Қазақ тілі Т1 8 сынып


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

8-сынып

2019-2020 оқу жылы

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

 \

МАЗМҰНЫ

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР4

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»4

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР10

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»10

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис»13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР16

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»16

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис»…..........................................................................................................................................................19

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР23

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»23

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»26

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография»

Оқу мақсаты

8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
  • Мәтіннің астарлы ойын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  • Көне руна жазуын мелекеттік деңгейде атап өту туралы мәселіні кім қайда қашан көтерді?
  • Бұл бастаманы қолдаушылар көне руна жазуының күндерін арнайы атап өту не үшін маңызды деп санайды?
  • Көне жазулардың ішінде ұзақ жылдар бойы аталып, ереркше тойланып келе жатқандары бар ма?
  • Көне руна жазуының мәртебесін көтеру мақсатында ел ағалары қандай шаралар атқаруда?

 Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек? Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы.

 Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.

2. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.

Клише:

Менің ойымша негізгі ойы... . Оған ... дәлел бола алады.

Бағалау критерийі

№ тап

сырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Ақпараттың астарлы ойын анықтайды

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.

1

1

1

1

2

Мәтіннің негізгі ойына қатысты 2 сөйлеммен ой тұжырымдайды;

Клишені негізге алады.

2

1

Барлығы

7

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Ақпараттың астарлы ойын анықтайды

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдауда қиналады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдауда қателеседі.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдайды.

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика»

Оқу мақсаты

8.2.3.1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын ақпараттық мақала құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, ақпараттық мақалаға тән кем дегенде үш жанрлық ерекшелікті көрсетіңіз.

 Отбасы құндылығы басты назарда

 Бүгін осындай тақырыпта аудан орталығындағы Шетпе гимназиясында өнегелі жиын өтті. Шараны Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. 

 Шараға гимназияның жоғары сынып оқушылары мен олардың ата аналары, мектеп мұғалімдері, жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев пен еңбек ардагері Шаймұрза Байпақов қатынасты. Жиынның алғы сөзін гимназия басшысы Г.Нұрмағанбетова алып, кәзіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған отбасындағы тәрбие мен құндылықтар, жастар тәртібі жайында өткізілген жиынның дер кезінде өтіп отырғандығын ескертті.  Бұдан соң жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев сөз алып: «Отбасындағы құндылықтарды сақтаумен қастерлеу бүгінгі жастардың парызы.  Қазіргі жастардың ойын ғаламтор тұмшалап алған. Сол себептен олардың ескінің көзі салт-дәстүрімізден айнып, заманауи үрдіске бойлары үйреніп барады. Оларды имандылық пен адамгершілікке бой түзеу  қоғамның ортақы парызы дегім келеді» деді.

 Жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан жиында белсене қатынасқандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. 

 «Бүгінгі басқосу өте жақсы өтті деп ойлаймын. Отбасы ол кез келген қоғамның алтын діңгегі емес пе? Сол себептен бүгінгі жиында мен көптеген кеңестер алдым деп ойлаймын. Осындай танымдық кеңес беру жиындары жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр еді. Шаймырза ағайдың өмірлік қағидалары жайында ақыл кеңестері өміріме қажет деп есептеймін» дейді ата–ана Раушан Отаралиева.

 

Ерекшеліктер:

  • __________________________________________________
  • __________________________________________________
  • __________________________________________________

 

2. «Денсаулық – ең басты құндылық» тақырыбында мектебіңізде немесе тұрғылықты аймақта болған қандай да бір шараны негізге ала отырып (немесе ойдан құрастырып), жергілікті газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз. Мақала жазуда жоғарыдағы үлгіні негізгі алыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

1

Мақаланың 3 жанрлық ерекшелігін көрсетеді:

1-ерекшелік;

2-ерекшелік;

3-ерекшелік;

1

1

1

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын ақпараттық мақала құрастырады

2

Тақырып бойынша ақпараттық фактілер көрсетеді;

Ақапараттық мақалаға тән тілдік құралдарды қолданады;

Публицистикалық стильде жазады;

Құрылымын сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат

Білім алушының аты-жөні ___________________________________

Бағалау критерийі

Төмен

Оқу жетістігі деңгейі

Орта

Жоғары

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін дәл көрсетуде қиналады

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін дәл көрсетуде қателеседі

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін дәл көрсетеді

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын ақпараттық мақала құрастырады

Жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс құрылымданған шағын ақпараттық мақала жазуда қиналады

Жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс құрылымданған шағын ақпараттық мақала жазуда қателеседі

Жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс құрылымданған шағын ақпараттық мақала жазуда

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»

Оқу мақсаты

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді
  • Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  • Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?
  • Бұл проблема қалай шешімін таппақ?
  • Салтанат неліктен бос жүр?
  • Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?

 Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.

 Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.

 Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.

 Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

 – Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.

 Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.

 «Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.

 Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды.

 – Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан,оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.

 Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.

  • Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша еңбек етпеуінің себебі неде? Төрт сөйлеммен өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
  • Менің ойымша...
  • Себебі...
  • Оған дәлелім...
  • Қорытындылай келе...

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

1

1

1

1

Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

2

Сұраққа қатысты өз пікірін білдіреді;

Пікірінің себебін түсіндіреді;

Дәлел келтіреді;

Ой қорытады.

1

1

1

1

Барлығы

«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушы_________________________________________________

Бағалау критерийі

Төмен

Оқу жетістігі деңгейі

Орта

Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытуда қиналады

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытуда қателеседі

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис»

Оқу мақсаты

8.2.3.1 мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Мәтін желісі бойынша аннотация жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Көркем-пулицистикалық мақаланы оқып, жанрға тән кем дегенде үш ерекшелікті көрсетіңіз.

Ерекшеліктер:

  • ________________________________________
  • ________________________________________
  • ________________________________________

Ғарышты игерген ел

 Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді…

 Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды?

 Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.).

 Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.

 Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды.

 Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды.

 

 Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды!

 Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов. Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда. Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.

2. Мақаланы оқуға қалың көпшіліктің қызығушылығын тударатындай 50-60 сөзден тұратын аннотация жазыңыз. Аннотацияны жазуда төмендегі клишелерді қолданыңыз.

Клише: мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты...

Бағалау критерийі

тапсыр

ма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

1

Мақаланың үш жанрлық ерекшелігін анықтайды:

1-ерекшелік;

2-ерекшелік;

3-ерекшелік;

1

1

1

Мәтін желісі бойынша аннотация жазады

2

Мақала желісін негізге алады;

Мақаланың ерекшелігін көрсетеді;

Мақаланың жаңашылдығын көрсетеді;

Клишелерді қолданады;

Сөз санын сақтайды.

1

1

1

1

1

Барлығы

8

«Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Мақаланың үш жанрлық ерекшелігін анықтауда қиналады

Мақаланың үш жанрлық ерекшелігін анықтауда қателеседі

Мақаланың үш жанрлық ерекшелігін анықтайды

Мәтін желісі бойынша аннотация жазады

Мақала желісі бойынша клишелерді қолданып, сөз санына сәйкес жанрлық ереркшеліктер ескерілген аннотация жазуда қиналады

Мақала желісі бойынша клишелерді қолданып, сөз санына сәйкес жанрлық ереркшеліктер ескерілген аннотация жазуда қателеседі

Мақала желісі бойынша клишелерді қолданып, сөз санына сәйкес жанрлық ереркшеліктер ескерілген аннотация жазады

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»

Оқу мақсаты

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді
  • Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.

Cұрақтар:

  • «Биоалуандылық» деген ұғымды қалай түсінесіз?
  • Түрлердің әртүрлілігінің табиғат үшін маңызы қандай?
  • Биоалуандылықтың қысқаруы тіршілікке қалай әсер етеді?
  • Адамдар не себепті биалуантүрлілік үшін жауапты?

Биоалуандылық деген не?

 Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда 10 миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.

 Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан түрлердің саны, түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.

 Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады. Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.

 Қор

 Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.

 Тұрақты экожүйелер

 Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі. Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.

 Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет. Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».

 Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл экожүйені бұзуы мүмкін. Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральді тұрғыда жауапты.

 

2. «Бізге әрбір түр қажет. Бізге түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады» (Уилсон Э.О.) деген пікірге қаншалықты келісесіз? Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

  • Менің ойымша...
  • Себебі...
  • Оған дәлелім...
  • Қорытындылай келе...

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

1

1

1

1

Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

2

Сұраққа қатысты өз пікірін білдіреді;

Пікірінің себебін түсіндіреді;

Дәлел келтіреді;

Ой қорытады.

1

1

1

1

Барлығы

«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Төмен

Оқу жетістігі деңгейі

Орта

Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытуда қиналады

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытуда қателеседі

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және көтерілген мәселе бойынша ой қорытады

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис»

Оқу мақсаты

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

8.3.1.1 тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады
  • Тақырып бойынша тезистік жоспар құрады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.

А мәтіні

 Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.

 Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.

 

Ә мәтіні

 Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады.

 Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн.т.) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2млрд. тонна.

 Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеден келтіріген.

 Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. тонна: АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.

 

А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы

Қандай стильде жазылған?

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?

Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?

2. Сізге «Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбында реферат жазуға тапсырылды. Рефератта қандай мәселелер қозғалуы қажеттігі туралы ойланып, кем дегенде төрт пункттен тұратын тезистік жоспар құрыңыз.

«Жарнама» тақырыбына арналған тезистік жоспар үлгісі

  • Жарнаманың анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері (клиенттерді тарту, сатылымды арттыру жолдары т.б.).
  • Жарнама тиімділігінің көрсеткіштері: көрсетілім саны, ақысы, есептеу формуласы, бағасын анықтау.
  • Жарнаманы тиімді етудің шарттары.
  • Оқырмандар үшін жарнама қажет пе (10-15 сұрақ, тест алу т.б.).

 

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады

1

Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

Мәтіндердің стильдерін көрсетеді;

Мәтіндердің құрылымын анықтайды;

Мәтіндердің жазылу сипатын анықтайды;

1

1

1

1

Тақырып бойынша тезистік жоспар құрады

2

Тақырыпты негізге алады;

Әрбір пункт бойынша қарастырылатын мазмұнды көрсетеді:

1-пункт;

2-пункт;

3-пункт;

4-пункт.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

«Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис», «Жасөспірім және заң. Синтаксис» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ____________________________________

Бағалау критерийі

Төмен

Оқу жетістігі деңгейі

Орта

Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады

Мәтіндерді тақырыбы, стильдері, типі, құрылымы бойынша салыстырып, кестені толтыруда қиналады

Мәтіндерді тақырыбы, стильдері, типі, құрылымы бойынша салыстырып, кестені толтыруа қателеседі

Мәтіндерді тақырыбы, стильдері, типі, құрылымы бойынша салыстырып, кестені толтырады

Тақырып бойынша тезистік жоспар құрады

Тақырып бойынша қарастыратын мәселелерді анықтап, тезистік жоспар жасауда қиналады

Тақырып бойынша қарастыратын мәселелерді анықтап, тезистік жоспар жасауда қателеседі

Тақырып бойынша қарастыратын мәселелерді анықтап, тезистік жоспар жасайды

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис»

Оқу мақсаты

8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтінді түсінеді
  • Мәтіннің астарлы ойын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  • Сұхбат берушінің пікірінше, әзіл-сықақ театрларының кемшілігі неде?
  • Өнердің дамуы үшін өнер иелерінің еңбектеріне лайықты еңбекақы төленуі міндетті ме?
  • Өнер адамдары таланттан бөлек қандай қабілеттерге ие болуы керек?
  • Қазақстандағы театрлардың жағдайы қандай күйде?

 Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.

 – Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?

 – Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.

 – Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?

 – Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе. Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.

 – Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?

 – Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.

 – Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?

 – Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…

2. Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз.

Клише:

Менің ойымша негізгі ойы... . Оған ... дәлел бола алады.

Бағалау критерийі

№ тап

сырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Ақпараттың астарлы ойын анықтайды

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.

1

1

1

1

2

Мәтіннің негізгі ойына қатысты 2 сөйлеммен ой тұжырымдайды;

Клишені негізге алады.

2

1

Барлығы

7

«Театр өнері мен мәдениеті. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _____________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Ақпараттың астарлы ойын анықтайды

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдауда қиналады.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдауда қателеседі.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойға қатысты ойын тұжырымдайды.

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация»

Оқу мақсаты

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Перифраз тәсілдерімен мәтін бойынша сұрақтар құрастырады
  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, оның мазмұны бойынша төрт сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды

 2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.

 2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.

Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі

 Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.

Қазақстандағы туристік фирмалар табысы

Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.

Сұрақтар:

  • ____________________________________________________________________?
  • ____________________________________________________________________?
  • ____________________________________________________________________?
  • ____________________________________________________________________?

2. Мәтін ақпаратын негізге ала отырып, «Қазақстанда туризм дамып келеді» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдей отырып, аргументативті эссе жазыңыз..

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Перифраз тәсілдерімен мәтін бойынша сұрақтар құрастырады

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

1

1

1

1

Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады

2

Тақырыпты ашады;

Тақырып бойынша субъективті көзқарасын білдіреді;

Көзқарасына дәлелдер келтіреді;

Эссе құрылымын сақтайды;

Құрылымдар арасындағы логикалық байланысты сақтайды;

Жалпы сауаттылық нормаларын сақтайды.

1

1

1

1

1

1

Барлығы:

«Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Перифраз тәсілдерімен мәтін бойынша сұрақтар құрастырады

Мәтін мазмұны бойынша cұрақтар құрастыруда қиналады

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда қателеседі

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады

Тақырып бойынша құрылымы өзара логикалық байланысқан, дәлелді көзқарастарын сауатты жеткізе отырып, аргументативті эссе жазуда қиналады

Тақырып бойынша құрылымы өзара логикалық байланысқан, дәлелді көзқарастарын сауатты жеткізе отырып, аргументативті эссе жазуда қателеседі

Тақырып бойынша құрылымы өзара логикалық байланысқан, дәлелді көзқарастарын сауатты жеткізе отырып, аргументативті эссе жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу