Қазақ тілі және әдебиет_1 сынып_5-бөлім Саяхат_ Саяхатқа дайындалу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


ПӘН: қазақ тілі және әдебиет

ТАҚЫРЫБЫ: Саяхатқа дайындалу

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Сабдина А.А.

СЫНЫП: тілдік ортаға енгізу сыныбы

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

Саяхатқа дайындалу барысындағы іс-әрекеттер арқылы заттарды жинақтау, топтау, салыстыру. Төлқұжатты толтырып отырып өз аты-жөнін дұрыс жазу. Әр түрлі контекстерде қарым-қатынасқа түсу арқылы сөздік қоры молайту.

Дағдылар

Тыңдалым/айтылым: Астарлы мағынаны ажыратып алу.

Жазылым: әріптерді жазу.

Бақылау

Сұрақтарға дұрыс жауап берулерін, өз ойын жеткізе алатынын бақылау.

Болжам

Оқушылар арманындағы саяхат туралы айтуға жаттығады.

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Хормен қайталайды.
  • Сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Саяхатқа керекті заттарды ажырата алады.
  • Бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыра алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Өз ойын толық жеткізе алады.

 ТІЛДІК МАҚСАТ:

Оқушылар адамдардың ұқсас сипаттарын талқылайды.

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер: төлқұжат, жолқапшық, қажетті заттар.

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Саяхатқа дайынсың ба?
  • Саяхатқа бару үшін не алар едің?
  • Сенің төлқұжатың бар ма?
  • Сенің аты-жөнің қалай?
  • Қай жылы тудың?

Ұлтым, аты-жөнім, жылы жаққа, суық жаққа, шекара

Алдыңғы білімдер

Көліктер, белгілер, мектепке баратын жол.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

0-10 мин

Дайындық кезеңі.

Қара достым, жан-жаққаДайынсың ба сабаққа?Орнында ма қараңдар,Кітап, дәптер, қаламдар?2. Сабақтың тақырыбын анықтау (тыңдалым/ айтылым, оқылым дағдысын қалыптастыру).

Балалар шеңберде тұрады.

Балалардың қолдарында көліктердің суреті бар. Көліктердің артына өрнек мен әріп жазылған. Егер сол әріптерді өрнектердің мәніне сәйкес өсу ретімен қойса, сөз шығады.

Өрнектер

9-8= С 4+0= Х

7-5= А 2+3= А

10-7= Я 3+3= Т

САЯХАТ деген сөз шықты.

Саяхат деген не? Саяхатқа немен шығамыз?

Сабақтың мақсатын анықтау.

Мұғалімнің сабақтың мақсатымен таныстыру.

  •  Балалар, бүгін біз саяхатқа қалай дайындалу керек екен жайлы танысамыз. Саяхатқа бару үшін қандай қажетті заттар қажет екенін талқылаймыз. Саяхатқа жалғыз шыққан көңілді ме?
  •  Топпен жүрген көңілді.
  •  Ендеше топтың ережелерін қайталайық.
  •  Ең ұзын көлік қандай?

Пойыз ойынын ойнау. Пойыз тізбегін құрып, шеңбер бойымен жүру. Әр топ мүшелерін өз орындарына отырғызу.

Әріптер, көліктер, презентация

11-28 мин

29 мин

30-33 мин

34-38 мин

Бейнефильм:

Саяхатқа дайынсың ба?

«Қазақ жері» бейнесі бойынша сұрақ-жауап әдісі тыңдалым/айтылым дағдысын қалыптасыру).

Топтық жұмыс (тыңдалым/айтылым дағдысы бойынша қалыптасырушы бағалау).

Әр топта саяхатқа керекті заттар бар. Әр топ белгілі бір жаққа саяхатқа шығады. Топта балалар осы заттарды неліктен алғаны жайлы талқылайды да, сыныпқа баяндайды. (Мұғалім бақылау арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргізеді)

1-топ: Жер планетасы бойынша

2- топ: Қазақстан қалалары бойынша

3-топ: Орманға саяхат

4-топ: Теңізге саяхат

5-топ: Мектепке саяхат

Топтық жұмыс (тыңдалым/айтылым дағдысы).

Топтардан чемоданда не барын болжап айтуларын сұрау. Өз чемоданына не салатындарын сұрау. Содан соң өз чемоданымдағы заттарды көрсетіп, олардың не үшін саяхатқа қажет екенін түсіндіру. Есте сақтау ойынын ойнату.

Жеке жұмыс (тыңдалым/айтылым дағдысы).

Үйлерінен әкелген заттарды атау. Ол саяхатта не үшін қажет екенін сұрау.

Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,Қанатымызды жаямыз,Ұшақ болып ұшамыз.

Ұшаққа отыру үшін не қажет?

Жеке жұмыс (жазылым дағдысы).

Оқушыға төлқұжаттың қажеттілігін түсіндіру және ондағы мәліметтерді атау. Мәліметтерді толтыру үлгісін көрсету арқылы өздерінің жеке төлқұжатын жасауды тапсыру.

Төмендегідей қабілеттерді бағалау:

  • өз есімдері мен мәтінін жазу.
  • шынайы мәліметтерді беруде сөздерді сауатты жазу.

Тәжірибелік іс-әрекет:(тыңдалым/айтылым дағдысын қалыптастыру).

сыныптан шығып, төлқұжатты қалай және қай жерде қолдануға болатынын іс жүзінде жүргізу.

Видео https://www.youtube.com/watch?v=nY0xo_IsQLc , төлқұжаттың шаблоны, глобус, суреттер

39-40 мин

Қорытынды:

  • Бүгінгі сабақта нені орындау оңай болды?
  • Қандай қиындықтар болды?
  • Сабақта не ұнады? Неліктен?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар

  • Сұрақтарды күрделендіру.

Бақылау

  • Ойын барысында сұрақтар қою арқылы
  • Төлқұжатты толтыру барысында
  • Дене шынықтыру бойынша қозғалмалы жаттығулар орындау.
  • Өнер сабағы
  • Математика сабағы
  • Өзара сыйластық
  • Отансүйгіш және азаматтық жауапкершілік

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Сабағымның мақсатты балаларды саяхатқа дайындалу барысында қажетті заттарды ғана алуға үйрету. Сонымен қатар алыс сапарға шыққанда ең қажетті құжат төлқұжатпен таныстыру болды. Бұл кіріктірілген бағдарлама бойынша «Саяхат» тарауының екінші тақырыбы. Келесі тақырып «Саяхат туралы жазылым». Сондықтан осы сабақта балалардың тілдерін дамыту үшін жаттығулар жасауға тырыстым.

Пәнаралық байланыс сабақтың алғашқы кезеңінде математика сабағымен байланыстырдым. Балалар өрнектің мәнін тауып, «саяхат» сөзін шығарды. «Саяхат» сөзін буынға бөліп, неше буын бар екенін айту арқылы грамматикалық жаттығу жасады. Саяхатқа қайда шығуға болатынын айта отырып, өздері шыққан саяхаттары жайлы әңгімеледі. Бұл жерде айтылым, оқылым, тыңдалым дағдылары жүзеге асты. Бүгінгі сабақта не жайлы болатынын балалар өздері түсініп айтты. Алдыңғы сабақтарда көліктермен таныс болған едік, сондықтан көліктер жайлы қайталауды жөн көрдім. Топтарды өз орындарына отырғызу үшін, «пойыз» ойыны арқылы жүзеге асырдым. Мұндай ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келгендіктен, оларға қатты ұнайды. Бұл ойын тәртіптілікке баулиды. Топтық жұмыс болатынын ескертіп, топ ережелерін қайталадық. Саяхатқа қай жерден шығатынымызды айтып, ғаламтордан «Қазақ жері» атты 48секундтық бейне көрді. Қазақстан туралы алдында оқыған әңгімелерін еске түсіріп, өз ойларын еркін жеткізе алды. Өз елінің тарихымен танысып, географиялық білімі артты. Сабақтың негізгі мақсаты тыңдалым/айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру болғандықтан, коллаж жасау, глобуспен, картамен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың тілдері дамыды, өзара топтар бір-бірлерін тыңдау арқылы тыңдалым дағдысы қалыптасты, саяхатқа қажетті заттарды жазу арқылы жазылым дағдысы жүзеге асты. Олар саяхатқа дайындалу үшін не қажет екенін анықтады. Чемоданға не салу керек екенін білді. Өз үйлерінен әкелген заттарды саяхатта қандай пайдасы болатыны жайлы әңгімеледі. Проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың сыни ойлауы дамыды. Мысалы, «мына чемоданға мен не салдым?», «Билет алу үшін не керек?». Балалардың жауаптары қысқа болды. Тілдік ортаға енгізу сыныбының оқыту принциптерінің бірі қайталау болғандықтан, балалар көбінесе хормен жауап берді.

Сабақта жиі топтық жұмыс болғандықтан, балалар өзара бірлесіп жұмыс жасай алды. Әр топтың баяндауын сыйластықпен тыңдады.

Данил, Диана, Низомидин сияқты балаларға күрделі сұрақтар беруге тырыстым.

Жоспарланған уақытты ұстандым. Төлқұжат жасарда балалар өз ұлттарын қалай дұрыс жазу керектігін бірнеше рет сұрады. Сондықтан барлық ұлттардың (біздің сыныпта алты ұлт өкілдері отыр) атауларын тақтаға жаздым. Өзінің аты-жөнін, ұлтын, туған күнін толық жазу да балалардың сауатты әрі таза жазуға жаттықтырды. Айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдылары сөйлеу әрекеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Кіріктірілген сабақтар дәстүрлі сабақтарға ұқсамайды. Бұндай сабақтар балалардың қызығушылықтарын арттырады, сыни ойлауын дамытады, шығармашылығын жетілдіреді. Сонымен қатар мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, ұдайы шығармашылық ізденіске баулиды. Сабақ балаларға ұнады. Оны қорытындылау кезінде көзім жетті.

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1. Топтық жұмыс. Топтық жұмыс барысында балалар ортақ шешімге келуге үйренді. Мысалы, бірінші топ глобустан қай жаққа саяхатта шығатынын алдымен бірге талқылап, сосын неліктен сол жерге баратынын айтты. Ал екінші топ, бірден Астанаға баратынын айтты. Өйткені онда барлығы болғаны жайлы айттылды. Үшінші топ орманға саяхатқа шығу үшін қажет заттардың суретін жабыстырды. Бұл жерде Данил өз жауабын толық әрі түсінікті етіп айтты: «Куртка, бас киім, етік, қолғапты аламын. Өйткені дала суық» -деді. Төртінші топта мектепке саяхатқа шығу үшін мектеп картасын салу керектігін түсінді. Мектепте не бар екенін естеріне түсіріп, сөйлемдер құрастырды. Ал төртінші топ теңізге саяхат туралы баяндады. Берілген суреттерден тек теңізге қатысты суреттерді таңдап алды. Бұл тапсырманы орындауда балалар салыстыруға, жинақтауға, талдауға үйренді дей аламын.

2. Төлқұжат жасау. Төлқұжат жасау, оны толтырып, өз фоталарын жабыстыру. Балаларға нағыз төлқұжатқа ұқсас дайындау балаларды қызықтырды. Дегенмен, төлқұжатты толтыру сәл қиындау болды. Әсіресе өз ұлттарын және туған кездерін жазу барысында.

3. Төлқұжатты тәжірибелік іс-әрекет арқылы өткізу балаларға аса қызықты болды. Бұл шараға мектеп күзетшілері қатысты. Мектепке кіретін жерде күзет қызметкері тұрып, ал балалар өз төлқұжаттарын көрсетіп, «кеденнен» өтті.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1. Үйлерінен әкелген заттар. Үйлерінен әкелген заттарын не үшін саяхатқа қажет болатындығы туралы айттты. Сөйлемдер құрастырды. Бұл сабақ тақырыбын ашуға мол септігін тигізді.

2. «Сөз жасам» ойыны. Бұл ойын сабақтың бірінші кезеңінде тақырыптың мазмұнын ашу, мақсатты анықтау үшін жақсы септігін тигізді.

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

Балалардың тілдерін дамыту үшін сабақты ойын түрінде өткізу керектігін байқадым. Диана мен Низомидин, Данил сияқты балаларға күрделі тапсырмалар беру керек. Аринаға топтық жұмыс барысында сурет салу ұнайтынын бақыладым. Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін жұптық диалогтарды көбірек ұйымдастыру керек деп ойлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу