Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

 Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

Қаспақбайтегі Әйгерім
11 сынып, Кемелұлы атындағы орта мектебі
Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы

Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!
...Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек те, артық болмас. Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!»-деп тебіренді.
Қасиетті көк байрақ... Алаштың арғы тарихынан аз-кем хабары бар адамның қай-қайсысының көзіне де бірден жылы ұшырайтыны сөзсіз. Сонымен бірге ол жалпы адамзаттық мәдениет қайнарынан сусындаған, тек қана ізгілік идеясына негізделген өнер туындысы ретінде өзгелерге де шекеден қарап тұрған жоқ. Мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі екендігідау тудырмаса керек. Ұлттық бояу халықтың табиғи болмыс-бітімі мен мінез-құлқынан хабар беріп тұрады. Тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерген қыран қанатты көкшулан туымыздың негізгі түсін таңдау қаншалықты күрделі болғандығын аңғару қиын болмас. Зеңгір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділері қатарына жатады. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі көшпелі үшін нағыз өмір символы. Сондықтан да ол жерде өзі жасаған өнер тілінде Күн құрсаулы шеңбермен мәңгілік тіршілікті бейнелейді.
Табиғаттың төл баласына айналған көшпелілер ұрпағы үшін қанатты қыран- дала бүркітінің де орны бөлек. Нышандық мәніне келер болсақ, бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Туымыздағы бүркіт бейнесі тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, талассыз жетуін тілеген игі ниеттен туғаны анық.
Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлтық өрнекті жолақ. Онда «Қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған.
Қазақ ою – өрнектерінің пішіні мен түр – түсі, бүкіл болмысы халықтың өмірге деген көзқарасын, өршіл рухын, поэтикалық танымын айқын аңғартады . Өнерге тән шарттылық астарында өмірдің өзінен алынған нақтылық көрініс беріп жатады.
Нұрға малынған күн оның аясында еркін қанат қаққан дала қыраны және қазақы оюдан жасалған тік жолақ тудың шымқай зерен көк түсіне көлеңке түсіріп тұрмағандығын да айтқан жөн. олардың бәрі бірдей алтынмен айшықталып, көз жауын алардай әдемі зерленген. Өзара әсем үйлеседі.
Халқымыздың талантты ұлдарының бірі Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай!
Мемлекеттік елтаңба Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың ой-қиялы, маңдай терімен дүниеге келген. Елтаңба толық шеңберге сыйып тұр. Әрі мән-мағынасы да тереңде жатыр: тіршілік, шексіз өмір нышаны. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі – аспан күмбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып, керегелердіңкөрінісін де бере алған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш-жігер жұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз мемлекетімізді мегзегендей болады да тұрады. Келесі бір құранды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі . Елдік нышандарда арғымақ бейнесін пайдалану – өте ертеден келе жатқан үрдіс. Ал жылқы – түлік біткеннің төресі. Оның жолға беріктігі мен жүрдектігі, еті мен қымызының қоректік және шипалық қасиеттері жанға дәру болса, ойыңды айтпай көзіңнен ұғатын қасиеті мен талғампаз кірпияздығы мінез-құлқындағы тектілік ретінде жоғары бағаланады.
Елтаңбадағы енді бір назар аударатын белгілер маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс.
Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да содан.
Алуан әуеннің арасында жаңылыспай таныр, бойымызға ата-баба қанымен қоса дарыған ажарлы айшығынынан музыкалық сиволымыз жүректерге жол тапқан өнер туындысы екенін соңғы сынақта тағы біррет дәлелдеп шықты.
Әрине, Әнұран жеке адам тіршілігінен гөрі, бүкіл бір қауымның өмір салтына, мемлекеттік іс- қимылына көбірек қатысты. Әнұран тек әуеннен ғана тұрмайтыны белгілі. Оның өлеңі де қасиетті.
Бойтұмар жырда халқымыздың еркіндікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, еңселі ертеңіне бағышталған арманы жақсы көрініс тапқан. Сол сияқты төл рухани қазынамызды танытар халықтық қасиеттер, бейбіт пейіліміз бен досқа ашық құшағымыз туралы толғаныс та орынды шыққан.
Туға тағзым – тарихқа тағзым, туға құрмет – елге құрмет. Елтаңба мен Әнұран жөнінде де осылай деуге болады. Өйткені олар – біздің елдік белгіміз, елдің құты, қасиеті. Ал елін сүйген оның бойтұмарларын да қасиеттер болар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!