Зерттеуді қалай жүргізеді? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Табиғат физикасы | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні | ||||||||||
Тақырыбы | Зерттеуді қалай жүргізеді? | |||||||||
Оқу мақсаты | 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; 3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. | |||||||||
Сабақтың мақсаты | Зерттеуді жүргізуді, нәтижесін тіркеуді, қорытындалауды өздігінен жасайды. | |||||||||
Бағалау критерийі | Зерттеуді өздігінен жоспарлайды. Зерттеу кезеңдерін сипаттайды. Зерттеу кезеңдерін жүргізеді. Зерттеу нәтижесін тіркейді. Зерттеу қорытындысын жасайды. | |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, қазақ тілі, көркем еңбек | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Эксперименттің, бақылаудың басты белгілерін анықтайды, бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілейді, эксперимент жүргізеді, оның нәтижелерін кестеге түсіре алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма. Өткенді пысықтау. Өткен сабақтағы зерттеу кезеңдерін, эксперимент жоспарын еске түсіру, пысықтау. Сабақ барысында жасалатын әрекеттерді сипаттау
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | |||||||||
Сабақтың ортасы | Зертте. Сабақ толықтай зерттеу жұмысына арналатынын хабарлау. Ынта деңгейлері түрлі балалардан төрт топ құрау. Нәтижелерді көрсетуді бөлісу: бірінші топ нәтижелерді кесте түрінде, екінші топ – диаграмма үшінші, төртінші топтар – мәтін мен сурет түрінде. Ұсынылған суреттер бойынша зерттеу жоспарын еске түсіру. Жоспарды талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
Зерттеу жұмысына арналған мата/ материал түрін таңдау. Әр топта матаның /материалдың түрлі жиынтығы болады. Уақытты белгілеу мерзімін талқылау. (Шамамен 5-7 минут). Зерттеу нәтижелерін жазуға парақ әзірлеу. Параққа не жазылады?
Гипотеза ұсыну, оны параққа жазу. (Гипотезалар тәжірибеде тексеріледі: «Егер күртені жүн матадан тіксе, ол жылуды жақсы ұстайды»). Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:
Ескерту! барлық мата /материал түрімен зерттеу бір уақытта өткізіледі. Сондықтан топта үш мата /материал қиындысымен қатар жұмыс жасалады.
Нәтижелерді жазу.
Оқулықтағы нәтижені көрсету тәсілдерін талқылау. Әрқайсысының артықшылықтарын талқылау (көрнекілігі, деректерді салыстыру мүмкіндігі). Топтардың зерттеу жұмысын неліктен дәл осылай көрсеткенін негіздеуі. Қорытынды жаса. Зерттеуді гипотезамен бастап, қорытындымен аяқтау керектігі туралы ойқорыту. Зерттеуге шолу жасау, пысықтау.
Нақтылаушы сұрақтар: - Қай материалдың температурасы өзгерді? - Бұл материалдың қандай ерекшелігі бар? - Жылы күрткені қандай материалдан тіккен дұрыс? - Зерттеу жүргізу кезінде қандай қиындықтар кездесті? - Нәтиже алу үшін тәжірибеде нені өзгерту керек? ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. Ойлан. Зерттеу нәтижелерін тағы қалай көрсетуге болатынын ойлану. Мысалы, конференция, сайысқа қатысу үшін фото немесе бейнеклип жасау. ҚБ. Өзара кері байланыс Қосымша тапсырмалар Жазғы демалыс кезінде зерттеу жүргізу, нәтижесін кесте, диаграмма, сурет немесе мәтін түрінде дайындау. Мүмкіндік болса, бейнеесеп түсіру. Есеп гипотезадан, зерттеу жоспарынан және қорытындыдан тұруы тиіс. Зерттеу нәтижелерін кітапша түрінде жасау. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру 65-жұмыс парағы «Менің зерттеуім» Зерттеу жүргізу дағдысын бекіту Ықтимал жауаптар: Сұрақ қою. Ресурстар таңдау. Зерттеу жүргізу. Нәтижені жазу. Қорытынды. ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Зерттеу кезеңдері жазылған парақ Ресурстар: мата қиындылары немесе түрлі материалдар (синтепон, жүн, мақта), мұз, стақандар, термометр, парақ, маркер | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия кезеңі. Сабақ кезеңдерін пысықтау. Не орындадық? Кері байланыс. Сабақ .... (қызықты\ қызықсыз) болды. Сабақ .... (қиын\оңай) болды. Сабақта .... (жаңа ақпарат \ таныс ақпарат ) болды. Сабақта үйренгенімді ..... пайдаланамын. Сабақта үйренгенімді ..... айтып беремін. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы. | Кері байланыс парағы | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топтық жұмысқа оқушыларды біріктіргенде саралау Сұрақ қою барысында саралау. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: - мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау); - топтардың өзара бағалауы; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жазбаша кері байланысы; - оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау; | - Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?