» » » Шығарма: Жетелі елдің жеті белгісі

Шығарма: Жетелі елдің жеті белгісі

Шығарма: Жетелі елдің жеті белгісі казакша Шығарма: Жетелі елдің жеті белгісі на казахском языке
Иманбаева Наргиз
8 сынып, № 38 мектеп-лицей
Жетекшісі: Нұрпейісова Л. Ж.

Қазақ халқы жеті санын киелі деп санаған. Жеті санына байланысты ұғымдар да жетерлік. Солардың бірі жетелі елдің жеті белгісі ретінде: Ту, Елтаңба, Әнұран, Тіл, Елбасы, Ата Заң, Дін деп саралап отырмыз. Бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп, Тәуелсіз ел атанып, өзіміздің мемлекеттік рәміздерімізді бекіттік. Біздің еліміздің Әнұраны щалықтап, көк туымыз талай рет әлем көгінде желбіреді. Ол кешегі өткен спорттық олимпиада кездері еді. Біз ол күндерді бүкіл отбасымызбен ерекше еске аламыз. Әнұран ойнаған сәтте, біз сіңліміз екеуіміз қолымызды жүрегімізге қойып, бірге қосылып әндетіп едік, ал әжем болса көзінен жасын да шығарып алды. Бұл сөзбен айтып жеткізе алмас үлкен қуаныш, ерекше сезім болатын.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын. Дүниежүзіндегі мемлекеттің ресми рәмізділігі үш бірлікті білдіреді – Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран. Олар елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпыұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік болып, барлығын біріктіреді. Жас мемлекеттің рәміздерін жасау тарихына бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздерде эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық көрінетін шешімді табу қажет болатын.
Мемлекеттік туымыздың авторы республиканың өнер қайраткері − Шәкен Ниязбеков. Ол Қазақстандағы дизайнерлік өнердің негізін салушылардың бірі. Біздің мектебімізде Шәкен ағамен кездесу өткізілді.
Сонда біз ол кісінің өз аузынан мемлекеттік туды қалай жасағаны туралы естіп білдік. Осындай аяулы ағаларымызбен кездесіп, бірге сұхабаттасқанның өзі біз үшін үлкен өнеге және ерекше бақыт деп санаймын. Шәкен ағаның айтуы бойынша, Туды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі. Бірлікпен бірге көк түс барлық елдердің тыныштығы мен ырысын білдіретін бұлтсыз аспанды еске салады. Аспандай ашық көк түс қазақтардың ұлттық түсі болып табылады. Өйткені көшпенді қазақтар үшін табиғат мекендеу ортасы ғана емес, сонымен қатар, өмірлеріндегі ажырамас бөлігі болатын. «Көк» сөзі ежелгі түріктердің тіліне аударғанда «Шығыс» мағынасын беріп, осылай тудың түсі географиялық ақпараттың тасушысы ретінде де қолданылады. Геральдистердің сөзіне сүйенетін болсақ, Қазақстан жер шарының шығысында орналасып, шығыс мәдениетінің өкілі болатынын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық белгісі. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі. Мемлекеттік Елтаңбамыз - дөңгелек нысанды. Дөңгелек, шығыс қазақтарының аса құрметінде, өйткені бұл нысан өмір шексіздігінің белгісі. Ортасында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақ – отбасы амандығы, бейбітшілігі және ашық аспанды білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Олар өмір мен жылудың белгісі. Оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылып, жауға қарсы күресте арыстанның үрейсіздігін, бұқаның күші мен қуаттылығын, маралдың жылдамдығын, түлкінің қулығын білдіреді. Тұлпардың алтын қанаттары – астықтың , еңбектің және материалдық ырыстың белгісі . Елтаңбаның ортасында бес бұрышты көлемді жұлдыз, біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континент өкілдеріне ашық деген сөз.Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады. Әнұранның авторлары Шәмші Қалдаяқов ( әні), Жұмекен Нәжімеденов және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстан болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.Туып -өскен жердің мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әр жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 54 | 26.02.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Жетелі елдің жеті белгісі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Жетелі елдің жеті белгісі на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Жетелі елдің жеті белгісі, шығарма Жетелі елдің жеті белгісі туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Жетелі елдің жеті белгісі на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Жетелі елдің жеті бе, Шығарма: Жетелі елдің жеті белгісі шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы