1 Наурыз - Алғыс айту күні (Ризашылық пен алғыс)

 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Ризашылық пен алғыс)

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№ 14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Леля Балова Батимовна


Ашық сабақ тақырыбы: "Ризашылық пен алғыс"
Пәні: Өзін-өзі тану 3 сынып
Презентация: жүктеу
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін ,сыпайылық
қарым-қатынасын дамыту;
-әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: оқулық,дәптер,сандықша
Шаттық шеңбері
Ризашылық әні
Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын,ризамын,,ризамын бүгінге,
Ризамын,ризамын,,ризамын қазірге.
Әңгімелесу
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мәтінмен жұмыс
Алғыс
-Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
-Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Данышпан атаның алғыс сөздерінен күн жасау
Сахналау
І-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
Дәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.

Жаңа ақпарат
«Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. »
Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/
Дәптермен жұмыс
Қорытындылау
-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?