👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкер жайында әіңгіме оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу

Оқу мақсаттары

О6.Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды.

О3. Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді.

Сабақ мақсаттары

Алдар Көсе жайлы әңгімені оқиды, мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлрін мазмұнын талқылау арқылы анықтайды, кейіпкерге мінездеме береді..

Бағалау критерийлері

 

қарапайым сөздерді буындап немесе тұтас сөздермен дұрыс оқи алады;сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқи алады; оқылған жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Сөздік қор

Ұлттық кейіпкер ,мазмұн,қиял-ғажайып,шыншыл,кейіпкер,сараң,жомарт, ақылды, айлакер, қу, т.б.

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тынышты,қ

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң, мектебім!

Қайырлы күн, достарым!

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламын!

Сәлем! Сәлем! Сәлем!

-Балалар, бүгін біз ертегілерге саяхат жасап, ондағы кейіпкерлермен танысамыз.

-Ал қандай ертегі оқитынымызды қазір ойын ойнау арқылы білеміз.Ойынның аты «Сөз маржан» деп аталады.

(Т) «Сөз маржан» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға қима буындар беріледі. Оқушылар буындардан сөз құрастырады.Әр топ қандай сөжз жасағанын көрсетіп айтады.

ТА МАҚ БЕН ҚЫЗ СЫҚ МЫ

-Балалар, қандай сөз шықты?

-Бұл не?

-Кімдер туралы ертегі?

-Ендеше біз бүгін Мақта қыз жайлы ертегімен танысамыз.

Сабақтың мақсатын оқушыларға хабарлау.Жетістік критерийлерін анықтау, тақтаға жазу.

(МК) Суретпен жұмыс

-Балалар, бұл кім деп ойлайсыңдар?

-Мақта қыздың досы кім екен?

-Бұл ертегіні кім біледі?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(МК)Аудио ролик арқылы ертегіні көрсетіп, оқу.

(Т)Ертегі үзінділерін оқу.

1 бетЕртеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығы болған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады. Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:- Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! – деп.Мысық күннің көзінде маужырап уйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруға ерінеді. Мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң, мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.2 бетИя, Мақта қыз, мені неге шақырдың? – дейді.Мақта қыз:- Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! – дейдіМысық:Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! – дейдіМақта қыз:Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! – дейді.Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.3 бетБіраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.Мақта қыз:- Менің қатығымды төле! – дейді.Мысық сиырға барады:- Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді.Сиыр:- Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.4 бетМысық ағашқа барып:- Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.Ағаш:- Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді.5 бетМысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.Қыздар оған:- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.6 бетМысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.Қыздар оған:- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.7 бетМысық дүкенге барады:- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!- дейдіДүкенші:- Маған жұмыртқа бер, - дейді.8 бетМысық тауыққа барады:- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейдіТауықтар:- Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.9 бетМысық: “Енді не қыламын!” деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады:- Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар, - дейді.- Тышқан қорыққаны соншалықты:- Үйімде бір табақ тары бар, - дейді.Мысық:- Маған бір уыс тары бер, - дейді.Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.10 бетМысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді. Жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды апарып қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды апарып ағашқа береді. Ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді. Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді

(Ө)Ертегі үзіндісін оқу

Оқушыларға ертегінің мәтіні абзацтарға бөлінген парақтары беріледі.Оқушылар мәтіндерді дауыстап буынға бөліп не тұтас оқиды.

(Т)«Анықтайық» айдары

1-тапсырма: Мысық қатық іздегенде кімге қашан барғанын ретімен орналастырыңдар. 1. Мақта қыз 2. Сиыр 3. Ағаш 4. Қыздар 5. Дүкенші 6. Тауық 7. Тышқан 2-тапсырма: Мысық кімнен не алды? 1. Сиыр – қатық 2. Ағаш- жапырақ 3. Қыздар – су 4. Дүкенші – сағыз 5. Тауық – жұмыртқа 6. Тышқан – тары 

(Ұ)Ертегіні рөлдерге бөліп, сахналау.

Оқушыларға қима сөздер беріледі. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдайды.Сөздерін жаттығып айтады.

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары

Қима буындар

Мақта қыз бен мысық.wmv

Мақта қыз бен Мысық (Officialvideo)

Ертегі үзінділері жазылған парақтар

Қима сөздер

Ертегі кейіпкерлерінің бетперделері

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Сабақтан не үйрендің?

-Не қызықты болды?

Оқушылар өз үйренгендерін айтады

Интерактивті тақта

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайтапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыТоптық жұмыс барысында

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы