Қазақ тілі_Т1_5 сынып


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

5-сынып

2019-2020 оқу жылы

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

 Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

  

 Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

  

 

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика»

Оқу мақсаты

5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды
  • Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

ЖЖ.

1. Берілген тірек сөздердің негізінде жұбыңыздың мәтінін болжаңыз.

1-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл, достық, халық, ұлт

2-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл үйрену, шет тілі, дұрыс сөйлеу

2. Мәтіндермен жұпта алмасыңыз. Жұбыңыздың мәтінін тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз.

1-мәтін Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.

Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде

 - Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?

 - Өзіңіз айтып өткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, өзге ұлттың тілін қаншалықты меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ екендігін айтып өткім келеді. Адам алдымен өз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді білсе де артықтығы жоқ.

 Қазіргі таңда өзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір артты.

2-мәтін http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін қажет?» тақырыбындағы мәтін.

Шет тілін білу не үшін қажет?

 Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.

 Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды

1

Тірек сөздерге сүйенеді;

Тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін болжамын айтады;

1

1

Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді

2

Мәтін мазмұны бойынша жұбына 2 сұрақ қояды;

Сұрақтарға жауап береді;

Жауабына дәлелдер келтіреді;

Жүйелі сөйлейді.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды

Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтуда қиналады

Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтуда қателеседі

Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұны не туралы болатындығына болжамын айтады

Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткізуде қиналады

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткізуде қателіктер жібереді

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақ құрастырып, қойылған сұрақтарға дәлелді жауап беруде, ойын жүйелі жеткіз

«Киім. Сән. Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады;
  • Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай отырып, компрессия жасайды

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз.

Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ

1)_______________________________________________________________________

2)_______________________________________________________________________

Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ

1)_______________________________________________________________________

2)_______________________________________________________________________

3)_______________________________________________________________________

Мәтіндер

1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді.

 Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын».

 Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін  әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?

 – Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.  

2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.

 Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп, дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді таныған.

2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі ойын сақтай отырып, көлемін шамамен 30-40 сөзге дейін ықшамдаңыз.

 

 «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

 Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады

1

Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

1

1

1

1

1

Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай отырып, компрессия жасайды

2

Мәтіннің негізгі ойын сақтайды;

Сөз санына сәйкес ықшамдайды;

Компрессия тәсілдерін қолданады.

1

1

1

Барлығы

8

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады

Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастыруда қиналады

Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастыруда қателеседі

Мәтіннің жалпы мазмұны мен нақты ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады

Оқылым мәтінінің негізінде негізгі ойды сақтай отырып, компрессия жасайды

Компрессияның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтіннің негізгі ойына нұқсан келтірмей көлемін ықшамдауда қиналады

Компрессияның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтіннің негізгі ойына нұқсан келтірмей көлемін ықшамдауда қателеседі

Компрессияның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтіннің негізгі ойына нұқсан келтірмей көлемін ықшамдайды

«Киім.Сән.Талғам. Фонетика», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ________________________________________

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика»

Оқу мақсаты

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді
  • Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап (оқып), сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  • Мәтін не туралы?
  • Қоршаған ортаны қорғаудағы «Қызыл кітаптың» рөлі қандай?
  • Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

 Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халқаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.

 «Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бір қазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсымдыктер кіреді. Бүгінгі күні қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді.

 Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.

 Жойылып кету қаупы бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.

 Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барса келмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, БатысАлтай, Алматы, Марқа көл, Ала көл, Қара тау.

2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтап, себебін төмендегі клишеге сүйеніп түсіндіріңіз.

Клише:

Менің ойымша ... негізгі ақпарат/қосымша ақпарат.

Себебі...

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

1

1

1

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды

2

Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтайды:

1-ақпарат;

2-ақпарат;

Мәтіннен қосымша ақпараттарды анықтайды:

1-ақпарат;

2-ақпарат;

1

1

1

1

Барлығы

7

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді

Мәтіннің жалпы мазмұнына бағытталаған сұрақтарға жауап беруде қиналады

Мәтіннің жалпы мазмұнына бағытталаған сұрақтарға жауап беруде қателеседі

Мәтіннің жалпы мазмұнына бағытталаған сұрақтарға жауап береді

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде қиналады

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде қателеседі

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіреді

«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5.2.3.1 хабарлама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
  • Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Хабарландыруды оқып, оның құрылымы мен рәсімделуі, тілдік ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Хабарландыру!!!

