Ұлттық патриотизмді тұрақты тәрбие құралына айналдыру – заман талабы

 Ұлттық патриотизмді тұрақты тәрбие құралына айналдыру – заман талабы

Ермахан Гүлбану
9 сынып, №148 мектеп-гимназия
Жетекшісі: Иманқұлова С.М.

Қазіргі мектеп оқушылары арасында ұлттық патриотизм дегенді бір жақты түсінушілік басым. Себебі, кез келген оқушыға осы сауалды қойсаңыз, «Патриотизм дегеніміз – еліне, жеріне сүйіспеншілік» деп жауап береді.

Еліне, жеріне, айналасына сүйіспеншілікпен қарау, бұл ұғымның мағынасын толық аша алмайды. Өз Отанына, жеріне, еліне, туған-туысқандарына жалаң сүйіспеншілікті патриот болмай-ақ дамытуға болады. Ол әрбір адамға тән гуманистік идея.

Осы тұрғыдан алғанда, патриоттық – ол отанға деген сүйіспеншілік қана емес, елдің дамуы мен гүлденуіне үлесқосу, ғылым мен инновацияны игеру, түрлі жетістіктерге жетіпотан алдындағы жауапкершілікті сезіну. Патриотизм

– ол отанына, өз халқынаберілгендік, оның мүддесі үшін кез-келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылықболып табылады.

Ұл мақтанышы , ел патриоты Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді», – деп анықтама берген. Өзі де Отаны үшін жан аямай күресіп, Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған батыр болды. Қиын-қыстау кезде елін, жерін сүюдің, айтқан сөзінде тұрудың үлгісін көрсетіп кетті. Тек қазақ халқы ғана емес, басқа да ұлттар ол кісіні «патриотизмніңэталоны» ретінде құрмет тұтады. Ұлттық патриотизм туралы сөз бола қалса, алдымен көз алдымызға Бауыржан Момышұлының келетін себебі де сондықтан. Қазіргі таңда ұлт патриоты деп Мұхтар Шахановты айтуға болады. Ақынның тура сөйлеп, шындықты «шыжғырып» айтуы, ешнәрседен, ешкімнен тайсақтамайтыны жастарға үлгі. Қазір былай сөйлеп, сыртқа басқаша сөйлейтін аға-әкпелерімізге сабақ болуы керек деп ойлаймын. Мұхтар ағамыздың мемлекеттік тіл туралы пайымды ойлары көптің көңілінде жүрсе де, батылы жетіп ешкім айта алмайды. Ал ол денсаулығыңың сыр беруіне қарамай, ойып айтып, кейбіреулерге жақпай қалуда. Алайда, уақыт әр нәрсені өз орнына қоятынына, болашақ ұрпақ дұрыс баға беретініне сенім мол.

Әрбір азаматтың түсінігі«Мемлекет маған не береді емес, мемлекетке мен не береаламын?» деген сұрақ төңірегінде өрбуі керек. Сонда мектеп оқушысының ұлттық патриотизмге қосқан үлесі – оның сапалы білім көрсеткіштеріне жетіп, ата-анасының , оқыған мектебінің, тұрған ауданы, қаласының, тіпті туған елінің сенімін ақтау. Ол сапалы білім алып, жақсы нәтижелерге жету арқылы елінің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосады.

Кез келген ортада «мен патриотпын» деп жалаң жар салу бұл ұғымның қадірін кетірмесе, беделін арттырмайды. Әрбір азамат өз ісін беріліп істесе, қоғамдағы келеңсіздіктерге жол бермесе, мұның өзі патриотизмнің бір көрінісі болып саналады. Оқушы – сабағын жақсы оқып, студент – терең біліп алып, маман – өз ісінің қыр-сырын жетік меңгеріп, сол арқылы айналадағы ортаға әсер ете алса, қоғамды өзгертуге қосқан үлесі болып саналады.

Елдің ертеңі жастардың патриоттық сезімін арттыруға Мемлекет тарапынан да мән беріліп келеді. Соның айғағы ретінде «Мемлекеттік жастар саясатының 2020жылға дейінгі тұжырымдамасын» айтуға болады. «Болашаққа айқын жол» деп аталатын бұл құжатта 2013 -2015 және 2015-2020 жылдары атқарылатын жастар саясаты кезең кезеңге жоспарланған. Білім беру, спорт, ауылшаруашылығы және ғарыш технологиясын дамыту қарастырылған. Тұжырымдамада: «Жастарда патриотизм сезімін сақтау мен нығайту әлеуметтік мәртебесіне, саясикөзқарастарына, этникалық тиесілілігіне, діни сеніміне қарамастан, елдің барлық жас азаматтарыүшін бұлжымас құндылық, ортақ тұғырнама болып қалуға тиіс. Жастардың азаматтық сана-сезімінкөтермей, олардың жоғары саяси мәдениеті, патриоттық әлеуеті болмай елдің ауқымдыжаңғыртылуында табысқа иек арту мүмкін емес»,– деп көрсетілген. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудың аясында табысты жасқазақстандықтың бейнесін, патриоттық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттіктілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.

Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:

- Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;
- Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;
- Еңбекке құрмет;
- Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;
- Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;
- Қиындықтан қорықпай табысқа жету;
- Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуін еқызмет ету.

Қорыта келгенде, әлемді автоматтандыру мен Интернет жүйесі жаулап алған заманда ата-бабаларымыздың қара қылды қақ жарған әділдігін, бір ауыз сөзге тоқтаған ымырашылдығын, кез келген ел мен жер дауын бейбіт шешіммен, дипломатиялық келісіммен жүргізген саясатын ұлықтап, бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп, оны тұрақты тәрбие құралына айналдыру – заман талабы. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Болашақта сенім артып отырған замандастарымыздың көбі интернет арқылы хат жазысып, хабарлама жіберісіп, уақыттарын текке өткізгеннен гөрі осындай жобаларға қатысып, білімдерін шыңдаса өздеріне де, өзгелерге де пайдасы тиері анық . Сонда олар патриоттықты іс жүзіндесезініп , өздерінің ел алдындығы жауапкершіліктерін сезінеді. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік, адалдық пен борыш қалыптасады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, шыгарма, шығарма, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма, мен елімнің патриотымын шығарма, мен елимнин патриотымын шыгарма, патриот туралы шыгарма, патриот туралы эссе, мен патриотпын шығарма жоспар, мен өз отанымның патриотымын эссе жоспар, мен қазақ елінің патриотымын шығарма жоспар, патриот туралы шығарма жоспар, патриотизм туралы шыгарма жоспар, сочинение на казахском языке о патриотизме жоспар, патриоттық шығарма жоспар, патриоттык шыгармалар жоспар, патриот жоспар, шыгарма жоспар, шығарма жоспар, сочинение на казахском языке жоспар, о патриотизме жоспар, сочинение жоспар, на казахском языке жоспар, мен патриотпын жоспар, мен жоспар, патриотпын жоспар, елім деп соғар жүрегім шығарма жоспар, елім деп соғар жүрегім эссе жазу жоспар, елим деп согар журегим шыгарма жоспар, мен қазақстан патриотымын шығарма жоспар, мен қазақстанның патриотымын эссе жоспар, мен қазақстанның патриотымын реферат жоспар, патриотизм туралы шығарма, патриот туралы шығармалар