Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
- «Мұғалім-оқушы» диалогі. Сұрақтар қоя отырып тақырыпты ашу.
Ауаның, топырақтың, судың температурасы тәулік ішінде қалай өзгереді?
Айналамыздағы ауаның температурасы өсімдікке қалай әсер етеді?
Эврикаға сұрақтарға жауап берумен көмектесу.
- Бір тәулік ішінде күн райының, судың, топырақтың температурасы қалай өзгереді? Ал жыл мезгіліне байланысты қалай өзгереді?
- Өсімдіктер жылдың қай мезгілінде тез өседі?
2. «Айна» стратегиясы арқылы жұптастыру. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
3. Қыр басында. Оқушыларына жұптасып қырдың оңтүстік және солтүстік беткейлеріндегі өсімдіктердің айырмашылығына қатысты кесте құруға тапсырма беру. Өсімдіктің әртүрлі температураға бейімделуі туралы қорытынды жасайды.
Кесте құру барысында басшылыққа алынатын критерийлер: жылуды аз/көп қабылдайды, мол/сирек шығады, сәнді/жұтаң гүлдейді.
4. Жылу. Өсімдіктің әр бөлігіндегі температураның айырмашылығын білу үшін диаграмма сызбасын талдау. Оқушылар өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жер астындағы бөлігіне қарағанда көбірек жылу алатыны туралы қорытынды жасайды.
Зертте. Зерттеу жүргізу үшін түйе жантағы, жусан, жабайы ассүттіген өсімдіктері бейнеленген А4 пішімдегі суретті үлестірме парақшаларын тарату.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Топ болып бұл өсімдіктердің қандай жерлерде өсетіні жайлы талқылау. Әр өсімдік қоршаған ортаның жоғары температурасына қалай бейімделе алатынын болжау.
• Әр суреттегі өсімдіктің бейімделу тәсілін ерекшелеп, жазып қою. (Түйе жантағының тікенектермен қапталған құрғақ бұтақтары болады; жусанның жапырақшаларының ұсақ болатыны соншалық, олар талшықтарды еске түсіреді; жабайы ассүттіген қатты қызудан сақтану үшін күнге қырымен қарап тұрады, тіпті үлкен жапырақтары қатты қызғаннан күюі де мүмкін.)
• Ортақ параққа жапсырып, қорытынды шешім шығару.
• Басқа топтардың шешімдерімен салыстыру. Әр топтың зерттеу нәтижесін тыңдап, оны талдап, бағалау.
5. Жарық сүйгіш өсімдіктері. Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы — кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер)— сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, атала, сансевиерия, зониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес) жатады.
Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер. Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге — парагус , бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер — маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі — эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін — эхмея, фризия, бильбергия, арегелия, криптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер — питкарния, пуйя жатады.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер — қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық , традесканция, зебрина, саркококка, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше.
Жылулықты сүйетін өсімдіктер. Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып, жапырағы түсіп қалады.
Сілтеме:https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%B9_%D3%A9%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?