👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі Т2_5-сынып


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

(оқыту қазақ тілінде емес)

5-сынып

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

 

 

  Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

  

  

 

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала»

Оқу мақсаты

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады
  • Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
  • Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.

Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.

Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.

Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.

Ақпараттар

+ дұрыс

  • бұрыс

Мақсаттың әкесі әбден қартайды.

-

Ұлы мен келіні атасына тамақты бөлмесіне апарып берді.

+

Қарт ыдысты сындырып алды.

+

Мақсат темірмен ойнап отырды.

-

Ұлы мен келіні атасына қамқорлық жасайтын болды.

+

2-тапсырма

Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.

3-тапсырма

Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз (әр жұпқа 2 минут беріледі).

1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары).

2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).

3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар).

4. Менің сыныптастарым (достық).

5. Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік).

6. Менің мектебім (мектеп ғимараты, сынып бөлмелері).

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады

1

мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды:

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

1

1

1

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды

2

мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты төрт сөз немесе сөз тіркестерін анықтайды:

1-сөз, сөз тіркесі

2-сөз, сөз тіркесі

3-сөз, сөз тіркесі

4-сөз, сөз тіркесі

1

1

1

1

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

3

тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды;

сұрақтарға лайықты жауап береді;

шағын диалогке қатысады.

1

1

1

Барлығы

10

«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннің негізгі мазмұнын ажыратады

Мәтінге сай ақпараттарды анықтауда қиналады

Мәтінге сай бірінші, екінші, үшінші ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді

Мәтінге сай ақпараттарды анықтайды

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қиналады

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қателіктер жібереді

Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін анықтайды

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда,

сұрақтарға жауап беруде, диалогке қатысуда қиналады

Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда, сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. Шағын диалогке қатысу белсенділігі орташа

Тақырыпқа қатысты сұрақтарды қояды, сұрақтарға сай лайықты жауап береді, шағын диалогке еркін қатысады

Бөлім «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»

Оқу мақсаты

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу

5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтін тақырыбын анықтайды
  • Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады
  • Мәтіндегі жалпы, жалқы есімдерді анықтайды

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.

_____________________

Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:

   – Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді.

   – Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.  

   – Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі. 

   – Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл. 

   – Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі. 

   – Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл. 

   Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді. 

   – Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.   

   – Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.

2-тапсырма

Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.

Кейіпкер

Әрекеті

Түлкі

Орман ішінде жүріп келе жатады.

Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.

Қырғауыл

Жан-жағына қарамастан қашып кетті.

Бұйрықты естіп қуанады.

3-тапсырма

Мәтіннен жалпы есімдерді (5 жалпы есім) теріп жазыңыз.

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

4-тапсырма

Берілген тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз.

Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді, қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтін тақырыбын анықтайды

1

2

мәтінге ат қояды;

кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді;

1

1

Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды

3

мәтіннен 5 жалпы есімді анықтайды;

1 жалпы есім

2 жалпы есім

3 жалпы есім

4 жалпы есім

5 жалпы есім

1

1

1

1

1

Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады

4

тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады;

жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазады.

1

1

Барлығы 9

«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтін тақырыбын анықтайды

Мәтінге сай ат қоюда,

кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қиналады

Мәтінге сай ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қателіктер жібереді

Мәтінге сай ат қояды, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді

Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды

Мәтіннен жалпы есімдерді ажыратуда қиналады

Мәтіннен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жалпы есімдерді ажыратуда қателіктер жібереді

Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды

Жазба жұмысында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады

Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдануда,

жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазуда қиналады

Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолдануда,

жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазуда қателеседі

Тірек сөздерді, сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданады,

жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазады

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ежелгі көшпелілер мәдениеті»

Оқу мақсаты

5.2.1.1 Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу

5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Жаңа сөздерді антоним, омоним, синонимдерімен қатар қолданады, ойын жеткізеді
  • Негізгі мазмұнды, нақты ақпараттарды анықтайды

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз. Ақпараттарды ойыңызды жеткізуде қолданыңыз.

Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.

Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.

Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

бұрыннан _________________________

бағалы _________________________

жеткізген _________________________

салынды _________________________

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Жаңа сөздерді антоним, омоним, синонимдерімен қатар қолданады, ойын жеткізеді

1

2

нақты ақпараттардың синонимін табады;

1- синоним

2- синоним

3- синоним

4- синоним

1

1

1

1

сөздерді синонимімен бірге баяндауда қолданады;

1

1

Негізгі мазмұнды, нақты ақпараттарды анықтайды

ақпараттарды ойды жеткізуде қолданады.

1

1

Барлығы 8

«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Жаңа сөздерді антоним, омоним, синонимдерімен қатар қолданады, ойын жеткізеді

Негізгі мазмұнды, нақты ақпараттарды анықтайды

Берілген сөздердің синонимін мәтіннен табуда, мәтінді баяндауда қиналады

Бөлім «Су – тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар»

Оқу мақсаты

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

5.4.5.1.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды
  • Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады

Білу және түсіну

Орындау уақаты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.

Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты.

Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:

– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді.

Толағай:

– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.

Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.

Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.

Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.

Ақпараттар

+ дұрыс

  • - бұрыс

Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана арманы болған екен.

+

Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты.

-

Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды.

+

Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда жетеді.

-

Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады.

-

2-тапсырма

Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

_______________________________________________

3-тапсырма

Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.

Мәтіндегі тірек сөздер (5 сөз)

4-тапсырма

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Тыныс белгі мен орфографиялық нормаға сай жазуға тырысыңыз.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды

1-2

мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты белгілейді;

1-ақпарат

2-ақпарат

1

1

Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады.

3

4

негізгі тақырыпты анықтайды;

мәтіндегі бес тірек сөзді табады;

1 тірек сөз

2 тірек сөз

3 тірек сөз

4 тірек сөз

5 тірек сөз

тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады;

тыныс белгісін дұрыс қояды;

орфографиялық нормаға сай жазады.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Барлығы 12

«Су-тіршілік көзі», «Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды

Мәтінге сай 2 ақпаратты анықтауда қиналады

Мәтін мазмұнына қатысты бірінші, екінші ақпаратты белгілеуде қателік жібереді

Мәтінге сай 2 ақпаратты анықтайды

Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады.

Мәтіндегі бес тірек сөзді табуда,

берілген сұрақтарға мазмұн бойынша жауап беруде,

негізгі тақырыпты анықтауда қиналады

Мәтіндегі бес тірек (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші) сөзді табуда,

берілген сұрақтарға мазмұн бойынша жауап беруде,

негізгі тақырыпты анықтауда қателіктер жібереді

Мәтіндегі бес тірек сөзді табады, берілген сұрақтарға мазмұн бойынша жауап береді, негізгі тақырыпты анықтайды

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

«Денсаулық – зор байлық», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5.2.4.1 Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
  • Жоспар бойынша баяндайды

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

 

 Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» - деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін əрі таңдандырды, əрі қызықтырды. Тысқа шықты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» - деді Ұлжан шешей. «Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?». «Лагерьде бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді». Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» - деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап берді Мұрат.

Р/с

Сұрақ

Жауап

1

Мұрат лагерьден не үйреніп келді?

2

Жаттығу жасаудың пайдасы бар ма?

 

2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.

 Спорт – денсаулық кепілі

 Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.

 

 Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.

 Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.

Жоспар

1. _________________________

2. _________________________

3. _________________________

 

3-тапсырма

Жоспарға сүйеніп, жұбыңызға мәтін мазмұнын баяндаңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

1

сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді;

1-сұрақ

2-сұрақ

1

1

Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды

2

3

мәтінге жоспар құрады;

жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндайды.

1

1

1

1

1

Барлығы 7

«Денсаулық – зор байлық», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады

Сұрақтарға (бірінші, екінші) мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қате жібереді

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді

Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды

Мәтінге жоспар құруда,

жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндауда қиналады

Мәтінге жоспар құруда,

жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндауда қателіктер жібереді

Мәтінге сай жоспар құрады.

Жоспарға сүйеніп, мәтінді толық баяндайды

Бөлім «Компьютердің тілін табу – өнер»

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

5.4.4.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды
  • Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру, хат, хабарлама жазады

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген.

Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай:

- көздің көру қабілетін төмендетеді;

- омыртқалардың қисаюына әкеледі;

- жүйкеге салмақ түсіреді;

- шаршағыштық, әлсіздік басады.

  • Мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз.

р/с

Маңызды ақпараттар

1

2

  • Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

2-тапсырма

Жаңа ноутбук сатып алуыңызға байланысты үйіңіздегі қолданыста болған компьютеріңізді құрылғыларымен (процессор, пернетақта, тінтуір) сататыныңыз туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

1

мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазады;

1-ақпарат

2-ақпарат

мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен береді;

1

1

1

Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады

2

тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазады;

хабарландыру жазудың талаптарын сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы

7

«Компьютердің тілін табу – өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні_________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды

Мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазуда, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен беруде қиналады

Мәтіндегі бірінші, екінші маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазуда, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен беруде қателіктер жібереді

 

Мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жеткізеді, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен береді

Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады

Тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазуда, хабарландыру жазудың талаптарын сақтауда қиналады

Тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазуда, хабарландыру жазудың талаптарын сақтауда қателіктер жібереді

Хабарландыру мәтінін тапсырмаға сай жазады, хабарландыру жазудың талаптарын толық сақтайды

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы»

Оқу мақсаты

5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
  • Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.

  • 1 мамыр неге серуендеу мен салтанат мейрамы болып саналады?

____________________________________________________________________

  • 1995 жыл - Қазақстан үшін қандай жыл?

_____________________________________________________________________

2-тапсырма

Жұпта «Қазақстанда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады?» деген тақырыпта диалогке түсіңіз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

1

сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді;

1-сөйлем

2-сөйлем

1

1

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

2

тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қояды;

жұбының қойған сұрақтарына жауап береді.

1

1

1

1

1

1

Барлығы

8

«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне

қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен (1-сөйлем, 2-сөйлем) жауап беруде қателіктер жібереді

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап береді

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қоюда,

жұбының қойған сұрақтарына жауап беруде қиналады

Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қоюда, жұбының қойған сұрақтарына жауап беруде қателіктер жібереді

Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қояды,

жұбының қойған сұрақтарына толық жауап береді

Бөлім «Ұлы Дала табиғаты», «Ер есімі – ел есінде!»

Оқу мақсаты

5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

5.4.5.1 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды
  • Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады
  • Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қояды

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

… Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.

— Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді - фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» - деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты… 

1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.

Ақпараттар

+ дұрыс

  • бұрыс

Әлия неміс офицерімен айқаса кетті.

+

Неміс офицері Әлияға оқ жаудыра бастайды.

-

Әлия өлер алдында немістің солдатын атып түсіреді.

+

Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне хат жазған екен.

-

2. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.

р/с

Маңызды ақпараттар

1

2

3

3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

2-тапсырма

Мектебіңіздегі 9 мамыр мерекесінің тойлануы туралы мәтін құрап жазыңыз.

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды

1

мәтін мазмұнына сай 2 ақпаратты белгілейді;

1-ақпарат

2-ақпарат

мәтіндегі үш маңызды ақпаратты жазады;

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

негізгі тақырыпты анықтайды;

1

1

1

1

1

1

Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады

Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қолданады

2

мәтін құрамында жалғауларды дұрыс қолданады;

сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді дұрыс қояды.

1

1

Барлығы 9

«Ұлы Дала табиғаты», «Ер есімі - ел есінде!» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды

Мәтін мазмұнына сай ақпараттарды белгілеуде,

мәтіндегі үш маңызды ақпаратты, негізгі тақырыпты анықтауда қиналады

Мәтін мазмұнына сай бірінші, екінші ақпараттарды белгілеуде,

мәтіндегі бірінші, екінші, үшінші маңызды ақпаратты, негізгі тақырыпты анықтауда қателіктер жібереді

Мәтін мазмұнына сай ақпараттарды белгілейді,

мәтіндегі үш маңызды ақпаратты және

негізгі тақырыпты анықтайды

Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады

Мәтін құрамында жалғауларды қолдануда қиналады.

Мәтін құрамында жалғауларды қолдануда қателеседі

Мәтін құрамында жалғауларды дұрыс қолданады

Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қолданады

Сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді қоюда қиналады

Сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді қоюда қателіктер жібереді

Лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты сөйлем соңындағы тыныс белгілерін дұрыс қояды


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы