4 маусым - Рәміздер күні (Ел бейнесі – ел рәміздері)

 4 маусым - Рәміздер күні (Ел бейнесі – ел рәміздері)

Акиш Алтынай
10 сынып, №3 орта мектебі
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Жексетова Ә.С.

Жиырма екі жыл бұрын тәуелсіздігін алып, тәй-тәй басқан мемлекетіміздің айрықша белгілері – Ту, Елтаңба, Гимн. Әр нышанда өзіндік өмір – салты, ерекшелігі, мұраты бар. Бұлар тек қана белгілер ғана емес. Бұлар қазақ елінің, қазақ жерінің қасиетті идеясы. Бұл белгілерді көрген адам өз еркіндігін және бірлігін сезінеді.
Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені көрсетуден туатын сыр таңба. Басқа елдердің алдында өз құндылығын, жер байлығын, рух байлығын

көрсететін белгілер. Осы күнде осындай елбасымен, осындай құндылықтар мен бірге дамып жатқаныма қуанамын.

Мемлекеттік Ту. Аспан текті, көк түсті. Ағайын, бұл кездейсоқ емес. Әйгілі Арсельм кестесі бойынша, ол – адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың, пәктіктің белгісі. Сонымен қатар көк түс – ашық аспан реңіне сай болғандықтан, біздің халқымызда бұл ынтымақ пен бірлік, тұрақтылық, береке
– байлық белгісі болып саналады. Тудың қақ ортасында күн бейнесі бұл – мәңгілік өмірді және тіршілікті білдіреді. Ал қыран, әркімге мәлім бұл – арман, мақсат, мұрат, азат күн, кең бейне. Мұның бәрі бір тұтасқа айналған кезде зор Бақыт!!!

Елтаңба. Бұл біріншіден, көгілдір түс аясындағы шаңырақ. Бұл – отанымыздың ошағы, біртұтастығы, бастауы. Шаңырақты айнала тұрған уықтар, күн сәулесіндей жарқырайды. Ал екі жағындағы аңыз ертегілердегі, қанатты пырақтар тәуелсіз Қазақстанымның мәңгілік өмірі мен шексіз дамуының белгісі. Қазақ жерінің, көп ұлтты елдің рухани байлығын көрсетеді. Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы. Елтаңба маңдайындағы жұлдыз «Бағымыз ашылып – жұлдызымыз жана берсін» - деген асыл арманымызды көрсетуде. Жұлдыздың бес бұрышы қазақтың кең пейіл құшағындай бес құрлыққа теңдей.

Мемлекеттік Гимн. Елімнің музыкалық эмблемасы. Бұл – қазағымның басқа елге деген ақ ниетті сәлем хаты. Гимнің әр сөзі – елімнің намысы, арымның айнасы. Гимнді тек қана естіп қоя бермей, қосылып айтқаныңда бойыңда ерекше бір ұландық, азаматтық сезім туындайды. Бұны сезіну бір бақыт. Маңдайға біткен бақ.
Осының бәрін санасына қондыра білген адам, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етуі, оқып – білім алуы, Қазақстанның іргетасын бекітуі сөзсіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: егеменді қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, отан туралы шығарма қазақша, отан туралы шығарма 4 сынып, отан туралы шығарма 5 3 6 7 8 сынып, отан туралы шыгарма 2 сыныпсочинение на тему отан туралы, рәміздер күніне арналған шығарма, рәміздер туралы шығарма, мемлекеттік рәміздер туралы шығарма, мемлекеттик рамиздер туралы шыгарма, Ту туралы шыгарма, Елтанба туралы шыгарма, Гимн туралы шыгарма, Ту туралы шығарма, Елтаңба туралы шығарма, Гимн туралы шығарма, 4 маусым