Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5-бөлім «Cаяхат» Жарнама плакаттары мен кітапшалар дайындау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 10.02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

5-бөлім «Cаяхат» Жарнама плакаттары мен кітапшаларда дайындау.Қоғамдық көліктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.5.1 Халық ауыз әдебиеті үлгілерін (мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады

1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады.

1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып жеткізеді

Сабақ мақсаттары

Мұғалімнің көмегімен прозалық және поэзиялық мәтіндерді құрайтын басты элементтерді таниды, салыстырады.

Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып мәтін жазады.

Жетістік критерилері

Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережесін біледі .Сөйлемдерді толықтырып жаза алады.

Сөздік қор

қоғамдық көлік, құрбы, ереже, хат

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, еңбекке баулу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау.Жуан және жіңішке жұп дауыстылар а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү. Әуе жолы көліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережесін білесіңдер.

Сөйлемдерді толықтырып жазуды үйренесіңдер

Сабақ ортасы

(Ұ.)

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. От, а-та, ме-ре-ке

Көлік сөзінде қанша буын бар?

Саяхат сөзінде қанша буын бар

Бұгін саяхатты ойыннан бастаймыз.

Ойын «Әлем тостағаны»

Ақырын музыка ойнайды. Оқушыларға автобус туралы білетін сөздерін жазып, тостағанға салу тапсырылады.

Қандай қоғамдық көлік түрлерін білесіңдер?

Қоғамдық көлікке отырып көрдіңдер ме?

Қоғамдық көлікте өздеріңді қалай ұстайсыңдар?.

(Слайд Қоғамдық көліктермен таныстыру)

Суретке қарап әңгіме құрастыр және жаз

Айзада _______ демалыста саябаққа бармақшы болды. Олар дүкеннен ________ сатып алды.Сосын_____ отырды. Күннің ыстығынан балмұздақ ери бастады. Еріген балмұздақ адамдардың________ былғады.

(Т) Ойланайық!

Айзада мен оның құрбыларына қоғамдық көлікте жүру ережесін құрастырып беріңдер.

Автобусқа кірерде басқаларды итерме.

Автобуста шулама.

Автобуста тамақ ішуге, балмұздақ жеуге болмайды.

(Т) Кітапша жаса. Нұсқаулық жаз.

1 топ Автобус ішінде

Үлкендерге орын бер.

Автобуста балмұздақ жеме

2 топ Автобусқа мінерде

Алдыңғы кісілерді итермелеме

Автобусқа мінерде асықпа

3 топ Вокзалда өзін- өзі ұстауы.

Билетіңді жоғалтпа

Диктордың даусын тыңда!

Айзаданың бізге жазған хатын оқып танысайық.Ол тыныс белгілерін қоюды білмейді екен.

Тыныс белгілерін қойып беріңдер.

Құрметті достар!

Мен сендердің жазған ережелеріңмен таныстым Сендерге көп рахмет Енді қоғамдық көлікте балмұздақ жемеуге алысып ойнамауға айқайлап сөйлемеуге уәде етемін Сау болыңдар

Сәлеммен Айзада

Айзадаға хат жазу. Тыныс белгілерін қой.

Хат құрылысын ұсыну.

Кіріспе бөлім

Амандасу, қал жағдайын сұрау

Негізгі бөлім

Айзадаға қалай,әрі қандай көлікпен келетінін сұра

Қорытынды бөлім

Қоштасу

(Қ)Саяхатқа қатысты сөзді теріп жазу

Көлік атауларын жаз.

Бір буынды көлік түрлері

Екі буынды көлік атаулары

Үш буынды көлік атаулары

Төрт буынды көлік атаулары

Суреттер, ағаш тостаған, слайд.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.(Ұ) Кері байланыс.

Бүгін не үйрендік?

Қоғамдық көлікте қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Хат жазуда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Саяхатқа қатысты көлік түрлерін жазу

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу