Жұлдызды кеш


Жұлдызды кеш
І жүргізуші: Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Бүгінгі әуендік кеште байқауға қатысушыларды ортаға шақырамыз. (Музыка әуенімен сайыскерлер ортаға шығады).
ІІ жүргізуші: Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық кәне бәріміз.
Ән: Әсем әнді қабыл алыңыздар

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға «Жұлдызды шоу» атты өнер байқауын ұсынамыз.
ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық. Бұл сайыста әділ қазылардың дауысымен бірге көрерменнің дауысы да есептелінеді.

І жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп алғашқы ән кезегіне жол береміз.
Қазір «Қазақ елі» әні орындалады. Ән орындаушы оқушы әннің соңғы шумағын тоқтатып көрермендерден жалғастыруын сұрайды. Әннің әуенін, сөзін дұрыс жалғастыруларыңыз керек.
ІІ жүргізуші: Жоқ менің өлең - жырдан өзге алаңым,
Іздеймін сенен терең сөз баламын.
Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,
Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.

І жүргізуші: Қадірменді өнер сүйер қауым! Қазіргі орындалатын әннің бір неше жолын оқымақпын. Сіздер сол әннің атын табуларыңызды сұраймыз.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемде,
Көзіңнен танимын. – ал бұл қандай ән?
Алдарыңызда әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Енді біздің тағатсыздана күтіп тұрған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан, - деп бірінші сайыскеріміздің орындайтын әнін қабыл алыңыздар.

І жүргізуші: Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, - деп келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі әншіміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.
Келесі сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – дей келе келесі сайыскеріміздің өнерін тамашалайық.

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, - деп келесі додаға түсуші сайыскердің өнерін бағалайық.
ІІ жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп келесі әншімізді ортаға шақырайық.
Осымен біздің ән сайысына қатысушы өнерпаздарымыздың өнері өз мәресіне жетті, келесі бөлім би сайысы.
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» - деп ақындарымыз жырлағандай енді «би сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер.

І жүргізуші: Біздің мектептің қыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз?
Ортаға шық тартынбастан – деп бишілеріміздің өнерін тамашалайық
ІІ жүргізуші: Жақсы биде өнеге,
«Сегіз қырлы бір сырлы»
Өнерді үйрен бір – бірлеп,
Биде биле талпынып – келесі бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін,- дей келе жас бишілерімізді ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші: Бала, бала, балапан,
Қаймықпада сескенбе.
Ортағашық кәнекей,
Өнеріңді көрсетші – деп өнерпаз бишімізді ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Міне біздің мың бұралған бишілеріміздің де бүгінгі сайысқа арнайы дайындап келген би өнерлері өз мәресіне жетті.
Көрермендер сіздер кімге дауыс бергілеріңіз келсе сол сайыскердің атын алдын ала дайындалған қағазға белгілеп әкеп берулеріңізді өтінеміз.
Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептерін дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге Батихан Еркегүлдің орындауында «Бір тілек» әні өздеріңізге арналады.
Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, - деп орындауында «Балдәурен» әні қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы.
Малик Армангуль


Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу