Суды қалай тазартады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

4-тарау 6-сабақ

Сабақ тақырыбы: Суды қалай тазартады?

Ұйымдастыру. Проблемалық жағдаят мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

Проблемалық жағдаяттан шығу жолын сұрау және оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Проблемалық жағдаят: Сен шөл далада келе жатырсың. Өзіңмен алған суың таусылып қалды. Бірақ қолыңда үлкен асыл тас бар. Бір шөлмек су үшін не істеуге дайынсың? Қолыңдағы үлкен асыл тасты бір шөлмек суға айырбастар ма едің?

Бұл жағдаяттың мақсаты судың маңызын тереңірек ұғындыру.

  • Суреттерге қара. Бұл суқоймаларының жағасында не бар деп ойлайсың?
  • Бұл жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?
  • Қандай өсімдік түрлері өседі?
  • Бұл суқоймаларының маңында адамдар демала ма?
  • Қалай ойлайсың, мына суқоймалардан су ішуге бола ма? Неліктен?
  • Кез-келген суды ішуге бола ма?
  • Өздерің ішіп жүрген су қандай? Түсі, дәмі?
  • Біз күнделікті пайдаланатын суды қалай тазартатыны жайлы білгілерің келе ме?

Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді. Барлық топқа қажетті құралдар алдын-ала дайындалады. Бір мөлдір ыдысқа су құйып, ішіне ұсақ заттар салу. Тәжірибе жасау арқылы суды осы заттардан тазартуға жолын қарастыру. Барлық топтарға зерттеу жұмысының жоспарын жасауды тапсыру. Әр топ құрастырған жоспарларын ортаға салады. Жоспарларды бүкіл сынып болып талдап, ең маңыздысын таңдап, тәжірибе жасау.

  • Су бетіндегі қоқыстарды қасықпен алу.
  • Суға магнит салу. Не болды? (Магнитке темір заттар тартылды) Басқа денелер неліктен тартылмады? (Магнит тек темірді тартады)
  • Қоқыстары бар суды кепсермен сүзу. Кепсер тесіктерінен қандай заттар өтпей қалғанын анықтау. (Күріш дәндері) Не себепті құм әлі де судың құрамында жүр? (Құм кепсер тесіктерінен де ұсақ.)
  • Суды құмнан елеуіш арқылы тазарту. Су алдыңғысынан тазарды ма?
  • Суды дәке мен сүзгіш қағаздардан өткізу.
  • Нәтижесін кестеге толтыру.

судан шыққан денелер

шығарған құралдар

Тәжірибені қорытындылау. Суды тазарту жолдарын қайталап ретімен айту.

Оқушыларға көзге көрінбейтін қоқысты арнайы сүзгінің көмегімен тазартуға болатынын айту.

Есте сақта. Суды ішуге не тамақ әзірлеуге пайдалану алдында тазарту қажет, ол үшін сүзгіні қолдануға болатынын айту.

Сен білесің бе? Хлор және суды хлорлау туралы мәлімет беріледі.

Ойлан. Көл немесе өзен суын қолдан тазарту жолдарын ойластыруды ұсыну. (Суды таза матадан не бірнеше қабат дәкеден өткізіп қоқыстан тазартуға болады). Жоғары температурада ғана жойылатын бактериялар мен микробтардан қалай тазартады? (Суды қайнату қажет.)

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 55, 56-жұмыс парағы (57, 58 б.)

Рефлексия. «Ақылдың алты қалпағы». Әр топқа түсті қалпақ беріледі.

Топ мүшелері қалпақтың түсіне қарай сабақ туралы өз ойларын айтады.

Ақ - сабаққа қатысты сандық деректер, анықтамалар

Сары - сабақтың сәтті кезеңдері

Қызыл – сабақ барысындағы сезім, эмоция

Қара – сабақтағы сәтсіз кезеңдер

Жасыл – шығармашылық жағы

Көк – саралау, талдау жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу