Қазақша цитаталар қысқаша


Құрметті оқырмандар! Осы мақалада қазақша және қысқаша цитаталар жинағы жарияланған. Егер тағы да біліп жатсаңыз астындағы формаға жазыңыз.

Өмір туралы қысқаша цитаталар жинағы


Өте өкінішті, өмір сондай қысқа, жіберген қателігімізді түзетіп үлгермейміз.

Адам өмірі дөңгелекті арба секілді, қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай бұрылыстан түсіріп кетері белгісіз.

Өмірдің қысқалығы сонша, ол туралы ойланып та үлгермейсің.

Өмір - бұл қазір. Ол «кеше» немесе «ертең» емес.

Бұл әлемде неше түрлі тағдыр бар, сенің тағдырың жалғыз – оны бүлдіріп алма?

Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге ұмтылыңыз.

Біздер өлгендерді жоқтап емес, өмірге жаңа келген нәрестеге жылайық, себебі оны өмірдің түрлі тауқыметі күтіп тұр.

Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну.

Егер өміріңізде қиындық орын алса, оның себебін өзіңізге түсіндіріңіз – сонда жүрегіңіз тынышталады.

Өмір жылау, күрсіну және күлкіден тұрады, алайда күрсіну басымырақ.

Біз көне өмірге сүйсінеміз бірақ, қазіргі заманмен өмір сүреміз.

Өмір сізге езу тартуы үшін, оған бастапқыда өзіңіз жақсы көңіл - күй сыйлаңыз.

Өмір – қас-қағым сәт, кірпік қағумен тең.


Бүкіл әлем саған қарсы екенін сезінсең, ұшақтың желге қарсы ұшатынын есіңе түсір. (Генри Форд)

Өмірді басқалардың қалауымен емес, өз қалауыңша сүр. Олардың үмітін ақтай аласың ба, жоқ па - ажал келгенде жалғыз қарсы аласың. Сондықтан, ешкімнен көмек күтпе, жеңіске өзің жет!

Өмірде ең бастысы – отбасы.
Мансап – сені үйде күтіп отырмайды, ақша – көз жасыңды сүртпейді, атақ - даңқ түнде құшағына қыспайды. (Ченинг Татум)

Өлім – өмір сүруге тұрарлық, ал махаббат – күтуге тұрарлық. (Виктор Цой)

Өмірдің қара сызықтары туды ма – еңсеңді түсірме, өзіңе сеніміңді жоғалтпа.
Өйткені, ең ұзақ түннен кейін де таң атады.

Үнсіз қалу – көптеген келеңсіздіктен қалқан, ал мылжыңдық зиян. Адамның тілі қысқа болғанымен, ол қанша өмірді бүлдірді десеңізші. (Омар Хаям)

Құдай сізге түрлі сый дайындайды, оны «қиындыққа» орап қояды. Орауын ашу қандай қиын болса, сыйлық сондай үлкен болмақ.

Өмір – бұл сіздің жоспарлағаныңыздан мүлде басқа дүниелердің туындауы.

Өмір мен Өлім – бар болғаны екі қас қағым сәт.
Ал, жанның сыздауы шексіз.


 

Автор: Бауыржан Момышұлы





 Достық туралы цитаталар қысқа


Нағыз досы бар адам – бақытты!

▪ Дұшпаныңыздан қорқыңыз, ал жаман достан екі есе қатты қорқыңыз.

▪ Достар көп, нағыз дос біреу - ақ.

▪ Досты біз таңдаймыз, нағыз досты уақыт таңдап береді.

▪ Достық – адамды бұрыннан танып білу емес. Дос - біздің өмірімізде өз орны бар, ерекше жан.

▪ Нағыз дос сізбен бірге жардан құламайды, төменге құлатпай қағып алады.

▪ Нағыз дос – сіз қиналғанда бірге болады, өзі қуанғанда қасында болуыңызды сұрайды.

▪ Нағыз дос сөзімен емес, іс-әрекетімен көрінеді.

▪ Досыңыз ақылды болуына назар аударыңыз, ақымақ дос, ақылды дұшпаннан қауіптірек.

▪ Егер досың ақымақ болса, сенің ақылың да сол шамалас.

▪ Досыңнан шамасы келмес нәрсені сұрама!

▪ Нағыз достық – дос болуға лайықты жандардың арасында ғана болады.




Мағыналы қысқаша нақыл сөздер


Әкенің жақсы да жаман қылығы баласының мінез - құлқынан көрініс береді.
Демокрит

Балаңызды ер адам ретінде қабылдай бастасаңыз, ол ерте есейетін болады.
Джон Локк

Мүмкіндігінше мейірімді болуға тырысыңыз! Мейірімді болуға әрқашан мүмкіндік бар.
Далай Лама

Құрметті досым, үнсіз қалу – жақсы әрі қауіпсіз. Есіңнен шығарма!
Ф. М. Достоевский

Сабырлы бол.
Сабырлықтың арқасында түсіністік пайда болады.
Түсіністікпен бірге қуаныш келеді.
Қуаныш бақытқа бөлейді.

Қанша данагөйлердің сөздерін оқыдың, миыңа тоқыдың одан не пайда?! Егер оны іс - жүзінде пайдаланбасаң.
Будда

- Иә, менде бәрі жаман, бірақ бұл басқаларды азаптауға себеп емес.
Эсхил

Кейде маңызды бір нәрсе айтқыңыз келеді, сіз ойлана келе кейінге қалдырасыз, кейін ештеңе де айту керек жоқ екенін түсінесіз.... әр сөз бен сезімнің уақыты болады екен.

Махаббат – жел сияқты оны көрмейсің бірақ сезесің.

Тыңдап үйреніңіз! Өзгелер туралы айтып отырған адамды мұқият тыңдасаңыз, шындығында, өз жайын айтып отырғанын ұғасыз.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Оқырман Нұрай
    Оқырман Нұрай 27.05.2022 23:52
    7 + 3 -
    Күшті
  2. Оқырман Нұрай
    Оқырман Нұрай 27.05.2022 23:52
    4 + 2 -
    Күшті
  3. Оқырман Заңғар
    Оқырман Заңғар 21.04.2022 11:19
    4 + 1 -
    жарайсыңдар,не мынау цитата емес
  4. Оқырман аспандияр
    1 + 0 -
    молодец мыкты жарайсындар деп айтуым керек