«Ана тілің – арың бұл» атты Тіл мерекесіне арналған кештің сценарийі


«АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ»
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен ұлттық рух – елімізде рухани жаңғырудың басты бағдары

«Ана тілің – арың бұл» атты Тіл мерекесіне арналған кештің сценарийі
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Қадыр Мырза Әлі

«Анамның тілі – аяулы үні» әні орындалады.
Анамның тілі – аяулы үні
С. Ш. Смаханұлынікі
Ә. Ә. Тыналиевтікі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп, үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай - күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі, аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай - күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
I - жүргізуші: Райымбек
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2 - жүргізуші: Эльмира
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

(Әнұран)
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп, бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз, әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бүгінгі мейрам - тілдер күні!

2 - жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости нашего праздника! Жители необъятного Казахстана! Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
1 - жүргізуші: Жыл сайын қыркүйектің 22 - сінде Қазақстанда Тілдер күні атап өтіледі. Бұл бүкіл Қазақстан халқының мейрамы. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғысөз кафедра меңгерушісі Молдахмет Сейдахметовичке беріледі.
2 - жүргізуші: На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.
1 - жүргізуші. «Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй» деп, ұлы
Абай айтқандай, құлақ құрышын қандырған әсем әннен кейін сахнаның сәнін келтірер ғажайып қазақ биін тамашалайық, халайық.
1. Әйгерімнің орындауында қазақ биі
ТОП - 12. Топ тыңдаушысы Қанаттың орындауында Адай күйі
«Земные языки»
(Татьяна ТОП - 14 - 1)
Когда с природой я наедине,
То различаю языки земные:
Беседуют деревья в тишине,
Друг с другом птицы говорят лесные.
Есть говор свой у волн вдали,
Насвистывает что - то тихий ветер...
За краткий срок, отпущенный на свете.

Так тяжко на земле без языка!
Не высказать ни счастья, ни печали...
Безмолвны горы долгие года,
О чем они, возводясь, замечали?
Все в языке: рожденье, первый шаг,
Любовь и смерть, и жизнь на новом взлете.
И если вдруг исчезнет мой язык,
То и меня вы больше не найдете!
ТОП - 13. 13 - топтың білім алушысы Асылзаттың орындауында «Қазақ елі»

1 - жүргізуші: Қазақстанда 130 - дан астам ұлттар тұрады. Олардың бәрі өз ана тілдерін сақтап сөйлеседі. Біздің Республикамызда 178 жексенбілік мектеп бар, 23 ұлттық тілдер оқытылады. Бізде неміс, корей, украин тілдерінде газеттер шығады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» поляктік теледидар трансляциясы, Оңтүстік Қазақстанда өзбек теледидары жұмыс істейді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында және қазақ радиосында корей, ұйғыр, неміс тілінде бағдарламалар жүреді. Эфирде телерадио бағдарламалары 11 тілде жүреді. Олар: украин, ағылшын, неміс, корей, түрік, өзбек және т. б.

2 - жүргізуші: В Казахстане проживает более 130 национальностей. Нашим государством оказывается всесторонняя помощь в изучении родного языка представителям различных национальностей, проживающих в Казахстане. В республике работают 178 воскресных школ, в которых изучают 23 национальных языка. В свет выходят газеты на немецкое, корейском, уйгурском, украинском языках ( не считая на русском и казахском). В Северо – Казахстанской области осуществляется трансляция польского телевидения «Полония», а в Южно - Казахстанской области – узбекского телевидения.
В национальных программах, в том числе и на украинском, польском, английском, немецком, корейском, уйгурском, турецком, дунганском, узбекском и других языках. Каждый язык красив, интересен, своеобразен.


Қанаттың орындауында «Әлқиса» күйі
1 - жүргізуші. Тіл - ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік.
Ортада түрікмен, орыс, ауған: хазар, тәжік, пушту, өзбек ұлттарының өкілдері: шетелдік тыңдаушылар

1. Қуан далам қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды дала түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін. (Мәлике – ауған қызы, хазар )
Ана тілім - ардағымсың киелім,
Саған ғана мен басымды иемін.
Ана тілім – қазақ тілім, дарасың,
Қадірлеймін, шексіз сені сүйемін.

2. Тіл ұстарту, тіл сындыру,
Сөз сиқырын, кілтін білу.
Ел мен елді елдестірер,
Естелікке ұмтылдыру. ( Мұрад - түрікмен)
Қазақ тілі – халық тілі,
Тіл аманда – халық тірі.
Өз тілінде жылағанның,
Көз жасы да – халық мұңы.

3. Тіл туралы жұрт тілеген салауат,
Тіл туралы естілмесін жаманат. (Таня - орыс)
Тіл дегенің, тіл дегенің бұл біздің –
бабамыздан қалған асыл аманат.
Туған тілім – аласармас тұғырым,
Сен құрысаң мен де бірге құрыдым.
Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,
Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.
Ұйғыр халқының биі орындайтын Гүлгина
2 - жүргізуші: В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учашиеся покажут свое мастерство владения английским языком.

1. жүргізуші. Кафедра мақтаныштарықазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерін жетік білетін полиглот жастарымыз бен шетелдік тыңдаушыларға сөз кезегін береміз. Шығармашылық және филология топтарының тыңдаушылары, шетелдік бірнеше тілде құттықтайды және әндер орындайды.
Ауғанстандық тыңдаушыларының орындауында «Ватан - Отан» биі

1 - жүргізуші. Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2 - жүргізуші. Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. Желание одно породило нас давно, чтобы в мире мирно жили, чтобы с детства все дружили, чтобы братьями росли, дети матери — Земли.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу