Ғарышқа қалай ұшады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жер және ғарыш

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Ғарышқа қалай ұшады?

Оқу мақсаты:

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

ғарышқа ұшу аппаратымен және олардың қозғалысындағы ерекшеліктермен танысады;

орбиталық стансаларда жүргізілетін жұмыс түрлері жайлы біледі.

Зымыранның ұшу әдісіне нұсқаулық арқылы эксперимент жасайды.

 Бағалау критерийі

Өткен сабақтарда алған білімдерін көрсетеді. Эксперимент тәртібін сақтап, нұсқау бойынша топпен эксперимент жүргізе алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп үйренеді.

Ғарышкерлерді сипаттайды. Нұсқау бойынша эксперимент жасап, өз ойларын жеткізеді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

реактивті қозғалтқыш

 Құндылықтар

Зерттеушілік

 Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Ғарышты игеру кезеңдерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Викториналық сұрақтар беру арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Сұрақ - Жауап

- Ғарышқа адамға дейін не ұшырылды?

- Зымыранның жылдамдығы неге тәуелді?

- Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?

- Ең алғаш ғарышта болған жасанды .....

- Алғаш ғарышқа ұшқан иттердің аты ....

- Алғаш рет ғарышта адам қанша уақыт ұшты?

- Ғарышкердің киімі қалай аталады?

- Айға қонған астронавттар кімдер?

- Ғарышкердің бойы қанша болу керек еді?

Викториналық сұрақтар

Сабақтың ортасы

  • Ұшу аппараттары.

Суреттермен жұмыс. Ұшу аппараттарының суреттерін беру. Оқушылар ғарышқа ұшатын аппаратты анықтайды.

  • Суреттегі ұшу аппараттарын ата.
  • Олардың қандай ерекшеліктері бар?
  • Оларға не ортақ?
  • Қандай ұшу аппаратымен ғарышқа ұшуға болады?
  • Неліктен бұл ұшу аппаратын таңдадың, түсіндір.
  • Ұшу аппараттарының жылдамдықтарын сәйкестендіру. Ұшу аппараттарының жылдамдықтарын неліктен олай сәйкестендіргендерін түсіндіру және дәлелдеу.

ұшақ

тікұшақ

зымыран

пойыз

әуе шары

135 км/сағ

800 км/сағ

90 км/сағ

7 км/с

400 км/сағ

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

  • Зымыран қалай ұшады?

Шарды үрлеу. Үрленген шардың жібін босатып жіберу. Шардың ұшуын бақылау.

  • Шар неліктен ұшты?
  • Шар неліктен құлады?
  • Шарды ұшу неге ұқсас?
  • Зымыранды қалай ұшырады деп ойлайсыңдар?

  • Зертте

Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа жұмыс істеу үшін скотч, ермексаз, құрастыруға арналған нұсқаулық, сопақ пішінді шарлар, жібек жіптер беру.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:

Шарды үрлеу, жіппен байлау.

• Скотчтың көмегімен түтікшені бекіту және оған жіпті өткізу.

• Жіпті қойылған орындықтардың арқалықтарына байлау.

• Шарды орындықтардың біреуіне ығыстыру, жіпті шешіп жіберу.

• Шардың ұшу ұзақтығын сантиметрлік таспамен өлшеу.

• Шарға кішкене ермексаз жапсырып, экспериментті қайталау.

• Өз бақылауларын зерттеушінің күнделігіне жазу. Зерттеу нәтижелерін талқылау.

  • Ғарышкер қандай болу керек?

Оқушыларға ғарышкерлерді сипаттату.

  • Не үшін ғарышкерлер ондай сипатқа ие болу керек?

Ғарыш «үйі». Қазіргі кезде ғарышкерлер ғарышта бірнеше апта, бірнеше айлар өткізетінін айтып, сол уақыт бойы ғарышкерлердің қайда болатынын сұрау. Ғарышкерлер орбиталық стансаларда тұрып, зерттеулер жүргізетінін айту.

  • Ойлан.

Оқушылардан ғарышкерлер ғарышта қандай зерттеулер жүргізуі мүмкін? деген сұрақ қойып, жауаптарын тыңдау.

Оқушыларға орбиталық стансада өсімдіктерді өсіру эксперименті жайлы айту. Ондай эксперименттер не үшін өткізілетінін талқылау.

  • Сен білесің бе?

Күн батареялары, олардың көлемі жайлы ақпаратпен оқып, танысу.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 73, 74- жұмыс парағы. 17, 18-б.

Ұшу аппараттарының суреттері

сызба

Шар, жіп

https://yandex.kz/video/search?filmId=4200188603258372136&text=ғарышқа%20қалай%20ұшады

скотч, ермексаз, құрастыруға арналған нұсқаулық, сопақ пішінді шарлар, жібек жіптер

Сабақтың соңы

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
  • Қандай қызықты сәттер болды?
  • Қандай ойландыратын сұрақтар болды?
  • Біліміңді толықтыру үшін қандай ақпараттармен жұмыс жасайсың?

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ғарыш туралы қызықты мәліметтер жинақтау

Викториналық сұрақтар, сәйкестендіру, зерттеу жұмысы бағаланады.

Эксперимент жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3. Летательный аппарат, на котором летала Баба Яга.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу