Дыбыс көздері. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5- бөлім. Табиғат физикасы: Дыбыс

Күні: 17.04.17

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дыбыс көздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Сабақ мақсаттары

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату

Экспериментті түсіндіру

Бағалау критерийлері

Табиғи дыбыс көздерін таниды және атайды.

Жасанды дыбыс көздерін таниды және

атайды.

Тілдік мақсаттар

Дыбыс,дыбыс көзі, табиғи дыбыс көзі

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,қазақ тілі

Бастапқы білім

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Шаттық шеңбері

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны салайық (құшақтасады)

Сабаққа кіріспе

Сабақты жұмбақ жасырудан бастау:

Естиміз, бірақ көре алмаймыз,

Айтамыз, бірақ жаза алмаймыз. Ол не?( дыбыс)

-Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? (оқушы жауабын тыңдау)

-Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? – Дыбыс. Оқу мақсатымен таныстыру

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажыратамыз

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

3 мин

2 мин

5 мин

10 мин

5 мин

5 мин

(Ұ) Суретпен жұмыс

Мақсаты: Сурет арқылы табиғи дыбыс көздерін өздері анықтайды

Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару.

  • Суретке қарау
  • Ол туралы әңгімелеу
  • Суреттегі дыбыс көздерін атау

Жауабы: сарқырама, жел,жапырақтар, бұтақтар, аралар,құстар, Эврика мен Негеш)

(ҰДыбыстарға еліктеу» ойыны

Мақсаты: дыбыс түрлерін ажырату

-Қане, ойнайық, дыбыстап көрсетіңдер:

Шегіртке қалай шырылдайды?

Жылан қандай дыбыс шығарады?

Жел қалай соғады?

Мысық қалай дыбыстайды?

Үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?

-Жарықтың табиғи көздерін еске түсірейік. Неге оларды табиғи деп атадық?

Жаңағы сендер салған дыбыстарды қандай дыбыстар деуге болады?

-Ендеше дыбыстың да табиғи және жасанды көздері болады екен.

(Т) Табиғи дыбыс көздері

Мақсаты: Ойлауға жетелеу, өз ойларын дәлелдеп айта білуге дағдыландыру

Нұсқаулық:

Топта отырып табиғи дыбыс көздерін топтастырып жазады. Жазғандарын кезекпен оқып, растығын дәлелдейді.

(ҚБ) Бір- бірін тыңдау арқылы өзара бағалайды

(Ұ) Зерттейік

Мақсаты: Табиғи дыбыс көздерін басқа дыбыстардан ажырата алу

Оқушыларды мектеп айналасына алып шығу. Олар өздері естіген табиғи дыбыс көздерін жазып немесе суретке түсіріп алады. Бір дыбысты екі рет қайталап жазбау керектігі айтылады.Сыныпқа келіп талқылау жүргізіледі.

(Т) Ойын «Адамдар қандай дыбыс шығарады»

Алдымен адамдар шығаратын дыбыс түрлерін өздеріне атату

Нұсқаулық: Адамдар шығаратын дыбыс атаулары жазылған парақшалар беріледі.

( ұзақ күлу, шын жылау, түшкіру,ықылық ату)

Әр топтан бір оқушыдан шығып дыбысты салып көрсетеді

(ҚБ) Бір- бірін тыңдау арқылы өзара бағалайды

Бұл дыбыстардың неге табиғи дыбыс көзі екенін сұрау

Дәптермен жұмыс

Табиғи дыбыс көздерінің суретін боя

(ҚБ)Дәптерлерін ауыстыру арқылы жұпта бағаланады

оқулық

Ақ қағаз, маркерлер

Дәптер, қарындаштар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

«Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Серуенге шығу кезіндегі қауіпсіздік

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу