Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері. Жаратылыстану, 3 сынып, дидактикалық материал.


  • Кесте құру. Қырдың оңтүстік және солтүстік беткейлеріндегі өсімдіктердің айырмашылығы.

Қырдың оңтүстік беткейлеріндегі өсімдіктер

Қырдың солтүстік беткейлеріндегі өсімдіктер

жылуды аз/көп қабылдайды

жылуды аз/көп қабылдайды

мол/сирек шығады

мол/сирек шығады

сәнді/жұтаң гүлдейді

сәнді/жұтаң гүлдейді

  • Жусан (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.

  • Жантақ (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

Жантақ (Alhagі) — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні — кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30 — 100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20 — 30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі — қызыл. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі — бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақ— дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, илік заттар, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Оның тұнбасынан геморройға қарсы ванна жасайды. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.

  • Қалыптастырушы бағалауға ұсынылған тапсырмалар.

1-тапсырма.

Өсімдіктің бөліктеріне тампература қалай әсер ететінін түсіндіріп жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

Білім алушы:

  • Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жер астындағы бөлігіне қарағанда көбірек жылу алатыны туралы біледі;
  • Жоғары не төмен температура өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейтінін сипаттайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу