қазақ тілі_1-сынып_6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті_Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау_Қысқа мерзімді жоспар


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні: 16.03.17

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г. Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімедегі кейіпкерді сипаттау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жай сөйлемдер құрастырып жазамыз.

Бағалау критерийлері

Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салады. Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Ертегіге қатысты сөздер

Құндылықтарды дарыту

Достық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, математика

АКТ қолдану дағдылары

Көрсету, жазу

Бастапқы білім

Ертегілердегі кейіпкерлерді анықтай алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Таңғы шеңбер:

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне

Сәттілікке толсын!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ертегі кейіпкерлеріне байланысты жай сөйлемдер құрастырып жазамыз

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

20 минут

10 мин

Ж) «Алма» ертегісін көру

Мақсаты: ертегіні тыңдап, кейіпкерлерді анықтау.

Нұсқаулық:

1. Ертегіні тыңдау, көру.

2. Кейіпкерлерді есте сақтау

3. Кейіпкерлерді сипаттау

4. Кейіпкерлерді дәптерге жазу.

(ҚБ) Тақтада берілген жауаптар арқылы тексеру.

Ж) Мәтінмен жұмыс

Мақсаты: мәтінде берілген ақпаратты топтар бір-біріне айту арқылы мазмұнын түсінеді.

1-топ: Алма не себепті қарғанікі деп ойлайсыңдар?

2-топ: Алма не себепті қояндікі деп ойлайсыңдар?

3-топ: Алма не себепті кірпінікі деп ойлайсыңдар?

4-топ: Неліктен аю да алма алды деп ойлайсыңдар?

Нұсқаулық:

1.Суретті бояу

2. Себебін жазу

3. Дәлелдеп айту

(ҚБ) Ауызша жауап бере отырып, топтар бір-бірін тыңдау барысында бағалайды.

Сергіту сәті «Көңілді күн»

(Ө) Дәптермен жұмыс.

Мақсаты: Әріп элементтерін дұрыс байланыстырып салу. Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

(ҚБ) Жұптар бір-бірімен ауыстырып тексеру.

Үлестірмелі қағазға жазу.

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

Кім ертегі мазмұнын түсінсе, кейіпкерлерді анықтай алса, екі қолын да көтереді

- Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды

- Түсінбесе, қолын жай қояды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Қимыл қозғалыс ойындары

арқылы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу