Ғарышқа қалай ұшады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

6 тарау 4 сабақ

Сабақ тақырыбы: Ғарышқа қалай ұшады?

Ұйымдастыру.

Өткен тақырып бойынша сыныппен викторина өткізіледі. Викторинаның мақсаты. Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сұрақ - Жауап

- Ғарышқа адамға дейін не ұшырылды? (ит)

- Зымыранның жылдамдығы неге тәуелді? (тиелген жүк массасына)

- Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар? (9)

- Ең алғаш ғарышта болған жасанды .....(серік)

- Алғаш ғарышқа ұшқан иттердің аты ....(Белка, Стрелка)

- Алғаш рет ғарышта адам қанша уақыт ұшты? (108 мин)

- Ғарышкердің киімі қалай аталады? (скафандр)

- Айға қонған астронавттар кімдер? (Нил Армстронг пен Базз Олдрин)

- Ғарышкердің бойы қанша болу керек еді? (170 см аспау керек)

Сабақтың ортасы:

  • Ұшу аппараттары.

Ұшу аппараттарының суреттерін көрсету арқылы суреттермен жұмыс жасалады. Оқушыларды ғарышқа ұшатын аппаратты анықтауға тапсырма бермес бұрын сұрақтар қойылады.

  • Суреттен қандай ұшу аппараттарын көріп тұрсыңдар?
  • Олардың әрқайсысының қандай ерекшеліктері бар?
  • Оларға не ортақ?
  • Қандай ұшу аппаратымен ғарышқа ұшуға болады?
  • Неліктен бұл ұшу аппаратын таңдадың, түсіндір. (Ғарышта ауа жоқ, сондықтан зымырандардан басқа аппараттар ұша алмайды)

Ұшу аппараттарының жылдамдықтарын сәйкестендіру тапсырылады. Оқушылар ұшу аппараттарының жылдамдықтарын сәйкестендіріп, өз шешімдерін дәлелдейді

ұшақ

тікұшақ

зымыран

пойыз

әуе шары

135 км/сағ

800 км/сағ

90 км/сағ

7 км/с

400 км/сағ

  • Зымыран қалай ұшады?

Оқушылар шармен жұмыс жасайды. Шарды үрлеп, одан кейін босатып, шардың ұшуын бақылайды, қаншалықты ұзаққа ұшқанын өлшеп жазу тапсырылады. Сұрақтар қойылып, зымыранның ұшу қозғалысымен салыстырылады.

  • Шар неліктен ұшты?
  • Шар неліктен құлады?
  • Шарды ұшу неге ұқсас?
  • Зымыранды қалай ұшырады деп ойлайсыңдар?

Шардың қозғалысқа түсуіне ұқсас тәсілмен зымыран қозғалтқышы оны итеретіні, зымыран ғарышқа ұшу үшін өте үлкен жылдамдықты үдетуі қажет екені жайлы айтылады. Осындай жылдамдыққа жету үшін зымырандарға ерекше реактивті қозғалтқыштар орнатылатыны түсіндіріледі. Бейнематериал көрсетуге болады.

  • Зертте

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа жұмыс істеу үшін скотч, ермексаз, құрастыруға арналған нұсқаулық, сопақ пішінді шарлар, жібек жіптер алдын-ала дайындалады. Зерттеу барысында оқушылар реактивті қозғалтқыштың жұмыс істеу қағидасын, оның жылдамдығы мен ұшу қашықтығының массасына тәуелді болатынын байқайды. Зерттеуді ойдағыдай өткізу үшін оқушыларға «зымыранды» құрастыру бойынша нұсқаулық беріледі.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:

Шарды үрлеу, жіппен байлау.

• Скотчтың көмегімен түтікшені бекіту және оған жіпті өткізу.

• Жіпті қойылған орындықтардың арқалықтарына байлау.

• Шарды орындықтардың біреуіне ығыстыру, жіпті шешіп жіберу.

• Шардың ұшу ұзақтығын сантиметрлік таспамен өлшеу.

• Шарға кішкене ермексаз жапсырып, экспериментті қайталау.

• Өз бақылауларын зерттеушінің күнделігіне жазу. Зерттеу нәтижелерін талқылау.

  • Шардың салмағы өскен сайын, оның ұшу қашықтығы өзгерді ме? – деп сұрақ қойылады. (Өзгеріп отырды, салмағы ауырлаған сайын шардың ұшу қашықтығы азайды)
  • Ғарышкер қандай болу керек?

Оқушылар ғарышкерлерді сипаттайды.

  • Не үшін ғарышкерлер ондай сипатқа ие болу керек? деген сұраққа өз болжамдарын айтады.

Ғарыш «үйі». Қазіргі кезде ғарышкерлер ғарышта бірнеше апта, бірнеше айлар өткізетінін айтып, сол уақыт бойы ғарышкерлердің қайда болатыны сұралады. Ғарышкерлер орбиталық стансаларда тұрып, ғылыми жаңалықтар ашып, зерттеулер жүргізетіні айтылады.

  • Ойлан.

Оқушылардан ғарышкерлер ғарышта қандай зерттеулер жүргізуі мүмкін? деген сұрақ қойып, жауаптары тыңдалады.

Оқушыларға орбиталық стансада өсімдіктерді өсіру эксперименті жайлы айтылады. Ондай эксперименттер не үшін өткізілетіні талқыланады. (Қазіргі кезде ғарышкерлердің азығын Жерден жеткізеді. Бірақ ұзақ мерзімді сапарлар кезінде ол мүмкін емес болады. Сондықтан жейтін азықты ғарыш «үйінде» өсіруді үйрену керек)

  • Сен білесің бе?

Күн батареялары, олардың көлемі жайлы ақпаратты оқып, танысып, пайдасы жайлы пікір алмасады.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 73, 74- жұмыс парағы. 17, 18-б.

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
  • Қандай қызықты сәттер болды?
  • Қандай ойландыратын сұрақтар болды?
  • Біліміңді толықтыру үшін қандай ақпараттармен жұмыс жасайсың?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу