Қазақ тілі_1cынып 6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ҰЛТТЫҚ КЕЙІПКЕР ЖАЙЫНДА ӘҢГІМЕ ЖАЗУ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Кудайбергенова С.Р | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 1 В | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ұлттық кейіпкер жайында әңгіме оқу | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтемеу) | О6 Оқу түрлері Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап тұтас,дауыстап оқиды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Әңгімеден нақты ақпаратты табады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерилері
| Жетістік критерийлері Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді. Әңгіменің мазмұнын түсінеді,басты кейіпкерлерінің анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Ұлттық ойын ,ереже,қиял-ғажайып,шыншыл,кейіпкер,сараң,жомарт,қу,алдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау. Миға шабуыл. «Сөз маржан» ойыны
-Балалар, қандай сөз тіркесі шықты? -Балалар, қандай сөз тіркесі шықты? -Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ойындарға критерийлерін тақтаға жазу/ (Ұ)Сурет арқылы оқушылар ертегідегі кейіпкерлерді атап көрсетеді. Алдар көсе,мақта қыз,Ертөстік,Жыл басына таласқан хайуандар бауырсақ т.б -балалар,бұл кейіпкерлер сендерге таныс па? - Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар. Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(жауап) Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап) Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі Ерте, ерте, ертеде, Ешкі құйрығы келтеде, Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады. Мақта қыз (Мысығын шақырады)- - Мияуым менің, қайдасың? - Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді) - Келмесең, келмей –ақ қой - деп (мейізді қыз жеп қояды) Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады. Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады. Мақта қыз - Мысығым-ау, мысығым, Тарғылы жақсы түсінің. Таңертең де, кеште де, Бетін жуған пысығым. Піш - піш десем, келе ғой, Айтқаныма көне ғой. Шақырғанда піш-піш деп, «Мяу! -деп дыбыс бере ғой Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді. Мысық.-Менің атым мысық, Екі көзім қысық. Тышқан аулап отырамын Сүт-көжемді ішіп –дейді Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың? Мақта қыз: Айтпаймын! Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін. Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады) Мысық: Берші, құйрығымды! Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер! Сөйтіп, мысық сиырға келеді. Сиыр :-Менің атым сиыр, Өрісім алыс қиыр. Етім үшін, сүтім үшін, Адамдар маған үйір - дейді. Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші! Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр. Сөйтіп, мысық ағашқа барады. Ағаш:-Мен жасыл ағашпын, Күтсеңдер гүл ашам, Жолыңа нұр шашам, Жапырағым азық, Бұтағым қазық. Саяма сағаларсың, Салқындап дем аларсың. Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші! Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін. Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады Қыздар.-Су - тіршілік негізі, Онсыз өмір сүрмейсің. Тазалықтың негізі, Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді. Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші. Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер. Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді. Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші. Дүкенші :- Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем. Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады. Мен тауықпын Өзім қақсауықпын. Күніне бір жұмыртқа табам, Осыған жетеді шамам - деп әндетеді. Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші. Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз. Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды. Тышқан – Мен тышқанмын, Өзім дән екпеймін. Егістен ұзап кетпеймін, Айналам толы ән, Қоймам толы дән, Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады. - Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын. Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер. Мысық: «Тышқан» туралы тақпақ айтады Өзім егін екпеймін Егістен ұзап кетпеймін Мысық қуса жетпеймін Мен қап тесер тышқанмын Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді. Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді. Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен. Қорытынды жасау -Балалар мысық пен тышқан дос болды ма? -Сендерге ертегі ұнады ма? -Дос болу үшін не істеу керек екен? -Дос туралы қандай шаттық шеңбер жасау Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созады) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтан не үйрендің? Оқушылар өз үйренгендерін айтады Қорытынды жасау -Балалар мысық пен тышқан дос болды ма? -Сендерге ертегі ұнады ма? -Дос болу үшін не істеу керек екен? | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыТоптық жұмыс барысында | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?