Өсімдік тіршілігіне судың әсері. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
- «Асық» арқылы топқа бөлу. Сыныптағы бала санына қарай 4 түрлі түсті асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады, түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды.
- Тамыр туралы ақпарат. Тамыр (лат. radix) — тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.
Кейбір өсімдіктерде Тамырда қоректік зат жиналады, атпа тамырлы өсімдіктер Тамырымен вегетативті көбейеді. Гүлді өсімдіктердің Тамыры тұқымның қорығынан басталады және бұны алғашқы тамыр деп атайды. Тамыр бой конусындағы өсу нүктесі жасушалары бөлінуі нәтижесінде ұшынан өседі.
Тамырдың 3 түрі болады:
Негізгі тамыр - Тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрі. Өсімдік сабағы мен бұл Тамыр аралығындағы жер тамыр мойны (сабақтың топыраққа кіре берген жеріндегі жіңішкелеу жері). Негізгі тамыр тұқымының ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.
-жіп тәрізді (мысалы, зығыр),
-шашақ тәрізді (көбінесе астық тұқымдас өсімдіктерде),
-білеу түрі (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде) кездеседі.
Жанама тамыр - негізгі тамырдан тарайды.
Қосалқы тамыр - құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен перицикл қабатынан өсіп шығады. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан дамиды. Пияздың түбіртегі, орамжапырақтың көсеу сабағы сияқты түрі өзгерген, сабақтардан да қосалқы сабақ өседі. Қосалқы тамыр Тамыр жүйесін ұлғайтады, негізгі және жанама тамыр жоқ жағдайда олардың қызметін атқарады, бұның кесіндісімен өсімдікті вегетативті көбейтуге болады.
Тамырдың сирек кездесетін түрлері де болады. Мысалы, ассимиляциялаушы тамыр, аспа тамыр, атпа тамыр, баған тамыр, балдақ тамыр, жемдік тамыр, емізік тамыр, тыныс тамыр, ілмек тамыр, түйнекшелі тамыр.
Тамырдың бөлімшелері.
Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.
Тамыр оймақшасы.
Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді.Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.
Бөліну аймағы.
Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортанғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортанғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.
Созылу (өсу) аймағы.
Созылу (өсу) бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіледі.
Сору аймағы.
Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамы түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінде түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орныны жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түтіктерінің ұзындығы әр түрлі. Әр бір түк - жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы жане вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Өткізу бөлімі.
Су мен онда еріген қоректі заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды,жанама тамырлар дамиды.
- Жапырақ туралы ақпарат. Жапырақ - өсімдіктің маңызды өсу мүшесі. Өйткені фотосинтез, газалмасу, булану үдерістері жапырақта өтеді. Оған қоса жапырақта органикалық заттар қоға жинақталады және өсімді көбеюге қатысады.Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді. Мысалы: терек, қараған, қайың жөке ағаштарыБір сағақта екі не одан да көп жапырақтар орналасатын болса, оны күрделі жапырақ дейді.
Жапырақтарының орналасуына қарай күрделі жапырақтар үшке бөлінеді:
- Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында үш жапырақша болады, мысалы: бедеде, сояда
- Саусақ салалы күрделі жапырақта 5 - 7 және одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып өседі, аттас, талшын, бөрібұршақ, қарасора.
- Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Жапырақшалар саны жұп болса жұп қауырсынды, жапырақшалар саны тақ болса тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді. Жапырақ тақтасының жиектеріне байланысты: бүтін жиекті (терек, жүгері, қияқ); үшкіртіс жиекті (қозықұлақ жапырағы); аратіс жиекті (қалақай); дөңес жиекті (жалбыз); айыс жиекті (өгейшөп) болады.
Сілтеме: http://bilimsite.kz/biologia/9402-zhapyraktyn-kurylysy-erekshelikteri-turleri.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?