Егіншілік қалай өзгерді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау Жаратылыстану пәні 3 сынып 5 тарау 5 сабақ Сабақ тақырыбы: Егіншілік қалай өзгерді? Ұйымдастыру. «Суретті сөйлетейік» Оқушыларға егін және мал шаруашылығын бейнелейтін сурет көрсетіледі. Сурет бойынша сұрақтар қойылып, оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Жұптық жұмыс. Егін және мал шаруашылығының қандай пайдасы бар? Оқушылар жазба дәптерлеріне төмендегі сұрақ төңірегінде өз ойларын жазып, жұбымен ой бөліседі. Өз қалаулары бойынша жазбаларын оқып, басқалармен пікір алмасқан белсенді оқушылар ауызша бағалаланады. Сабақтың ортасы:
Оқулықтағы суреттермен жұптық жұмыс жасау. Бұрынғы кезде егін шаруашылығымен айналысқанда қандай құралдар мен көліктер, қазір қандай құралдар мен көліктер пайдаланатыны туралы жазып, кестені толтыру. Оқушылар жұппен ақылдаса отырып, кестеге өз ойларын жазады.
Кестені дұрыс толтырған жұптар ауызша бағаланады.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық Зерттеуші күнделігіне Егін шаруашылығы
Көгөніс шаруашылығы Астық шаруашылығы Бағбаншылық Оқушыларға сөздер немесе суреттер (жүгері, тары, қызылша, қызанақ, алма, алмұрт, күріш, өрік, қияр, картоп, шабдалы, сәбіз, арпа, шие) ұсыну. Олар берілген сөздерді 3 топқа жіктеп, егін шаруашылығының үш топқа бөлінетіндігіне көз жеткізеді. • Берілген сөздер арасынан көгөністерді таңдап, көгөніс шаруашылығына жазады немесе жабыстырады. • Берілген тұқымдардан дәнді дақылдарды таңдау. Олардың аттарын сәйкес бағанға жазады. • Қалған тұқымдардан қандай өнім алынатынын сұрау. Жемістер мен көгөністер бұрыннан таныс болғандықтан оларды тиісті шаруашылыққа орналастыру оңай болады, қалғаны дәнді дақылдар екенін өздері табады. • Қорытындыны зерттеуші күнделігіне жазады: Егіншіліктің үлкен 3 саласы бар деген қорытындыға келеді. Олар: жеміс ағаштарын өсірумен айналысатын шаруашылық бағбаншылық, көгөніс өсіретін бақшашылық, дәнді дақылдар өсіретін астық шаруашылығы деп аталады. Топтарға дұрыс жіктеген топты бағалау.
Оқулықтағы суреттерге назар аударту.
Оқушыларға жаңа сұрыптар шығарумен айналысатын ғылым селекция деп аталатынын айту.
Топта талқылау. Әр топ өз шешімдерін айтып, дәлелдемелер келтіреді. Жерлерді алдын ала жыртып қояды, сонда топырақтың арасына су, ауа кіріп, жұмсарады деген қорытынды шығады. Жұмыс дәптері. 8-жұмыс парағы. «Егіншілік қалай өзгерді?», 10-б. Егіншілік құралдарын оның атауларымен бағыттама арқылы қосып, сәйкестендіреді. Рефлексия - Егіншілік деген не? - Егін шаруашылығының қандай түрлері бар? - Бүгінгі сабақтан қандай жаңа ақпаратпен таныстыңдар? - Топырақтың егін және мал шаруашылығына әсері қандай екен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?