Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


№1 кейс

Проблемалық жағдаят

 Ергеш есімді 24 жастағы азамат жеке меншік үйінің жер телімінің бұрышына, шарбағының түбіне қоқыстарын тастап отырған. Шарбақтың арғы жағындағы Болат атты Ергешке қоқыс тастамауын өтінді, бірнеше рет ескерту жасады, полицияға шағымданамын деп ескертсе де, Ергеш оған еш құлақ аспады. Болат полицияға Ергештің үстінен шағым жазды.

 Учаскелік полиция қызметкері көршілердің арасындағы туындаған проблеманы шешуге келген кезде Ергеш оған, «Бұл жер телімі менің жеке меншігім болып табылады, не істесемде өзім білемін» - деп жауап берді. Болат көршісі Ергешті сотқа берді.

 

 Сұрақтар:

  • Бір-біріне шарбақтас көрші болып табылатын Ергеш пен Болаттың арасындағы туындаған мәселе экологиялық құқық саласына жата ма?
  • Ергештің іс-әрекеті қаншалықты заңды?
  • Болаттың шағымы қаншалықты заңды?
  • Соттың шешімі қандай болады деп ойлайсыз?

№1 кейс құжаттары

Экологиялық кодексі

2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

      2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi

      Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:

      1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;

      2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;

      7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

      10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

      11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы

  • қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • қоғамдық экологиялық сараптама өткізу;
  • қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу;
  • мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдарға ескертпелер мен ұсыныстар беру;
  • мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысу;
  • қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.

№2 кейс

Проблемалық жағдаят

 Ш. қаласы ішімен ағып өтетін Қ. өзеніне құятын канал бойында коммуналды ұйым арнайы темір тор орналастырған. Сол темір торға бір-ақ аптаның көлемінде өте көп қатты қоқыстың түрлері жиналып қалады. Арнайы коммуналдық ұйым қызметкерлері апта сайын ол қоқысты тазалап отырады. Ол қоқыстардың пайда болу себептері, сол канал бойындағы жүздеген жеке үйлер екені баршаға белгілі еді. Үй тұрғындарымен жүргізілген тәрбиелік-түсіндіру жұмыстары нәтижелер әкелмеді.

 Полиция қызметкерлері қоқыс тастаушыларды анықтаудың өте қиын екенін атап өтті, себебі ол қоқыстарды көбіне түн ішінде тастайды және үй шарбақтары тікелей канал жағалауына шығып кеткенін айтты, ал заң тәртібіне сәйкес жер телімдері жағалаудан кем дегенде 3 м қашықтықта болу керек екен.

 Ш. қалалық әкімдігінің арнайы шешімімен жеке жер үйлердің шарбақтарын канал жағалауынан 3 метрге жылжыту жұмыстары басталды. Бірақ ол іс-әрекеттерге сол үйлер тұрғындарының көпшілігі қарсылық білдірді. Бұзушы техниканың алдына тұрып немесе жатып алған оқиғалар да кездесті.

 Шарбақтарды бұзу кезінде бірқатар үйлердің каналға өз канализация құбырларын шығарып қойғаны да анықталды. Ол үйлерге айыппұл салынды.

 

 Сұрақтар

  • Проблемалық жағдаятта қарастырылған мәселе экологиялық құқық саласына жата ма?
  • Ш. қаласы әкімдігінің канал бойында тұрған жеке үйлердің шарбақтарын бұзып 3 метрге жылжыту шешімі қаншалықты заңды?
  • Қ. өзеніне құятын канал бойында тұратын жеке үй тұрғындарының коммуналды қызметкерлерге көрсеткен қарсылығы қаншалықты заңды?
  • Бірқатар үйлерге салынған айыппұл орынды ма?
  • Қала әкімдігінің жүргізген іс-әрекеттері каналдың ластануын тоқтатады ма?

№2 кейс құжаттары

Қазақстан Республикасының Конституциясы

6-бап

      3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

31-бап

      1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

      2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

38-бап

      Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Экологиялық кодексі

3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

      2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi

      Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:

      1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;

      2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;

      7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

      10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

      11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы

  • қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • қоғамдық экологиялық сараптама өткізу;
  • қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу;
  • мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдарға ескертпелер мен ұсыныстар беру;
  • мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысу;
  • қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.

№3 кейс

Проблемалық жағдаят

 Ш. қаласының шет жағындағы елдімекенде Цемент жасау зауытын салу шешімі қабылданды. Елдімекен тұрғындары Цемент жасау зауытының салынуына үзілді-кесілді қарсы болды. Себебі Цемент зауыды тура елдімекеннің арасында салынатын болды. Зауыд шығаратын түтін тікелей атмосфераға таралып, бірден маңындағы үйлерге кері әсерін тигізеді деп есептеді. Тұрғындар әкімдікке, прокуратураға, министрлікке шығымдық хаттар жазды.

 Арнайы құрылған тәуелсіз экологиялық комиссия құрылып, салынайын деп жатқан зауыд жобасы толық экологиялық нормаларға сәйкес деген шешім шығарды, яғни экологиялық құқық кодексіне сәйкес ешқандай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтітінін айтты.

 Елдімекен тұрғындары комиссия шешімімен келіспей, халықаралық мамандардан тұратын тәуелсіз комиссияның құрылуын талап етті, яғни отандас мамандарға сенімсіздік танытты. Зауыттың салынуына ешқандайда жол бермейміз деп мәлімдеді, керек болса ереуілге де шығамыз деп ескертті.

 

 Сұрақтар

  • Елдімекен тұрғындарының Цемент зауыдының салынуына қарсы болуы қаншалықты орынды?
  • Елдімекен тұрғындарының отандық мамандардың пікіріне сенімсіздік білдіріп, халықаралық мамандардан комиссия құру талабы қаншалықты заңды?
  • Бұл жағдайда үкіметтік органдар қандай шешім шығаруы тиіс?

№3 кейс құжаттары

Қазақстан Республикасының Конституциясы

6-бап

      3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

31-бап

      1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

      2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

38-бап

      Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Экологиялық кодексі

3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

      2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi

      Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:

      1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;

      2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;

      7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

      10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

      11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы

  • қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • қоғамдық экологиялық сараптама өткізу;
  • қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу;
  • мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдарға ескертпелер мен ұсыныстар беру;
  • мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысу;
  • қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?