Қазақша реферат: Майқы би (шамамен XII-XIII) » ZHARAR © 2017 | майқы би туралы қазақша реферат, майкы би туралы казакша реферат, майкы би туралы казакша омирбаяны, майқы би туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке майкы би




  • »

Қазақша реферат: Майқы би (шамамен XII-XIII)

Қазақша реферат: Майқы би (шамамен XII-XIII) казакша Қазақша реферат: Майқы би (шамамен XII-XIII) на казахском языке

Майқы би – аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зеттеушілер оны б. з. б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Майқы би Мәнұлы деген атпен белгілі. Б. з. б. 178–89 жылдары өмір сүрген және аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105–1225) Шыңғыс ханның замандасы, әрі оны хан көтерген 12 бидің бірі. Парсы тарихшысы Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат – тауарих» атты шығармасында «Қошындық Байку деген атпен» Майқы бидің Шыңғыс ханның оң қолы, ел басқару ісіндегі ақылшысы, бас биі болғаны, Жошы хан әскерлерінің оң қанатын басқарғаны айтылды. Осы дерек моңғол жылнамасы «Алтын тобчида» да бар. Кейбір халық аңыздарында Майқы бидің Орманбет би өліп, он сан ноғайлы ел бүлінгенде қазақ ұлысын құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады.

Шежіре деректер бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі, одан Төле би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекіре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз-әңгімелерде кездеседі.

«Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел басқару ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғанын айтады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қатарлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін.

Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады.

Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі – Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көрсетеді.

Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді… Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел болуды ойлаңдар…» деген өсиет қалдырған. Бұл аңызда Майқы бидің өз заманында аса беделді, ақылды ірі адам болғанын аңғартады. Майқыдан бастап би – атақ лауазым, билік — өнері саналады. Халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қолғамдық қару етеді.

Майқы бидің алатын орны ерекше, түркі халақтары әлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүріп, әділдігімен, шешендігімен жалпы түркілік қайраткер дәрежесіне көтерілген адам болса деген болжамдар бар. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары өз биі деп есеп, қадір тұтқан.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 38
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .