Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып_ 7 бөлім _Тағам және сусын _Рецепт жазып үйренемін_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Біздің кафеде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Кафеге барғанда қолданатын сөздермен танысамыз, қолданып үйренеміз.

Бағалау критерийлері

Мұғалімнің көмегімен тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды.

Тілдік мақсаттар

Кафе, даяшы, ас мәзірі, тапсырыс, кафеде өзіңді ұстау мәдениеті, көпшілік орындарда әдептілік, сыпайылық сақтау ережесі, шанышқы, пышақ..

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көру арқылы оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйрету, мәдениеттілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Бастапқы білім

1-3 тоқсанда дамытылған дағдылар мен білімге негізделеді.Оқушылар жазу нұсқаулары мен қарапайым әңгімелермен (мәтін) таныс.Әртүрлі сөйлем түрлерін жаза алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

5 мин

5 мин

«Шаттық шеңбері»

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау.

«Еуропа қалашығына саяхат» жасау

1 шапалақ-қол алысып амандасады

2 шапалақ -құлақтарымен амандасады

3 шапалақ-арқаларымен амандасу

4шапалақ- құшақтасып амандасу.

Өткен сабақты қайталау.

«Оңтүстік, солтүстік полюстер» ойыны.

Окушыларға тұжырымдар айтылады, егер ол тұжырым дұрыс болса оңтүстік полюске, ал бұрыс болса солтүстік полюс бұрышына барады.

(МК) Сабақтың тақырыбын анықтау.

Ф Е А К

Кафенің суретін көрсетіп, оқушылардың кафе жайлы ойларын ойын арқылы сұрау

«Кубизм» ойыны.

  • -Кафе дегеніміз не?
  • -Кафеге адамдар неге барады?
  • -Біздің қаламызда қандай кафелер бар?
  • -Кафеде қандай тағамдар мен сусындар болады?
  • -Кафеде кімдер жұмыс істейді?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Балалар, біз бүгін сендермен «Тағам және сусын» тарауы бойынша «Сыныпта кафе құру» тақырыбын өтеміз.

Кафеге барғанда қолданатын сөздермен танысамыз, қолданып үйренеміз.

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

6-15 мин

15-20 мин

20-30мин

(МК) Мәтінмен жұмыс

Мақсаты:Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

«Өрмекші торы» ойыны.

Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, мәтінің мазмұнын ретімен баяндайды. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді.

Тамақтану әдебі

Сөйлеу, киіну, мәдениеті секілді тамақтанудың да өзіндік ережесі бар.Тамақтану әдебі - үстелге отырудан басталады. Орындықты орнынан ақырын жылжыту, майлықты дұрыс пайдалану, ас құралдарын қызметіне қарай дұрыс қолдану-әдептілікке жатады.Оларды бір орнынан екінші орынға тарсылдатпай қою,тәрелкенің сол жағындағы шанышқыны сол қолмен, оң жағындағы пышақты оң қолмен ұстау керек .

Ас ішіп отырғанда газет, кітап оқуға болмайды.Ауыз жаппай сөйлеу, бір тұрып, бір отыру, кеседегі қантты қатты араластыру, тамақ жегенде ерінді сылпылдату, шәйді қатты ұрттап ішу және ауыздағы тағамды асығып-үсігіп шайнау -әдепсіздіктің белгісі.

Үстел үстінде  қандай ережелерді  сақтау  қажет:

-Үстел  үстінде тәртіп  және тазалық  болу  керек.

-Үстел  басына  таза қолымызды жуып  отырамыз.

-Тамақтану кезеңі сөйлемеу  және асты асықпай шайнау.

- Ас ішетін құралдар және майлықтарды дұрыс қолдана білу.

- Тамақтану кезінде шанышқы сол қолымызда, пышақты оң қолымызмен ұстаймыз

(Т)«Ас мәзірі» ойыны

Мақсаты:зерттеу дағдыларын дамыту

Нұсқаулық:

  • Қажет тағам түрін анықта
  • Қажет ыдысты таңда
  • Берілген сөздердің қайсысы қажет екенін тап

Сүт тағамдары

Ет тағамдары.

Жеміс пен көкөніс тағамдары.

Ұн тағамдары.

Әр топқа ингридиенттері бірдей жазылған сөздер беріледі.Оқушылар тағамды жасау үшін сәйкес сөзді таңдау керек.

1-топ:Сүтті сұлы ботқасы.

2-топ:Кеспе қосылған ет сорпасы.

3-топ:Көкөніс салаты.

4-топ:Алма бәліші.

Жұмыртқа картоп ұн пияз қияр қызанақ өсімдік майы кеспе қант маргарин тұз сұлы үлпектері сүт су май ет орамжапырақ лимон алма.

Әр топ жұмыстарын қорғайды.

(ҚБ) Топтар жұмыстарын өзара бағалайды.

-Балалар, кімнің тағамы сендерге көбірек ұнады?Стикерді өздерің ұнатқан тағамға жабыстырыңдар

Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың соңы

30-35 мин

35-40 мин

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

«Бес саусақ»

1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін сабақтан не білдім?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5. «Кішкентай  бөбек» - көңіл-күй ахуалы.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу