👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті _1 сынып _5 бөлім_ Саяхат_ Жарнама плакаттары_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мектеп:Көкшетау қ. Физика-Математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 30.01.2017

Мұғалімнің аты-жөні : Сагинова Г.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жарнама постерлері мен кітапшалар дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)

3. 6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау

Сабақ мақсаттары

1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Жетістік критерилері

 

Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, постерлер мен жарнамалар құрастыра алады.

 Сөздік қор

Жарнама, құттықтау

Құндылықтарды

дарыту

 Құрмет,еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»

-Қайырлы таң, көздерім! Ояныңдар. (Көздерін сипайды).

-Қайырлы таң, құлақтарым! Ояныңдар. (құлақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, қолдарым! Ояндыңдар ма? (Қолдарымен шапалақтайды).

-Қайырлы таң, аяқтарым! Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тарсылдату).

-Қайырлы таң, күн! Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады) 2).Балалардың көңіл -күйлерін сұрау.

Көңілсіз Көңілді Қуанышты

(Ұ) Диалог құру

-Балалар, өткен сабақта біз қаламызға келе жатқан саяхатшыны қарсы алуға дайындалып, жол маршрутын жасадық. Бүгінгі сабақта осы дайындықты ары қарай жалғастырамыз.

-Қаламыздың қандай жақсы, көрікті жерлері мен орындары бар, кәне есімізге түсірейікші.Жол картасына назар аударайықшы.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Енді саяхатшыға өз қаламызды қалай таныстыратынымызды ойластыру керекпіз.

) Сабақтың тақырыбын ашу

Топтарға жарнамалар жазылған әр түрлі парақтар таратылады. Оқушылар топта отырып жарнамаларды оқиды, талқылайды. Бір-бірімен не түсінгендері жайлы өз пікірлерімен бөліседі.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл не?

-Жарнама дегеніміз не?

-Жарнамаларды қайдан көруге болады?

-Нелерді жарнамалайды?

-Жарнама не үшін керек?

-Ендеше сабағымыздың тақырыбы Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау

-Сабағымыздың мақсаты: Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер мен жарнамалар құрастыру.

-Қандай критерийлерді құрамыз?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

) Сөзбен жұмыс

ЖАР-НА-МА /3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс/

Оқушыларға сөзді буынға бөліп жазғызу, фонетикалық талдау жасап, дыбыстарды қайталату.

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.

Доптар суреті

Флипчарт, маркерлер

Сабақ ортасы

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

-Балалар, егер біз қандай да бір әңгіменің басты кейіпкерін қаламызға шақырған болсақ, оған не айтар едік?

-Оны біздің қаламыздың қай жері қызықтырар еді?

-Оның қызығушылығын тудыратын жердің жарнамасын жасайық.

(МК) Оқушыларға жергілікті жерді жарнамалау үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану арқылы постер дайындау. Бірлесіп жазуды жүзеге асыру үшін үлгі жоспар дайындау. Постерге адамдарды сол жерге саяхат жасауға тартатындай сөздер жазу. Соңында леп белгісі қойылатындай сөйлем үлгілерін көрсетіп, талдау.

Мысалы:Көкшенің тамаша жерлерін тамашалаңыздар!

Көкшетау –сұлу қала, ару қала!

Сергіту сәті «Көңілді балақайлар» биі

) Жарнама жасау

Тапсырма:Жергілікті жерді жарнамалайтын постер дайында.

Оқушылар маркерлер мен суреттерді және қима сөздерді қолдана отырып, жарнама плакаттарын дайындайды. Жұмыс барысында оқушыларға ұрандар мен кей-бір сөздердің жазылуын түсіндіріп, көрсету.Ақ параққа жазғызып оқыту. Содан кейін постерге көшірту.

Тірек сөздер

Мысалы: ....... ойын-сауық орталығы,

Бар баланы қуанып қарсы алады.

....... келіңіз, тамашаны көріңіз!

Шынықсаң – шымыр боласың!

Спорт –денаулық кепілі.

Бізде бәрі дәмді!

Кітап- білім бұлағы...

(ҚБ) Тірек сөздерді пайдалана отырып, оқушылардың жарнама плакаттарын жасау қабілеттерін бағалаймын.

Қаланың қызықты жерлерінің суреттері

«Көңілді балақайлар» сергіту сәтінің аудиожазбасы

Флипчарт пен маркерлер

Суреттер, маркерлер, А4 парақтары

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Бекіту сұрақтары:

-Кім критерийлерге жетті?

-Кім талпынды?

-Қандай қиындықтар болды?

  • -Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • -Қандай тапсырма қызықты болды?
  • -Көңіл-күйлерің қандай?

Көңілсіз Көңілді Қуанышты

Сабақтың басында критерийлер жазылған флипчарт пен маркерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға жарнамаларға сөздер жазу ұсынылады

Оқушылардың тірек сөздерді қолдана отырып, жарнама немесе постер жасай алу қабілеттерін бағалаймын.

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы