- Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
- 6.1 А. Ғылым әлемі
| |
| |
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
| Зерттеуді жоспарлау |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.3.1 Зерттеуді жоспар бойынша жүргізу 6.1.3.2 Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтау |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - Зерттеуді жоспарлау қадамдарын анықтайды;
- Зерттеуді жоспар бойынша жүргізе алады;
- Зерттеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтайды;
|
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -Зертеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтайды; -Зерттеуді жоспарлайды және жоспар бойынша жүргізеді; -Практикалық жұмысқа дәлелдер келтіре отырып қорытынды жасайды |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Зерттеу жоспарын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. - Зерттеуді жоспарлау қадамдарын ауызша түсіндіре алады. -Жұмыс барысында өз ойын айтады және ары қарай жоспарлау үшін зерттеу нысандарын анықтауға ой қоса алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Зерттеу жоспары, қауіпсіздік ережесі, іздеу, талдау, бағалау, жоспарлау. Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестері: Зерттеу жоспарына бойынша ... Зерттеу нәтижесіне санауға болады ... Зерттеу жүргізгенде техника қауіпсіздігі ережесін ... Глоссарий Қазақша | На русском | In English | Зерттеу жоспары | План исследования | Plan of research | Қауіпсіздік ережесі | Правила безопасности | Safety rules | Іздеу | Поиск | Search | Талдау | Анализ | Analysis | Бағалау | Оценивание | Evaluation | Жоспарлау | Планирование | Planning |
|
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқуға құштарлық, қоршаған ортаны танып-білуге құштарлық. Оқушылардың бірін-бірі сыйлауы, мұғалімді сыйлауы. Оқушылардың айтқан пікірлері мен ойына сыйластықпен қарау. Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. |
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар эксперименттік тапсырма барысында сұйықтың булану жылдамдығын анықтау барысында дүниетану/физика пәнімен байланыстырылады. Өлшеу жұмыстарын жүргізу, есептеу жұмыстары кезінде математикалық білімдерін қолданады. |
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды таба алу. Өз бетінше ақпараттармен жұмыс істей алу: іздеу, таңдау, талдау, бағалау, ұйымдастыру, ұсыну. |
Бастапқы білім | 5-сынып, Жаратылыстану, «Ғылым әлемі» бөлімі 5.1.3.1 зерттеу жоспарын құрастыру 5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін тұжырымдау |
ЖОСПАР |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-2 мин 3-7 мин 8-10 мин | 1. Алғашқы эксперимент Оқушыларға алғашқы экспериментті өз еріктерімен ешбір жоспарсыз жүргізуді ұсыныңыз. Сыныпты үш топқа боліп керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіңіз Уақытты тікелей анықтауға тырыспа оны екі зерттеумен салыстыр. 2. Экспериментті орындау Оқушыларға парақтың құлау уақытының қандай жағдайларға тәуелді екенін зерттеуді ұсыныңыз. Оқушылар парақты - Әртүрлі биіктіктен тастайды;
- Парақты бірнеше рет бүктеп оның ауданын өзгертеді
- Параққа бірнеше парақ қосып, әртүрлі ұсақ денелерді олардың үстіне қойып оның массасын өзгертеді
3. Қиындықтарды талқылау Олардың қандай қиындыққа кез болғанын талқылаңыз. Оқушылардың мүмкін жауабы: -зерттеуді жүргізу үшін арнайы нұсқаулықтың болмағаны. | Презентация Қағаз парақтары |
11-25 мин 25-29 мин 30-35 мин | 4. Жаңа сабақты түсіндіру Эксперименттің алдында техника қауіпсіздігімен таныстырыңыз «Сұйықтың булану жылдамдығы неге тәуелді?» деген зерттеу жүргізу Тәжірбиені орындау нұсқаулығын ұсыну: - Әртүрлі сұйықтықтың булану жылдамдығын зерттеу
- Қағазға әртүрлі сұйықтың бірдей тамшыларын тамыз. Бақылау уақытын жазып ал.
- Булану үдерісін периодты түрде бақылап отыр.
- Булану уақытын жазып қой.
- Сұйықтың булану жылдамдығының оның бетінің ауданына тәуелділігін зерттеу:
- Әртүрлі екі шынының бетіне спирт тамшысын тамызып бірінің ауданын қолымен жаймалап үлкейт. Булануды бақыла.
- Қайсы тамшы тез буланды?
- Қорытындыларыңды дәптерге жаз.
- Сұйықтардың булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу:
- Сыныптағы ауаның және алақаныңның температурасын өлше. Термометрдің көрсетуін жаз.
- Спирттің бір тамшысын алақанға, ал екіншісін шыны бетіне тамыз.
- Тамшылардың булануын бақыла.
- Қорытындыны дәптерге жаз
- Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық бетінің ауа қозғалысына тәуелділігін зерттеу
- Екі шыныны салфеткамен сүртіп, оларға бір тамшыдан спирт тамыз.
- Шыныны партаның екі жағына орналастыр.
- Екі шынының бірін желпуішпен желпіп, ауа ағынын тудыр.
- Тамшылардың булануын бақыла.
- Қорытынды жаз.
Бірінші тәжірбиеге орал. Булану жылдамдығының сұйықтың тегіне тәуелділігі туралы қорытынды жаз. Қалыптастырушы бағалау: - мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар Оқушылар | - зерттеуді жоспар бойынша жүргізеді;
- зерттеуді қауіпсіз жүргізу жолдарын анықтайды.
- Зерттеуді жоспарсыз және жоспарлы жүргізудің айырмашылығын анықтап, салыстыра алады.
|
5. Сабақты қорытындылау Оқушыларға жазған қорытындыларын оқыт. -Зерттеу жүргізуге зерттеу жоспары көмектесті ме? -Қауіпсіздік техникасының қай түрін сақтау керек? -Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда не болар еді? 6.Тест –қалыптастырушы бағалау - мұғалім бақылауы және комментариі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар Оқушылар | - виртуальдік эксперименттік тапсырмаларды сыни ойлау арқылы орындайды;
- қай жағдайда физикалық құбылыстардың айырмашылығы бар екенін анықтай алады.
|
Қай жағдайда киімдер тез кебеді? Анықта және белгіле. Қысқа жауабыңды жаз. | Қосымша 1 Әр столға - Термометр
- 2 шынылар
- Парақ
- Лабораториялық стакан суымен спиртпен және маймен
- тамызғыш
- қол желдеткіші
- салфетка
презентация қосымша 2 қауіпсіздік ережесін қағазға шығарып іліп қойыңыз қосымша 3 |
Сабақтың соңы 36-38 мин 39-40 мин | 7. Кері байланыс Оқушылар «Жетістік баспалдағы» арқылы өздерінің сабақтан кейінгі көңіл күйлерін бағалайды, неліктен олай болғанын түсіндіреді. 8. Үй тәжірбиесі. Дайын жоспар бойынша оқушыларға тәжірибе жасауды ұсыну «Қисық фигураның ауданын анықта» - Тор көз параққа дененің суретін сал
- Қаламмен фигураның шеттерін сызып шық
- Контурға кірген торкөз санын санап шық егер тор көзге контурдың бір бөлігі ғана кірса оны жарты тор көз деп есепте
| Кері байланыс | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Барлық оқушылар Зертеуді қауіпсіз жүргізу шарттарын анықтайды Оқушылардың көпшілігі Зерттеуді жоспарлайды және жоспар бойынша жүргізеді. Кейбір оқушылар Практикалық жұмысқа дәлелдер келтіре отырып қорытынды жасайды | - Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
- Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
- Жұптық жұмысты бағалау
- Оқушылар теория жүзінде алған білімдерін өздік және қалыптастырушы бағалау кезінде қолданып, 80% дұрыс тапсырмаларды орындаса оқу мақсатына жетеді.
- Эксперименттік жұмыс барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы жұптық бағалау орындалады
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау Эксперименттік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін есте сақтау |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |