Суқұбырдың қызметі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Күні: | |||||||||||
Тақырыбы: | Суқұбырдың қызметі | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: судың үйге қалай жететінін және оның қайда кететінін біледі; сарқынды суларды тазарту қажеттілігін түсінеді. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Судың қалай тазаланатынын біледі; Ортақ жұмысқа шығармашылықпен қарайды. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||
Құндылықтар | Суды қорғау, үнемді болу | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Суды тазарту жолдарын біледі | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру Проблемалық жағдаят. Алмас бақша суарып жүрген еді. Досы Айдос: - Алмас, жылдам кел! Футбол ойнаймыз,- деп шақырды. Алмас бақша суарып жатқан шлангіне жерге тастады да, досына жүгірді. Айдос одан: - Алмас, сен тым жылдам келдің, шлангіні жаптың ба?-деп сұрады. Алмас: - Жоқ, жаппадым. Жауып не керегі бар, аға берсін, онсыз да су көп емес пе, содан соң жабармын, -деді.
- Қалада барлық үйде су бар. Ол су қайдан келеді, не арқылы келеді және қайда кетеді, білесіңдер ме? - Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
| сурет | |||||||||
Сабақтың ортасы
| Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару. Жұпта жұмыс жасау. Судың жүретін жолын көрсеткі бағыты арқылы бір-біріне айту. Жұптарды тыңдау. Басқа оқушылардың жауапты толықтыруын сұрау. Жетекші сұрақтар: - Су бастауы қай жерден басталады? - Сорғыларда қандай үдеріс болады? - Өзеннен су ішуге бола ма? - Қандай су ішу керек? Мұғалімнің түсіндіруі. Су ішуге және жалпы қолдануға жарамды болу үшін микробтардан, жағымсыз дәм мен түстен тазартылады. Су сорғылар арқылы көлдерден, өзендерден немесе су қоймаларынан алынады, ал үлкен құбырлармен су тазарту құрылыстарына жіберіледі. Мұнда қалдықтар, бұтақтар, басқа ірі бөтен заттарды алып тастау үшін су сүзіледі. Содан кейін суды химиялық заттармен тазартады, одан кейін тас пен құмның қабаттарынан өткізеді. Одан кейін судағы микробтарды жою үшін арнайы бактерияларды қосады, хлорлайды. Тек содан кейін ол үйге құбырлар арқылы өтеді. - Адамдар жақын маңда суқоймалар болмаса, суды қайдан алады? - Құдықтағы су қайдан пайда болады? - Құдықтан және ұңғымалардан алған суды тазарту қажет пе? - Құдыққа қоқыстардың түсуі мүмкін бе? - Құдыққа қоқыс түспес үшін не істеу керек? Суды тазарту.
Модель жаса. Топтық жұмыс. Қажетті ресурстар алдын-ала дайындалады. Пластикалық стақан – тұтынушылар, ал ыдыстағы су – су көзі.
Әр топ эксперимент жүргізуге арналған жоспар жасайды. Сыныппен жоспарларды талқылау, қажетті жоспарды таңдау. Нұсқаулық
Талдау сұрақтарымен жұмыс.
Ойлан. - Адамдар өзенді не үшін пайдаланады? - Қаладағы суқұбыр жолының соңынан су тартуға бола ма? - Суды қай жерге ағызған дұрыс? Сен білесің бе? Бұрынғы кезде Сарайшық қаласының орнында қазба жұмыстарының нәтижесінде суқұбырлар табылғанын айту. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 57, 58-жұмыс парағы (59, 60 б.) | сурет коктейльге арналған әртүрлі диаметрдегі үш түтікше; скотч орамы, құйғыш, суы бар ыдыс, штатив, пластикалық төрт стақан. | |||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия
| ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Өз суқұбырының макетін ойластыру (жеке, жұпта) | Модель жасау | Қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?