Егіншілік қалай өзгерді? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Заттар және олардың қасиеттері . Табиғат ресурстары | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Күні: | ||||||||||||
Тақырыбы: | Егіншілік қалай өзгерді? | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау; | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: Егін шаруашылығының түрлерімен танысады; Өз беттерімен ізденушілік жұмыстармен айналысып, білімдерін толықтырады | |||||||||||
Бағалау критерийі | Егін шауашылығын 3 топқа дұрыс жіктеуді бағалау. Топтық, жұптық бағалау бағалау | |||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||
Құндылықтар | Топырақты қорғау | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Топырақтың құнарлылығы туралы біледі | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру. Суреттермен жұмыс. «Суретті сөйлетейік» Егін шаруашылығы және мал шаруашылығы бейнеленген суреттер көрсету.
Жұптық жұмыс. Оқушылар жазба дәптерлеріне төмендегі сұрақ төңірегінде өз ойларын жазып, жұппен ой бөлісу.
Өз қалаулары бойынша жазбаларын оқып, басқалармен пікір алмасқан белсенді оқушыларды ауызша бағалау. |
Сурет | ||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Оқушылардан сұрау. Жауаптарын тақтаға тізбектеп жазу. Оқулықтағы суреттермен жұмыс жасау. Жұптық жұмыс. Оқушылар жұппен ақылдаса отырып, кестеге өз ойларын жазу. Бұрынғы кезде егін шаруашылығымен айналысқанда қандай құралдар мен көліктер, қазір қандай құралдар мен көліктер пайдаланатыны туралы жазып, кестені толтыру.
Кестені дұрыс толтырған жұптарды ауызша бағалау.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық Зерттеуші күнделігіне Егін шаруашылығы:
Оқушыларға сөздер немесе суреттер ұсыну (жүгері, тары, қызылша, қызанақ, алма, алмұрт, күріш, өрік, қияр, картоп, шабдалы, сәбіз, арпа, шие). Олар берілген сөздерді 3 топқа жіктеп, егін шаруашылығының үш топқа бөлінетіндігіне көз жеткізеді. • Берілген сөздер арасынан көгөністерді таңдап, көгөніс шаруашылығына жазу немесе жабыстыру. • Берілген тұқымдардан дәнді дақылдарды таңдау. Олардың аттарын сәйкес бағанға жазу. • Қалған тұқымдардан қандай өнім алынатынын сұрау. Жемістер мен көгөністер бұрыннан таныс болғандықтан оларды тиісті шаруашылыққа орналастыру оңай болады, қалғаны дәнді дақылдар екенін өздері табады. • Қорытындыны зерттеуші күнделігіне жазу: Егіншіліктің үлкен 3 саласы бар деген қорытындыға келу. Олар: жеміс ағаштарын өсірумен айналысатын шаруашылық бағбаншылық, көгөніс өсіретін бақшашылық, дәнді дақылдар өсіретін астық шаруашылығы деп аталады. Топтарға дұрыс жіктеген топты бағалау.
Оқулықтағы суреттерге назар аударту.
Оқушыларға жаңа сұрыптар шығарумен айналысатын ғылым селекция деп аталатынын айту.
Топта талқылау. Әр топ өз шешімдерін айтып, дәлелдемелер келтіреді. Жерлерді алдын ала жыртып қояды, сонда топырақтың арасына су, ауа кіріп, жұмсарады деген қорытынды шығады. Жұмыс дәптері. 8-жұмыс парағы. «Егіншілік қалай өзгерді?», 10-б. Егіншілік құралдарын оның атауларымен бағыттама арқылы қосып, сәйкестендіру. | Кесте Сөздер, суреттер
сурет
сурет | ||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия - Егіншілік деген не? - Егін шаруашылығының қандай түрлері бар? - Бүгінгі сабақтан қандай жаңа ақпаратпен таныстыңдар? - Топырақтың егін және мал шаруашылығына әсері қандай екен? | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Егін шаруашылығында қандай қиындықтар кездеседі ? сұрағына үлкендерден сұхбат алу. | Жұптық, топтық бағалау түрлерін қолдану. | Топтық жұмыс жасауда тәртіп ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?