік-Солтүстік мәселесі бұл - дамыған елдер мен дамушы елдердің экономикалық қатынастарының мәселесі. Оның мәні дамыған және дамушы елдер арасындағы әлекметтік-экономикалық деңгейлердегі айырмашылықты азайту үшін дамушы елдер дамыған елдерден олардың нарығында дамушы елдердің тауарларына сұранысты ұлғайтуды, елге капитал мен білімінің ағымын ұлғайтуды (әсіресе көмек

ретінде), сыртқы қарыздарын есептерін шығаруды және т.б. талап етуінде.

 Азық-түлік мәселесі дегеніміз - қазіргі кездің өзінде адамдардың өзін - өзі өмірлік маңызы бар азық-түлікпен толық қымтамасыз ете алмауы. Бұл мәселе неғұрлым төмен дамыған елдерде азық-түліктің абсолютті жетіспеушілігі (ашығу) деп танылса, дамыған елдерде тамақтану теңгерімсіздігі болып табылады. Бұл мәселенің шешімі табиғи ресурстарды тиімді қолдану, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресске және мемлекет тарапынан қолдау деңгейінен тікелей тәуелді.

 Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады.

 Қорыта айтқанда, адамзат дамуының жаһандық мәселелері оның кез келген даму кезеңдерінде өзекті болды. Десек те, аталған мәселелер ХХІ ғасырда ерекше маңыздылыққа ие болып, бүкіл халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырғаны жасырын емес.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтінүзінділері бойынша болжам жасап, өз сөзімен тақырыпты жалғастырады

1-4

сұраққа болжам жауабын білдіреді;

оңтүстік және солтүстік мәселесі туралы

тақырыпты өз сөзімен жалғастырады;

азық-түлік мәселесі туралы тақырыпты өз

сөзімен жалғастырады;

кедейлік мәселесі туралы тақырыпты өз

сөзімен жалғастырады;

үш мәселе бойынша айтқандарын

түпнұсқамен салстырады;

ұқсас және алшақ ойлар туралы кері

байланыс береді;

қорытынды жасайды.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

7

«Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінүзінділері бойыншаболжам жасап, өз сөзімен тақырыпты

жалғастырады

Сұраққа болжам жауабын білдіріп, мәселелер төңірегінде өз сөзімен тақырыптыжалғастыруда, түпнұсқамен салыстыра отырып, айырмашылықтармен ұқсастықтарды табуда қиналады.

«Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

10.2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;

10.3.6.1 Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
  • Көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдейді
  • Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз.

Шешендік өнер туралы

 Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

 Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

 Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

 Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: “…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады. Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.

1. Мәтіннің негізгі ойын және көтерілген мәселені анықтаңыз. Негізгі ой мен көтерілген

мәселеге қатысты пікірлерді дәйексөз ретінде келтіріңіз. Ақпараттарға сүйеніп, өз ойыңызды қысқаша жазыңыз.

Мәтіннің негізгі ойы

Көтерілген мәселе

 Мәтіннен негізгі ой

мен мәселеге қатысты пікірлер

Менің ойым

2. «— Сендер не білесіңдер? Сәлем – сөздің анасы ғой. Жолыққан кісіден он ауыз сөз естісең, соның біреуі менің кәдеме жарап жатыр, — деп жауап қатқан екен» деп аяқталатын қысқа әңіме жазыңыз. Әңгіме жазу барысында теңеу, эпитет, метафораны қолданыңыз. Сөйлем және мәтін деңгейіндегі тыныс белгілерін дұрыс қойып жазыңыз

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер менпікірлерді өңдейді

1

мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

көтерілген мәселені анықтайды;

нНегізгі ой мен мәселеге қатысты пікірлерді

мәтіннен тауып жазады;

ақпараттарға сүйеніп, өз ойын білдіреді;

1

1

1

1

Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық

жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсынады

2

тақырыпты ашады;

шығармашылық танытады;

әңгіменің құрылымын сақтайды;

көркемдегіш құралдарды қолданады;

тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.

1

1

1

1

1

Барлығы

9

«Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация» бөлімі бойынша

 жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдейді

Мәтіннің негізгі ойы мен көтерілген мәселесін анықтап, пікірлерді көрсетуде, ақпараттарға сүйеніп өз ойын жазуда қиналады.

Мәтіннің негізгі ойы мен көтерілген мәселесін анықтап, пікірлерді көрсетуде, ақпараттарға сүйеніп өз ойын жазуда қателеседі.

Мәтіннің негізгі ойы мен көтерілген мәселесін анықтайды, пікірлерді көрсетіп, ақпараттарға сүйеніп өз ойын жазады.

Тақырыпбойынша көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық

жұмыстар (өлең, хат, әңгіме,шығарма) ұсынады

Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып әңгіме жазуда қиналады

Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып әңгіме жазуда қателеседі

Тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып әңгіме жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу