» » » Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым

Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым казакша Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым на казахском языке
Тленшин Даулетияр
7 сынып, №29 орта мектеп
Шымкент қаласы

1996 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін жасау бүкіл халықтық сипат алып көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шағармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті рәміздері бар. Қазақстан республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленді. Алайда Қазақстан Республикасы рәміздерінің тарихы 1996 жылғы 24-қаңтарда қабылданып , қазіргі уақытта күші жойылған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының нышандары туралы» Конституциялық заңынан басталды. Алайда терминнің дұрыс пайдаланылуына байланысты 2007 жылғы 21-мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде «нышандар» деген сөз «рәміздерге» ауыстырылды. «Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Дүние жүзіндегі мемлекеттің ресми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді – Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран.
Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері – Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі.
Жалауды айқындайтын элементтерінің бірі оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес. Ол адалдықтың, мінсіздіктің, және сенімділіктің белгісі. Бірлік пен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табылады. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. «Көк » сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда «шығыс» мағынасын беріп, осылай тудың түсі географиялық ақпараттың тасушысы ретінде де қолданылады. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Бүгінгі Елтаңба – Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уалиханов секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттің Елтаңбасыз дөңгелек нысанды. Дөңгелек , шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді . Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың , еңбектің және материалдық ырыстың белгісі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арсында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Қ.Р. Президенті Н. Назарбаев.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Елбасымыз әрбір адам болса кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн дейді. Мемлекеттің рәміздері құрметтеу – елді , халықты, тарихты әдет-ғұрыпты, салт дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің Астанасында және бүкіл Республика аумағында елдің елдігін танытатын , отаншылыдқ пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Оған мысал, Олимпиадада спортшыларымыз жеңіске жеткен кездегі еліміздің көк байрағының желбіреуі әнұранымыз шырқалды. Міне, осының бәрі Қазақстанның әрбір азаматы үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 51 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым, шығарма Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен , Шығарма: Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы