Дыбыс пен кедергі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Табиғат физикасы

Жарық. Дыбыс. Жылу. Электрлік

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дыбыс пен кедергі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.5.3.1 - белгілі бір кедергінің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру;

4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

Сабақ мақсаттары

Белгілі бір кедергінің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру;

Бағалау критерилері

  • белгілі бір кедергінің дыбыстың қаттылығына әсер зерттеп, түсіндіреді;
  • белгілі бір кедергінің дыбыстың таралуына әсерін зерттеп, түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Дене, кедергі, ауа, дыбыс қаттылығы, дыбыстың таралуы, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және жауапкершілік, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика, дене шынықтыру, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жарық пен көлеңке

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

3 мин

2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

(МК, Ұ) Анықта.

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Мұғалім оқушылардың көздерін жұмуларын өтінеді.

Әр түрлі ара қашықтықта дыбыс шығарады.

  • Шапалақтайды;
  • Есікті сырттан қағады;
  • Партаны қалмның көмегімен тарсылдатады, т.б.
  • Балалар мен істедім?
  • Оны қалай білдіңдер? Ненің көмегімен анықтадыңдар?
  • Әрбір шыққан дыбыстың дауысы бірдей болды ма?
  • Ендеше, бүгінгі сабақта не туралы сөйлесетін боламыз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерімен танысу.

Слайд

Сабақ басы

30 минут

(Ұ, МК) «Бірге зерттейміз»

Мақсаты: дыбыс күшін, қаттылығын, жұтылуын, таралуын анықтау.

  • Оқушыларға камертонды көрсету.

Камертонның бір кертешімен үстелдің шетін ұрыңыз. Камертон дыбыс шығарады. Камертонды тез суға батырыңыз.

  • Су неге қозғалысқа түсіп, кішкентай бүркін тамшылар пайда болды?
  • Толқынның таралуын қалай тоқтатуға болады?
  • Толқынның таралуына не бөгет бола алады?
  • Дыбыстардың таралуына, мысалы, көшедегі дыбыстың бөлмеге жетуіне не бөгет болуы мүмкін? (терезе әйнегі)
  • Естіліп тұрған дыбысты қалай күшейтуге болады?
  • Дәрігерлер жүректің соғу дыбысын күшейтетін қандай бейімделген құралдар пайдаланады? (стетоскоп)
  • Бұл екі бақылаудан қандай қорытынды шғаруға болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қажеттілігіне қарай толықтырулар мен түзетулер енгізіледі/.

(Т) Анықта. Дәлелде.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік қабілетін дамыту.

 

 

 Берілген суреттер бойынша дыбыс күшін анықта?

  • Қай кезде дыбыс қатты не бәсең шығады? Нелікен?

/Оқушылардың жуаптары тыңдалып, қажетілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.

Ақпарат:

Дыбыс толқындарының тағы бір қасиеті – жұтылу. Жұмсақ жиһазы бар, кілем төселген немесе қабырғасы мен едені арнайы дыбыс жұтатын материалмен қапталған бөлмеде дыбыс толқындары жақсы жұтылады.

(Ж, Ұ) Сен білесің бе?

  • Дыбыстың шағылуы мен жұтылуын қайда қолданады деп ойлайсыңдар?

/Алдымен оқушыларың жауаптары тыңдалады, содан соң, оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Меңгерген ақпарат бойынша өзара сұрақ-жауап алмасып, ақпаратты толықтырады/.

//

) Ойлан. Анықта.

  • Оқушыларға оятқыш сағаттың дыбысын қалай бәсеңдетуге немесе арттыруға болатынын сұрау.

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Ақпаратты толықтыру үшін суреттер мен мәтін таратылады/.

(Ж) Кестені толтыр.

Суретпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Жұмсақ материалдар, мысалы үлпілдек маталар мен ұсақ тесікті резина, дыбыс толқындарын тез сіңіріп алады. Оларды автомобиль қозғалтқышының даусын басуда не концерт залындағы жаңғырықты басуда қолдануға болады. Дыбыстың таралуына ауасыз кеңістік жақсы кедергі болады, дыбыс бос қуыс арқылы жетпейді. Өйткені бос қуыста тербеліске түсетін ештеңе болмайды. Дыбыстық толқын, өз жолында бос қуыстыққа ұрынып, үзіліп қалғандай болады.

Дыбыс қаттылығын арттыру

Дыбысты бәсеңдету

/Берілген ақпарат бойынша жұппен кестені толтырады. Өзара бағаланып, кері байланыс жасалады/.

Камертон

Суреттер

Оқулық

Кесте

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,...................

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу