Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.


1 топ: А облысы Т аудандық сотымен ҚР-дың ӘҚБтК-нің 467 бабының 4 бөлігі бойынша құқықбұзушы К.Х.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. К.Х. 2019 жылғы 15 мамырда Т ауданы А селосында, Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.1, 2.7.1. тармақтарының талаптарын бұзып, «Лада 21905» маркалы көлік құралын алкогольден мас күйінде жүргізген. Аудандық сотының 2011 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысымен К.Х. ҚР-дың ӘҚБтК- нің 467-бабының 1-бөлігімен екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер қайталап жасап отыр. Сөйтіп, К.Х. ҚР-дың ӘҚБтК-нің 467-бабының 4-бөлігінде көзделген қасақана әкімшілік құқық бұзған. Сот отырысында К.Х. кінәсін толық мойындады.

Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?

2-топ: Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен азамат Г. қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азамат Г. 2019 жылғы 9 сәуірде А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберісінде азаматша Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?

3-топ: Аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. 2014 жылғы 8 мамырда «Мазда-323» көлігінің иесі бола тұра, қаланың Уәлиханов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында алкогольден мас күйіндегі азамат С.-ға көлік құралын жүргізуге берген.

Сот жүргізуші ҚР Жол жүру ережесінің және ҚР ӘҚБтК сәйкес қандай жаза тағайындауы тиіс.

4-топ: 03.03.2019 жылы С. қаласы Ұ. көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М. темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін айтты.

С. қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің нешінші бабына сәйкес азамат М. әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп

танылды және жаза түрінде әкімшілік қамауға тартуға бола ма ?

Дескриптор:

  • Адамдардың заң алдында тең екенің түсінеді;
  • Адамдардың әкімшілік жауаптылыққа бірдей тартыла алатының анықтайды;
  • Қандай жазалар қолданылуы тиіс екенің сипаттайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?