Құрметті қала тұрғындары!

 2019 ж. 6 шілде күні қала күніне орай «Нұр-Сұлтан қаласы менің көзіммен…» тақырыбында әуесқой суретшілердің шығармашылық байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз!

 Байқауға 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

 Байқаудың өтетін орны: Нұр-Cұлтан қаласы, Орталық саябақ

 Басталуы: сағат 10.00-де.

 Қажетті құрал-жабдықтар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады.

 Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі номинацияларда анықталады және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 Байқауға қатысу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласып, алдын ала тіркелу қажеттігін ескертеміз. Байланыс тел.: 8 747 565-66-87, 8 701 550-49-65.

Мәтіннің құрылымынан қандай ерекшеліктерді байқадыңыз?

Мәтін қалай ресімелген?

Мәтінде хабарландыруға тән қандай тілдік қолданыстар кездеседі? Кемінеде 2 мысал келтіріңіз.

2. Жоғарыдағы хабарландыру мәтініне сүйене отырып, қала тұрғындарының ермегі мен бос уақыттарын шығармашалықпен өткізулеріне арналған қандай да бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

1

Құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді;

Ресімделудегі ерекшеліктерді көрсетеді;

Жанрға тән тілдік қолданыстардан мысал келтіреді:

1-мысал;

2-мысал;

1

1

1

1

Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады

Белгілі бір шараны негізге алады;

Жанрлық ерекшеліктерді сақтайды;

Жанрға сай ресімдейді.

1

1

1

Барлығы

7

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Құрылымы мен ресімделуіне сүйеніп хабарландырудың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады

Хабарландырудың құрылымдық, ресімделудегі және жанрға тән сөз қолданыстардағы ереркшеліктерді анықтауда қиналады

Хабарландырудың құрылымдық, ресімделудегі және жанрға тән сөз қолданыстардағы ереркшеліктерді анықтауда қателіктер жібереді

Хабарландырудың құрылымдық, ресімделудегі және жанрға тән сөз қолданыстардағы ереркшеліктерді анықтайды

Ресімделуі мен құрылымы бойынша жанрлық ерекшеліктерін ескеріп, хабарландыру жазады

Құрылымыны мен ресімделуіне сай жанрлық ерекшеліктерін ескеріп белгілі бір шараның хабарландыру мәтінін құрастыруда қиналады

Құрылымыны мен ресімделуіне сай жанрлық ерекшеліктерін ескеріп белгілі бір шараның хабарландыру мәтінін құрастыруда қателеседі

Құрылымыны мен ресімделуіне сай жанрлық ерекшеліктерін ескеріп белгілі бір шараның хабарландыру мәтінін құрастырады

«Менің бос уақытым және хобби. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ________________________________________

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»

Оқу мақсаты

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
  • Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

ЖЖ.

1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз.

Қиял туралы жалпы ұғым

 Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай  алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па? 

2. Мәтінен қандай ой түйдіңіз. Автордың «қиял-ғажайып ертегілердің түп негізі шынайы өмірден алынған» деген ойына Сіздің көзқарасыңыз қандай?

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

1

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

Сұрақтарға жауап береді:

1-жауап;

2-жауап;

1

1

1

1

Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді

2

Сұраққа өз көзқарасын білдіреді;

Көзқарасына дәлелдер келтіреді;

Жүйелі сөйлейді.

1

1

1

Барлығы

7

«Қиял әлемі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беруде қиналады

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап беруде қателеседі.

Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып, қойылған сұрақтарға жауап береді

Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізуде қиналады

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізуде қателеседі

Көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелді білдіріп, ойын жүйелі жеткізеді

Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»

Оқу мақсаты

5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Оқылым стратегияларын қолданады
  • Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

Мәтіні мұқият оқып, мазмұнын 4 сөйлеммен жазыңыз. Нақты 2 ақпаратты анықтаңыз.

 «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.

 Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

 Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

2. Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынып, қарапайым жоспар құрыңыз.

Жоспар:

Кіріспе бөлім_____________________________________

Негізгі бөлім_____________________________________

Қорытынды бөлім_________________________________

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Оқылым стратегияларын қолданады

1

мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазады;

нақты 2 ақпаратты анықтайды;

4

2

Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады

2

мәтіннің кіріспе бөліміне тақырып ұсынады;

негізгі бөліміне тақырып ұсынады;

қорытынды бөліміне тақырып ұсынады.

1

1

1

Барлығы

9

«Көлік және жол белгілері. Морфология», «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ____________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Оқылым стратегияларын қолданады

Мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазып, нақты 2 ақпаратты анықтауда қиналады

Мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазып, нақты 2 ақпаратты анықтауда қателеседі

Мәтін мазмұнын 4 сөйлеммен жазып, нақты 2 ақпаратты анықтайды

Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады

Мәтіннің кіріспе, негізгі,

қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынуда қиналады

Мәтіннің кіріспе, негізгі,

қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынуда қателеседі

Мәтіннің кіріспе, негізгі,

қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынады

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис»

Оқу мақсаты

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның негізгі ойын беретін 3 тірек сөзді жазыңыз.

  • ________________
  • ________________
  • ________________

 Астрономиялық бақылаулар

 Ерте кездің өзінде-ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде-ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

 Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  • Адамдар не себепті ерте замандарда жол табу үшін аспан денелеріне сүйенген?
  • Адамдар не себепті аспан әлемінің құпияларын зерттеуге асық болды?
  • Адамның тағдырын аспан денелерімен байланыстыру қаншалықты орынды?
  • Өзіңіз мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды

1-2

Тірек сөздерді анықтайды:

1-тірек сөз;

2-тірек сөз;

3-тірек сөз;

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ.

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы 7

«Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _____________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтардың көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Мәтіннің негізгі ойын беретін үш тірек сөзді анықтап, сұрақтарға жауап беруде қиналады

Бөлім «Саяхат және демалыс. Синтаксис»

Оқу мақсаты

5.2.4.1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру

5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады
  • Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұны, сөз қолданыстарындағы айырмашылықтары мен ұқсас тұстарын анықтаңыз.

1-мәтін

2-мәтін

Екі мәтіннің ұқсас тұстары

Тақырыптары

Жазпы мазмұны не туралы? Қысқаша көрсетіңіз

Қандай ерекше сөздер кездеседі? Сөз, сөйлемдерде қандай ерекшеліктерді байқадыңыз

1-мәтін

Сұхбат

 - Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.

 - Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа.

2-мәтін

Нұсқаулық

 Саяхат ережесі

 Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде  жаңа ортаның климаты, тамағы  әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз...

 Саяхатқа шықпас бұрын:

 Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

 Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз.

2. Суреттердегі көріністерді негізге алып, «Жазғы демалыс қызықтары» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңгімеңізде міндетті түрде кейіпкерлердің болуын ескеріңіз. Қандай да бір оқиға желісіне құрыңыз. Кейіпкерлер арасындағы диалогке мән беріңіз.

 Мысалы:

 Көптен күткен жазғы демалысқа да шықтық-ау!

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады

1

Екі мәтіннің тақырыптарын көрсетеді;

Екі мәтіннің қысқаша мазмұнын жазады;

Екі мәтіннің сөз қолданыстарынан мысалдар келтіреді;

Екі мәтіннің ортақ ұқсастықтарын көрсетеді;

2

2

2

1

Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады

2

Тақырыпты ашады;

Жанрлық ерекшелікті ескереді;

Суреттер желесін негізге алады;

Жалпы сауаттылықты сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

11

«Саяхат және демалыс. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Ауызекі стильде берілген мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік құралдарын салыстырады

Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ереркшеліктерін анықтауда қиналады

Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ереркшеліктерін анықтауда қателеседі

Мәтіндердің тақырыбы, мазмұны және тілдік қолданыстарын салыстырып, олардың өзара ұқсастықтары мен ереркшеліктерін анықтайды

Сюжетті суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады

Суреттерді негізгі ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазуда қиналады

Суреттерді негізгі ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазуда қателеседі

Суреттерді негізгі ала отырып, тақырып бойынша жанрлық ерекшеліктеріне сай әңгіме жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу