Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкер жайында әіңгіме оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу

Оқу мақсаттары

О1Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады

Сабақ мақсаттары

Алдар Көсе жайлы әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлрін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды, кейіпкерге мінездеме береді..

Бағалау критерилері

 

әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады.

Сөздік қор

Ұлттық кейіпкер ,мазмұн,қиял-ғажайып,шыншыл,кейіпкер,сараң,жомарт, ақылды, айлакер, қу, т.б.

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық.

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, мектебім!

Қайырлы күн, достарым!

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламын!

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

-Балалар, бүгін біз ертегілерге саяхат жасап, ондағы кейіпкерлермен танысамыз.

-Ал қандай ертегі оқитынымызды қазір ойын ойнау арқылы білеміз.Ойынның аты «Буындар паравозы» деп аталады.

(Т) «Буындар паравозы» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға қима буындар беріледі. Оқушылар буындардан сөз құрастырады.Әр топ неше және қандай паравоз жасағанын көрсетіп айтады.

МАҚ ТА ҚЫЗ БЕН МЫ СЫҚ

ЕР ТӨС ТІК БА УЫР САҚ

АЛ ДАР КӨ СЕ

-Балалар, қандай ертегі қызылмен жазылған?

-Алдар Көсе ол кім?

-Ендеше біз бүгін ұлттық кейіпкер Алдар Көсе жайлы ертегі оқимыз.Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

1. Қиял - ғажайып;

2. Хайуанаттар туралы;

3. Шыншыл ертегі;

4. Тұрмыс - салт ертегілер

Сабақтың мақсатын оқушыларға хабарлау.Жетістік критерийлерін анықтау, тақтаға жазу.

(МК) Алдар көсе туралы мультфильм үзіндісін көрсету

-Мультфильм сендерге ұнады ма?

-Алдар Көсе қандай адам екен?

-Ол қандай өлең айтады екен?

(Ұ) Өлеңмен жұмыс:Өлеңді оқыту.Әнімен айтуға үйрету.

Мен Алдармын ,Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

(Ұ)«Анықтайық» айдары

Балалар Алдарға мінездеме береді.Көмекші сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрастырады.

(Ө) Карточкамен жұмыс

Оқушыларға «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» жайлы ертегінің қысқа үзіндісін оқыту.

Тапсырма: Ертегі үзіндісін оқып, кейіпкерлерді анықта.

 Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, — дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

 — Е, байеке! Енді будан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

.................. алданған ................. қатты ашуланды.

Алдар ............................... алдап, қулығын асырды.

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары

Қима буындар

А4 парағында тірек сызба

Алдар Көсе жайлы мультфильм

Өлең жазылған А4 парақтары

Сөздер мен сөз тіркестері

ҚБ карточкалары

Сабақтың соңы

Сабақтан не үйрендің?

Оқушылар өз үйренгендерін айтады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыТоптық жұмыс барысында

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

МАҚ ТА ҚЫЗ БЕН МЫ СЫҚ

ЕР ТӨС ТІК БА УЫР САҚ

АЛ ДАР КӨ СЕ

Мен Алдармын ,Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

Мен Алдармын ,Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

Мен Алдармын ,Алдармын,

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұртта жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да көсемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу