Зерттеуді қалай жоспарлау керек? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Зерттеуді қалай жоспарлау керек?

Оқу мақсаты

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

Сабақтың мақсаты

Зерттеуді өздігінен жоспарлауды және жүргізуді үйренеді.

Бағалау критерийі

Зерттеудің сұрағын қояды, мақсатын анықтайды.

Зерттеу болжамын жасайды.

Зерттеу ресурстарын анықайды.

Зерттеуді өздігінен жоспарлайды.

Зерттеу кезеңдерін сипаттайды.

Тілдік мақсат

Зерттеу барысын әңгімелеп айтады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

зерттеу сұрағы

гипотеза

ресурстар

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Эксперименттің, бақылаудың басты белгілерін анықтайды, бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілейді, эксперимент жүргізеді, оның нәтижелерін кестеге түсіре алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма.

Ассоциация «Зерттеу»

Саралау. Ынта деңгейлеріне байланысты топ құру.

Әңгімелесу сұрақтары:

  • Зерттеуді қалай жүргізу керек?
  • Қандай тақырыпқа эксперимент жасауға болады?
  • Зерттеуді қандай әдістермен жүргізуге болады?
  • Гипотеза деген не?
  • Қандай тіркеу түрлерін білесіңдер?

Сабақтың мақсатын, бағалау критерийін айқындау.

Сабақтың ортасы

Нені зерттеуге болады?

Топтық жұмыс.

Зерттеу тақырыбын талқылау.

Таңдалған зерттеу жолын анықтау. Оны жүргізу мүмкіндігін бағалау.

Сюжетті суретпен жұмыс.

Сұрақ:

  • Нені зерттеуге болады?

Жұпта талқылау.

Болжалды жауаптар:

  • жауын мөлшерін өлшеу,
  • жел күшін өлшеу,
  • бірнеше күн бойы температураны өлшеу т.б.

Суреттегі балалардың киіміне назар аударту.

Ұжымдық талдау.

Зерттеу сұрағын құрастыру.

  • Күртенің қайсысы жылырақ?

Өз гипотезаңды ұсын.

Жұмыс барысында зерттеудің мақсатын тұжырымдайды.

Топтық жұмыс.

Сұрақ:

  • Неге зерттеу арқылы білгің келгенді, мақсатыңды алдын ала нақты тұжырымдау қажет?

Пікірлерін тыңдау.

Сұрақ:

  • Көшедегі адамдарға қарап әртүрлі зерттеулер жүргізе ала ма?
  • Қандай күртке жылырақ, бір түсті ме әлде түрлі түсті ме, ұзын ба әлде қысқа ма? – деген сұраққа жауап табу.

Талқылау және қорытынды жасау: зерттеу мақсатын дұрыс анықтаса, зерттеу нақты нәтижеге әкеледі.

  • Зерттеу сұрағынан басқа зерттеуді өткізу алдында гипотеза жасалатынын талдау.
  • Гипотезаның анықтамасын құрау.
  • Әр топтың эксперимент нәтижесі туралы өз гипотезаларын ұсынуы және жазуы.

ҚБ. Мұғалімнің топ гипотезаларын қалыптастырушы бағалауы.

Ресурстар.

Зерттеуді жүргізуге қажет ресурстардың тізімін құру.

Топтық талқылау.

«Күртенің қайсысы жылырақ?» сұрағына жауап беру үшін жүргізілетін зерттеуге қажетті материалдардың тізімін құру.

Жеке топтарға жетекші сұрақтар:

  • Күртені тек бір материалдан ғана тігуге бола ма? Түрлі материал қолдануға болады ма?
  • Температураны немен өлшеуге болады?
  • Суық ортаның көзі ретінде нені алуға болады?

Пікірлерімен алмасу.

Ресурстардың ортақ тізімін құрастыру

Мысалы, түрлі маталар қиықтары, термометр, мұз, пластик стақандар.

Зерттеу жоспары.

Зерттеу жоспарын құрастыруды топта талдау.

Зерттеу жоспарының жазылған үлестірмелі парақша тарату.

Сұраққа жауап беру арқылы зерттеу жоспарының қадамдарын анықтау.

  • Мата қиықтары бірнешеу. Неліктен? (Салыстыру)
  • Термометрлерді матаға орау
  • Матаға термометрді орағаннан кейін қайда орналастыру қажет?

Термометр оралған матаны стақанға орналастыру.

  • Суық ортаны қалай жасауға болады? (мұз салу)

Зерттеуге қойылатын үш негізгі талапты еске түсіру:

  • зерттеу мүмкіндігі,
  • ресурстардың қолжетімділігің
  • нақты уақыт аясы.
  • Талаптардың барлығы жоспарда көрсетілді ме? (Уақыт аясы белгіленбеді.)

5 минут уақыт белгілеу

Өлшеулерді қалай жүргізуге болады?

Зерттеудің заңын қайталау (зерттеу жүргізу барысында тек бір ғана параметр, бір ғана шама өзгереді). Сондай ақ өлшеуіш құралдармен жұмыс істеу дағдысын бекіту.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Өлшеу жұмысын қандай құралмен жүргіземіз?
  • Өлшеуді қалай жүргіземіз?
  • Қандай шамаларды өлшейміз?
  • Қай өлшем өзгермей, тұрақты болып қалады? (Матаның түрлерін өзгертеді, ал температураны өлшейді. Сыртқы температура тұрақты болады).

Жұбымен бірге өлшемдерді қалай жүргізу керектігін талқылау.

Практикалық жұмыс.

Жұптарға екі-екіден суық су мен жылы су құйылған стақандарды, термометр тарату.

Температураны өлшеу, нәтижесін тіркеу.

Өлшеу нәтижелерін тыңдау.

Қорытынды жасау.

Өзіндік жұмыс

63-жұмыс парағы. «Зерттеу».

Негештің зерттеуі. Зерттеу сұрағын тұжырымдау, қажетті материал тізімін құрастыру және қорытынды жасау.

Ықтимал жауаптар:

Зерттеу сұрағы: Доптардың қайсысы басқаларынан биікке серпіледі?

Негешке зерттеу жасау үшін не қажет болды? Теннис, футбол доптары, әуе шары, сызғыш.

Негеш нені анықтады? Теннис добы биігірек серпілетінін анықтады.

64-жұмыс парағы. «Зерттеуді қалай жүргізеді?»

Зерттеу жоспары. Ұсынылған зерттеудің біреуіне жоспар құрау. Кестеде әрекеттердің реттілігін сипаттау.

ҚБ. мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Сюжетті сурет (суық мезгілде сыртта ойнап жүрген балалардың суреті)

Зерттеу жоспарының жазылған үлестірмелі парақша

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексия кезеңі.

Не үйрендік? Сабақ кезеңдерін пысықтау.

Әр оқушы параққа зерттеу кезеңдерін жазып шығу және жұпта тексеру, бағалау.

Зерттеу сұрағын, мақсатын қою, гипотеза жасау, жоспарын құру, эксперимент жүргізу, нәтижесін тіркеу, қорытынды жасау

Кері байланыс.

Мен білдім: .........................

Мен түсіндіре аламын ................................

Менің түсінбегенім .....................................

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.

Кері байланыс парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс барысында саралау.

Сұрақ қою барысында саралау.

Тапсырмалар бойынша саралау.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

- мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау, бағыттау);

- жұпта өзара бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жазбаша кері байланысы;

- оқушылардың жауабын, іс-әрекетін бақылау

- Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу