Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 5.


Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі

Тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстанның сыртқы саясаты

1951 жылы 12 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесi соғысты насихаттауды адамзатқа қарсы ең ауыр қылмыс деп жариялаған бейбiтшiлiктi қорғау жөніндегі заң қабылдады. Iшiнде 4 млн қазақстандық болған 118 млн кеңес азаматы ұлы державалар арасында Бейбiтшiлiк пактiсi жөніндегі Үндеуге қол қойды. Қазақстанның шет елдермен, әсіресе бейбiтшiлiк сүйгiш саясат ұстанып отырған, отарлық бұғаудан азат Шығыс елдерi – Үндiстан, Индонезия, Бирма (қазiргi Мьянма), Непал және ҚХР-мен байланысы кеңейе түстi. Әсіресе КСРО мен ҚХР арасында мәдени және сауда қатынастары жақсарды. Мыңдаған Қытай жастары КСРО-да, оның iшiнде Қазақстанның жоғары оқу орындарында бiлiм алса, КСРО-дан барған студенттер, аспиранттар Пекинде оқыды.

Қазақстанда бұл кезеңде шетелдiк мәдениет пен өнердiң, кәсіподақтардың көптеген өкілі – Үндiстанның премьер-министрi Дж. Неру мен президентi С. Радхакришнан, тағы басқа да мемлекет басшылары болып қайтты. Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық қуаты оның 50-жылдардың екiншi жартысында шетелдiк әріптестерімен сыртқы сауданы жандандыруына мүмкiндiк бердi. Түстi металдар, металлургиялық құрал-жабдықтар, машина жасау мен химия өнеркәсібінің өнімдері Чехословакия, Румыния, Үндiстан, т.б. елдерге шығарыла бастады. Өз кезегiнде Қазақстан сырттан, әсіресе социалистiк елдерден өнеркәсіп тауарларын көбірек алды. Бiртiндеп туристер мен делегация алмасу жолға қойылды. 1955 жылы Қазақстанда 185 делегация, ал 1957 жылы дүниежүзiнiң 23 елiнен 500-дей делегация болып қайтты. Алайда КСРО-ның партиялық-саяси басшылығы сталиндiк дәуірдiң мұрасын соңына дейiн жоя алмады. Дүниежүзi бұрынғыша бiрнеше топқа бөлiндi. Мұндай бөлінудегі басым бағыт – КСРО мен АҚШ-тың, олардың одақтастарының бiр-бiрiне қарама-қарсы тұруы болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның сыртқы саясаты

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің қолдауына ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстанды 113 мемлекет танып, 105 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстанда 55 елшілік пен дүниежүзі ұйымдары бар. АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Түркия, Иран, Италия, Германия және т.б. елдерде Қазақстан Республикасының елшілігі бар. ХХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстан алғаш рет әлемнің ең беделді деген халықаралық құрылымдарымен байланыс орната бастады және бүгінгі күні қатынастар кеңеюде. Оның ішінде БҰҰ, Еуропалық қауымдастық, Реконструкция мен дамудың халықаралық және Еуропалық банкі, Халықаралық валюта қоры және т.б. сынды қырық халықаралық конвенцияға қосылды. 1994 жылы Қазақстан интеграциялық үрдістерді белсенді жүргізу мақсатында Өзбекстан және Қырғызстанмен Ортақ экономикалық кеңістік құрып, оның негізінде «Орта Азиялық Бірлестік» пайда болды.

  • Халықаралық ұйымдар – саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б. салаларда ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болады.
  • Көпвекторлы сыртқы саясат – әлем елдерімен және халықаралық ұйымдармен екіжақты және көпжақты халықаралық саяси қатынастар.
  • Модернизация – жаңғырту, жетілдіру.
  • Инвестиция – табыс алу, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді