Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| |||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын және жоғары температураға бейімделуін түсіндіреді. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика. | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өсімдіктің бейімделуін, температура туралы бәледі. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут | Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!» Оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді. -Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын жаттап алайық. Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын. -Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар? «Мұғалім-оқушы» диалогі. Сұрақтар қоя отырып тақырыпты ашу.
Эврикаға сұрақтарға жауап берумен көмектесу. 1. Бір тәулік ішінде күн райының, судың, топырақтың температурасы қалай өзгереді? Ал жыл мезгіліне байланысты қалай өзгереді? 2. Өсімдіктер жылдың қай мезгілінде тез өседі? | Слайд №1,2 Оқулықпен жұмыс Слайд №3 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 3 минут 7 минут 3 минут 2 минут 2 минут 2 минут 8 минут | Оқушыларды «Айна» стратегиясы арқылы жұптастыру. Қыр басында. Оқушыларына жұптасып қырдың оңтүстік және солтүстік беткейлеріндегі өсімдіктердің айырмашылығына қатысты кесте құруға тапсырма беру. Өсімдіктің әртүрлі температураға бейімделуі туралы қорытынды жасайды. Кесте құру барысында басшылыққа алынатын критерийлер: жылуды аз/көп қабылдайды, мол/сирек шығады, сәнді/жұтаң гүлдейді.
Жылу. Өсімдіктің әр бөлігіндегі температураның айырмашылығын білу үшін диаграмма сызбасын талдау. Оқушылар өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жер астындағы бөлігіне қарағанда көбірек жылу алатыны туралы қорытынды жасайды. Зертте. Зерттеу жүргізу үшін түйе жантағы, жусан, жабайы ассүттіген өсімдіктері бейнеленген А4 пішімдегі суретті үлестірме парақшаларын тарату. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Топ болып бұл өсімдіктердің қандай жерлерде өсетіні жайлы талқылау. Әр өсімдік қоршаған ортаның жоғары температурасына қалай бейімделе алатынын болжау. • Әр суреттегі өсімдіктің бейімделу тәсілін ерекшелеп, жазып қою. (Түйе жантағының тікенектермен қапталған құрғақ бұтақтары болады; жусанның жапырақшаларының ұсақ болатыны соншалық, олар талшықтарды еске түсіреді; жабайы ассүттіген қатты қызудан сақтану үшін күнге қырымен қарап тұрады, тіпті үлкен жапырақтары қатты қызғаннан күюі де мүмкін.) • Ортақ параққа жапсырып, қорытынды шешім шығару. • Басқа топтардың шешімдерімен салыстыру. Әр топтың зерттеу нәтижесін тыңдап, оны талдап, бағалау. «Мұғалім-оқушы» диалогі. Өсімдік тез өсуі үшін жылу мөлшері жеткілікті болуы керек. Олар жылуды Күннен қызған ауа мен топырақтан алады. Өсімдіктің өсіп-жетілуіне 15-тен 30 градусқа дейінгі температура қолайлы. Қатты қызған Күннің тікелей сәулесінен өсімдік күйіп кетуі мүмкін. Аптап ыстықтан қорғану үшін олар ылғалды көбірек буландырып, тез салқындайды. Өсімдіктерге суық та әсер етеді. Жылусүйгіш өсімдіктерге ауаның сәл салқындауы да зиян тигізуі мүмкін. Ал суыққа төзімді өсімдіктер қатты аязға да шыдайды. Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу. Ойлан! Жаздың ыстық күндері дала өсімдіктерінің температурасы неліктен ауа температурасынан төмен болатынын талқылау. Дала өсімдіктері жаздың ыстық аптабында ылғалды көбірек буландырып, ұзын жіңішке жапырақтарын салқындатады. Осылайша өсімдіктің жер үстіндегі бөліктерінде температура салқындайды. Сен білесің бе? Жұмсақ қар жылы көрпе сияқты өсімдік тамырын жауып, аяздан қорғайды. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 9-жұмыс парағы. «Өсімдік тіршілігіндегі жылу», 11-б. Ыстық – суық. Оқушылар дұрыс жауапты белгілеуі қажет. Бұл тапсырма өсімдіктің жоғары температураға бейімділігі туралы оқушылардың білімдерін бекітуге арналады (Жауаптары: 1. «Суыққа бейімделген өсімдіктер» – жапырақтары түседі, жер бетіндегі мүшелері қурап, солып қалады. 2. «Ыстыққа бейімделген өсімдіктер» – ылғалды көп буландырады, жапырақтары ұсақ болады, жапырақтың тікенді болады, жапырақтары қалың түкпен қапталады, жапырақтар күн сәулесіне қырымен орналасады). Өсімдіктің өсуіне қажет жағдайлар. Оқушылар диаграмманы оқып, сұрақтарға жауап береді, өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін қолайлы температура туралы қорытынды жасайды (Жауаптары: Өсімдіктің өсуіне қолайлы температура: + 25 0С. Қандай температура өсімдікке кері әсер етті? Өсімдік үшін қауіпті температура: + 40 0С. Қандай температурада өсімдіктің өсуі мен дамуы баяулайды: 5 0С, 10 0С, 30 0С. Қорытынды: өсімдіктің өсуі үшін 25 0С қажет, осы температурада өсімдік жақсы өседі әрі дамиды. Жоғары не төмен температура өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейді). 10-жұмыс парағы. «Өсімдік үшін жылудың маңызы», 12-б. Өсімдік қайда өседі? Оқушылар диаграмманы талқылап, өсімдіктердің тіршілік ортасы туралы қорытынды жасай алады (Жауаптары: Ең жоғарғы температура гүлде, ал ең төменгі температура тамырда болады. Ыстық ауа жерді жылытады, тамыр температурасы жоғарылайды, бірақ жапырақ пен өсімдік сабағынан айырмашылығы көп емес. Өсімдік шөлде өседі. Жапырақтары кішкентай тікендерге айналған). Бағалау.
| Слайд №4,5 Кесте толтыру Оқулықпен жұмыс Слайд №6 Түйе жантағы, жусан, жабайы ассүттіген өсімдіктері бейнеленген А4 пішімдегі суретті үлестірме парақшалар. Оқулықпен жұмыс https://www.youtube.com/watch?v=Xn6Q73aB5XM Слайд №7 Дәптермен жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Тәжірибе де жасадық, Соныменен сабақта Не білдік, не үйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп, сұрақтарға жауап береді: - Нені білдім, нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім? - Қандай жұмысты жалғастыру қажет? -Сабақтың басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?
| Хабарлама, хат жазу Слайд №8 | ||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?