Дыбыс көздері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе 5-бөлім. Табиғат физикасы
| Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||
Сынып: Сабақ саны: | Оқушылар саны: ______ | Келмегендер: ___ | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Дыбыс көздері | |||||||
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: | 2.5.3.1 дыбыс көздерін жіктеу 2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру | |||||||
Сабақ мақсаты: | Зерттеу жұмысы арқылы дыбыс көздерін анықтау, тәжірибенің негізгі белгілерін анықтау, нәтижені кестеге түсіру. | |||||||
Бағалау критерийлері: |
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту | |||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану, физика, қазақ тілі | |||||||
Жаһандық азаматтықты қалыптастыру | Когнитивті компонент: ұлттық, жаһандық түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып. талқылайды; ақпаратқа сыни талдау жасайды; Әлеуметтік-эмоционалдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді; Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап бере алады | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 1-сыныпта өткенді қайталау. | |||||||
Жоспарланған уақыт | Іс-шаралар | Ресурстар | ||||||
2 мин 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Мақсаты: оқушының қызығушылығын ояту.Табиғатты қорғауға баулу. 1. Ұйымдастыру а) Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа біз панамыз Табиғатты қорғайтын Біз балдырған баламыз! Мұғалім сыныпқа музыкалық аспаппен ойнап сыныпқа кіреді. Амандасу. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар менің сыныпқа осылайша кіру себебім не ? Не байқадыңдар? (МК) Мақсаты: сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың тақырыбын анықтау. -Сендер не естідіңдер? -Оны не дейміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін шығару. Ал балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын әркім осы дыбыс жайлы не білетіндіктеріңді анықтау үшін «жетістік жолына» келіп тұра қойыңыздар. Мұғалім әр деңгейдегі оқушылардың санын парақша үстіне жазып қояды. | Презентация қоңырау | ||||||
5 мин 5 мин 10 минут 3 мин 2 мин 5 мин | (МК,Ұ)Сумен толтырылған ыдысқа тас лақтырады. Толқындар пайда болады. - Не байқадыңыздар? Жауап.Суда толқындар пайда болды. - Толқындар неден пайда болды? Жауап.Суға түскен тас суды қозғалысқа келтіріп, тепе-теңдіктен шығарды. -Тағы бір рет қараңыздар.Жан-жаққа толқындар қалай тарайды ? Жауап.Шеңбер тәрізді жан-жаққа бірдей тарайды. - Толқын дегеніміз не? Жауап.Толқын-судың жан-жаққа ауытқуы. - Толқын қай кезде пайда болды? Жауап.Суға тас түскен кезде. Қорытынды:Тас - толқынның пайда болуының өзегі болып табылады. (МК,Ұ) Барабанды немесе қоңырауды бір ұрады. -Не естідіңіздер? Жауап:дыбыс. -Дыбыс неден пайда болды? Жауап. Барабанның үсті ауытқи бастады, ол ауаның ауытқуына әсер етті. Қорытынды: Дыбыс- ол ауада тараған толқын. -Барлықтарың дыбысты бірдей естідіңдер ме? Иә - Неліктен? Жауап.Өйткені дыбыс жан-жаққа тарайды. -Таспен өткізілген тәжірибемен дыбыстың қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? Жауап: Өйткені дыбыс жан-жаққа толқын болып бірдей тарайды. (МК,ОТәж)Тәжірибе жасау. Топтық жұмыс. Әр топ зерттеу жұмыстарын өткізеді - Сендер қазір кішкентай ғалым боласыздар. Барлық құралдар мен нұсқаулықтар бар. 5 минут ішінде зерттеу жүргізіп, қорытынды шығару керексіздер. 1 топ Нұсқаулық: 1.Үстелдің шетіне сызғышты 15 см шәкіл көрсеткішіне қойып қатты ұстаңыз. Екінші қолмен сызғыштан ұрыңыз. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не? 2 топ
3 топ Құралдар: шарлар, әртүрлі көлемдегі гайкалар.
Нұсқаулық: 1. Бірінші шардың ішіне үлкен гайканы, ал екінші шарға көлемі кішірек гайканы салып оларды үрлейміз. Үшінші шарды жай үрлеп қоямыз Шарларды шайқаңыз. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не? Қандай қорытынды шығарасыз. . (STEM) 4 топ; Құралдар: Бір қолданысқа жарайтын стақандар, цилиндр пішінді картон, ұялы телефон. Осы заттарды қолданып, дыбыс шығаратын құрылғы жасаңыздар. Дыбыс көзі не? Шыққан дыбыс түрлерінен не байқадыңыздар? 5 топ; Құралдар: Күріш, макарон, қарақұмық және киндердің пластмасса қорапшалары. Осы заттарды қолданып дыбыс шығаратын музыкалық аспап жасаңыздар. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не? Тәжірибенің қорытындысы. 1.Дыбыстың шығуына және таралуына дыбыс көзі мен орта қажет. (ау, су, қатты зат). 2.Дыбыс жан-жаққа бірдей тарайды. (МК,Ұ) -Қолдарыңызбен құлақтарыңызды қатты жауып қойыңыздар. Барабаннан ұрады -Не естідіңіздер? Неліктен? Қорытынды:Дыбысты есту үшін дыбыс қабылдағыш қажет. Адамның құлағы-дыбыс қабылдағыш. (Ұ,Қ)Сұрақ-жауап 1.Неліктен бұнақденелілер ұшқан кезде ақырын дыбыс естіледі? Жауап.Өйткені олар қанаттарын қаққан кезде ауада ауытқу болады. 2.Қандай ортада дыбыс тарайды? Жауап.Ауа, су, қатты зат.
(МК,Т,Қ)Топтық жұмыс. Оқушыларға дыбыс көздері бейнеленген әр түрлі суреттер таратылады. Тапсырма:Дыбыс көздерін табиғи және жасанды дыбыс көздеріне топтастырыңдар. Оқушылар топта тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.Көрші топтар олардың тыңдап, тексереді, жасыл/сары стикермен бағалайды. |
Барабан қоңырау су, тастар, нұсқаулықтар, шарлар, камертон, сызғыш Суреттер, флипчарт, маркерлер, желім | ||||||
3 мин 2 мин | Рефлексия: -Балалар, бүгін біз не білдік? -Қандай жаңалық болды? -Сендерді не таңқалдырды? -Кімде қиындықтар болды? Бағалау түрі; «Жетістік баспалдағы» Оқушылар «Өз жетістігін бағалау» парағына жасыл/сары/қызыл стикер жапсырады. Жалпы қорытынды жасалады.
| стикерлер | ||||||
Қосымша мәлімет | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Өтілген сабақтарды дұрыс игермеген оқушыларды қолдау. Қиындықтар туып жатқан оқушыларға үлестірмелі материалдар беріп, ал тапсырмаларды жеңілдікпен шығарып отырған оқушыларға күрделірек тапсырмаларды беру | Қолданылған стратегия бойынша оқушылар таныған мәліметтерін талдауға қатысады Топта бағалау,өзін-өзі бағалау, өзара бағалау
| Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? 1: |
ТАБИҒИ ДЫБЫСТАР
ЖАСАНДЫ ДЫБЫСТАР
1 топ
Нұсқаулық:
1.Үстелдің шетіне сызғышты 15 см шәкіл көрсеткішіне қойып қатты ұстаңыз. Екінші қолмен сызғыштан ұрыңыз. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не?
2 топ
1. Үшбұрышты ұстап таяқшасымен ұрыңыз. Қолыңызды тигізіп көріңіз. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не?
3 топ
Құралдар: шарлар, әртүрлі көлемдегі гайкалар.
Нұсқаулық:
1. Бірінші шардың ішіне үлкен гайканы, ал екінші шарға көлемі кішірек гайканы салып оларды үрлейміз. Үшінші шарды жай үрлеп қоямыз Шарларды шайқаңыз. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не? Қандай қорытынды шығарасыз. .
4 топ;
Құралдар:
Бір қолданысқа жарайтын стақандар, цилиндр пішінді картон, ұялы телефон. Осы заттарды қолданып, дыбыс шығаратын құрылғы жасаңыздар. Дыбыс көзі не? Шыққан дыбыс түрлерінен не байқадыңыздар?
5 топ;
Құралдар: Күріш, макарон, қарақұмық және киндердің пластмасса қорапшалары. Осы заттарды қолданып дыбыс шығаратын музыкалық аспап жасаңыздар. Не байқадыңыз? Дыбыс көзі не?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?