Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Құқық негіздері пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Экологиялық құқық негіздері

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;

10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну.

 Сабақ мақсаты

Экологиялық құқықтың мәнін түсіну және нысанын ашу

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Экологиялық құқыққа тән белгілерді анықтайды

Талдау

Өмірлік жағдайды саралау арқылы экологиялық құқықтың нысанын түсіндіре алады және проблеманы шешудің құқықтық жолдарын ұсынады

Бағалау

Экологиялық құқықтың маңыздылығын анықтап, баға береді (Экологиялық құқық не себепті қажет? сұрағына жауап береді)

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

  • қоршаған ортаны қорғау;
  • экология;
  • ластану;
  • қалдықтарды залалсыздандыру.

Мен...деп ойлаймын

Тараптардың мәселесі ....., себебі

.... жақтың талабы орындалады, себебі (...)

Айналадағы ортаны қорғау маңызды, себебі .... (...)

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (топтық жұмыстағы өзара құрмет, бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет, өзгелердің меншігіне және мемлекеттің меншігіне құрметпен қарау, сақтау, бүлдірмеу)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)
  •  Ынтымақтастық (жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынасты оқып үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Жаһандық азаматтылық

Экологиялық құқықтың белгілерін талдай отырып, сол деңгейге жету жолдарын талқылау барысында әлемдегі басқа елдердің тәжірибелерін қарастырып, салыстыру. Экологиялық құқық ұғымының жалпы жаһандық түсінікке айналып бара жатқанына көз жеткізу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-25 мин

0-20 мин

20-25 мин

Б Сыныпқа экологиялық тақырыптардағы суретттер топтамасын көрсетіп сұрақ қоямыз: Төмендегі суреттер сізде қандай ассоциациялар туғызады?

«Миға шабуыл» әдісімен жалпы сыныпқа сұрақтар қоямыз:

  • Экологиялық проблемаларды реттеу үшін, арнайы экологиялық құқық саласы қажет пе?
  • Экологиялық құқықтың пайда болу себебі неде?
  • Қандай экологиялық мәселелер бар және олар заң аясында қалай шешіледі?

Оқушылардың жауаптары мұғалім тарапынан жүйеленеді. Оқушылар тақырып бойынша өздерінде экологиялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды жариялайды. Сұрақтар тақтаға жазылады. Ол сұрақтарға бүкіл сынып болып жауап береміз.

ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп ауызша бағалап отырамыз.

М Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

online.zakon.kz

adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі - "Әділет" АҚЖ

А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану».–Алматы: Мектеп, 2006 жыл .

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Сабақтың ортасы

10-85 мин

25-40 мин

40-45 мин

45-55 мин

55-85 мин

М/Б Жаңа тақырыпқа қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп шолу жасаймыз. Оқушыларды бүгінгі тақырыпқа қатысты кілт сөздермен таныстырамыз. Оқушыларға табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау ұйымдары аясында экологиялық құқықтың құрылымына таныстырылым жүргізеді. Бүкіл сыныптық талқылау жүргіземіз.

Т Сыныпты топтарға бөлеміз, топтарға экологиялық құқық мәселелері бойынша кейс таратылады (жағдаят, құжаттар, тапсырма). Жұмыс жасау шарттарымен таныстырамыз.

Оқушылар өздеріне таратылған кейстерін талқылайды.

Әр топ өз жауаптарын сынып талқысына шығарады.

ҚБ Оқушылар бірін-бірі бағалап отырады

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет және Ынтымақтастық атты мемлекет құндылықтары дарытылады.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997 жылы.

Сабақтың соңы

85-90 мин

Жаңа тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз. Үй жұмысы бойынша қысқаша инструктаж:

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау

Жетістік критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?