Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
Төмендегі суреттер сізде қандай ассоциациялар туғызады?
Экологиялық проблемалар дегеніміз не?
Экологиялық проблемаларды реттеу үшін, арнайы экологиялық құқық саласы қажет пе?
Экологиялық құқықтың пайда болу себебі неде?
Қандай экологиялық мәселелер бар және олар заң аясында қалай шешіледі?
Бөлім: Экологиялық құқық негіздері
Тақырып: Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны
Оқу мақсаттары10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаты
Экологиялық құқықтың негізгі мәнін ашу
қоршаған ортаны қорғау;
экология;
ластану;
қалдықтарды залалсыздандыру.
Пәнге қатысты кілт сөздер
Экология (латын тілінен оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің, организмдер қауымдастықтарының, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Экология терминін ғылымға алғаш енгізген ғалым Эрнст Геккель болып саналады (1866).
Экологиялық құқық — экологиялық заң нормаларының (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық-экологиялық қатынастарды реттейді.
Яғни, Экологиялық құқық дегеніміз – қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы экологиялық қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Топтық жұмыс
Таратылған кейс тапсырмаларын топ болып орындаңыздар
Проблемалық жағдаят
С. есімді азамат өте ескі автокөлік сатып алады. Автокөлікті пайдалану барысында С. есімді азаматтың көршілері автокөліктің қозғалтқышы өте шулы жұмыс жасайтынын айтып шағымданды.
Меншік құқығына байланысты осы жағдаятты экологиялық құқыққа байланысты проблемалық жағдаятқа интерпретация жасаңыз.
Проблемалық жағдаят
Ж. есімді азамат жеке меншік үйде тұрады. Ол өз үйінен алыстатып, ауласының ең шеткі бөлігінде қора соғады. Мал сатып алып, сол қорада бағады.
Меншік құқығына байланысты осы жағдаятты экологиялық құқыққа байланысты проблемалық жағдаятқа интерпретация жасаңыз.
Экологиялық құқықтың көздері
Қазақстан Республикасының (ҚР) Жер кодексі;
ҚР Су кодексі;
ҚР Орман кодексі;
ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы» Заңы
ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы» Заңы,
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы;
ҚР Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы;
Ұлттық қауіпсіздік туралы ҚР Заңы;
ҚР«Өсімдіктер карантині туралы” Заңы т.б.
Кері байланыс
Жалғастырыңыз:
Маған ... қызықты болды
Маған ... бұл болашақта қажет болады
Бұл ... қиындық туғызды
Осы ... мені ойландырды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?