Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 7 бөлім _Тағам және сусын _БІздің кафеде_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні:

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Біздің кафеде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Кафеге барғанда қолданатын сөздермен танысамыз, қолданып үйренеміз.

Бағалау критерийлері

Мұғалімнің көмегімен тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.

Тілдік мақсаттар

Кафе, даяшы, ас мәзірі, тапсырыс, кафеде өзіңді ұстау мәдениеті, көпшілік орындарда әдептілік, сыпайылық сақтау ережесі, шанышқы, пышақ..

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көру арқылы оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйрету, мәдениеттілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Бастапқы білім

1-3 тоқсанда дамытылған дағдылар мен білімге негізделеді.Оқушылар жазу нұсқаулары мен қарапайым әңгімелермен (мәтін) таныс.Әртүрлі сөйлем түрлерін жаза алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3-5 мин

«Шаттық шеңбері»

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау.

«Еуропа қалашығына саяхат» жасау

1 шапалақ-қол алысып амандасады

2 шапалақ -құлақтарымен амандасады

3 шапалақ-арқаларымен амандасу

4шапалақ- құшақтасып амандасу.

(МК) Сабақтың тақырыбын анықтау.

Ф Е А К

Кафенің суретін көрсетіп, оқушылардың кафе жайлы ойларын сұрау.

-Кафе дегеніміз не?

-Кафеге адамдар неге барады?

-Біздің қаламызда қандай кафелер бар?

-Кафеде қандай тағамдар мен сусындар болады?

-Кафеде кімдер жұмыс істейді?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Балалар, біз бүгін сендермен «Тағам және сусын» тарауы бойынша «Сыныпта кафе құру» тақырыбын өтеміз.

Кафеге барғанда қолданатын сөздермен танысамыз, қолданып үйренеміз.

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

6-15 мин

15-20 мин

20-30мин

(МК) Мәтінмен жұмыс

Мақсаты:Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

  • Мәтінді тыңдау
  • Мәтінде айтылған ережелерді есте сақтау
  • Мәтін мазмұнын ретімен баяндау

Тамақтану әдебі

Сөйлеу, киіну, мәдениеті секілді тамақтанудың да өзіндік ережесі бар.Тамақтану әдебі - үстелге отырудан басталады. Орындықты орнынан ақырын жылжыту, майлықты дұрыс пайдалану, ас құралдарын қызметіне қарай дұрыс қолдану-әдептілікке жатады.Оларды бір орнынан екінші орынға тарсылдатпай қою,тәрелкенің сол жағындағы шанышқыны сол қолмен, оң жағындағы пышақты оң қолмен ұстау керек .

Ас ішіп отырғанда газет, кітап оқуға болмайды.Ауыз жаппай сөйлеу, бір тұрып, бір отыру, кеседегі қантты қатты араластыру, тамақ жегенде ерінді сылпылдату, шәйді қатты ұрттап ішу және ауыздағы тағамды асығып-үсігіп шайнау -әдепсіздіктің белгісі.

Үстел үстінде  қандай ережелерді  сақтау  қажет:

-Үстел  үстінде тәртіп  және тазалық  болу  керек.

-Үстел  басына  таза қолымызды жуып  отырамыз.

-Тамақтану кезеңі сөйлемеу  және асты асықпай шайнау.

- Ас ішетін құралдар және майлықтарды дұрыс қолдана білу.

- Тамақтану кезінде шанышқы сол қолымызда, пышақты оң қолымызмен ұстаймыз

Ж)«Кім?Қандай?» ойыны

Мақсаты: өздігімен іздену дағдыларын дамыту.

Нұсқаулық:

1. Тірек сызбаларды оқу, талқылау

2. Тірек сызбаларды толтыру

3. Қорғау

1-топ:Кафе қандай болу керек?

2-топ:Даяшы қандай болу керек?

3-топ:Қонақтар қандай болу керек?

4-топ:Тағамдар қандай болу керек?

(ҚБ) Топтар бір-бірін толықтырады.

(Т)«Ас мәзірі» ойыны

Мақсаты:зерттеу дағдыларын дамыту

Нұсқаулық:

  • Қажет тағам түрін анықта
  • Қажет ыдысты таңда
  • Берілген сөздердің қайсысы қажет екенін тап

Сүт тағамдары

Ет тағамдары.

Жеміс пен көкөніс тағамдары.

Ұн тағамдары.

Әр топқа ингридиенттері бірдей жазылған сөздер беріледі.Оқушылар тағамды жасау үшін сәйкес сөзді таңдау керек.

1-топ:Сүтті сұлы ботқасы.

2-топ:Кеспе қосылған ет сорпасы.

3-топ:Көкөніс салаты.

4-топ:Алма бәліші.

Жұмыртқа картоп ұн пияз қияр қызанақ өсімдік майы кеспе қант маргарин тұз сұлы үлпектері сүт су май ет орамжапырақ лимон алма.

Әр топ жұмыстарын қорғайды.

(ҚБ) Топтар жұмыстарын өзара бағалайды.

-Балалар, кімнің тағамы сендерге көбірек ұнады?Стикерді өздерің ұнатқан тағамға жабыстырыңдар

Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың соңы

30-35 мин

35-40 мин

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

Кафеге барғанда қолданатын сөздер қолдануды білсе, екі қолын да көтереді

- Жартылай білсе, қолдарын беліне қояды

- Түсінбесе, қолын жай қояды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу