Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды. Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?

Оқу мақсаты:

әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау

құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру

Әкімшілік құқық бұзушылық – кінәлі адамның әрекет немесе әрекетсіздігі түрінде көрінетін мінез-құлық актісі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген жаза беру шаралары тәртібінен көрініс табатын заңды жауаптылық түрі.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ӘҚБ) әкімшілік жауаптылық мәселесін реттейтін негізгі құқықтық акт болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне : 1) құқыққа қарсылық; 2) кінәлілік; 3) әкімшілік жазалау; 4) іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі жатады.

 Топтық жұмыс

1-топ. Әкімшілік құқық бұзушылық (құрамы мен белгілері)

2-топ. Әкімшілік жауаптылық (мақсаттары, әкімшілік жауаптылық мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер)

3-топ. Кәмелетке толмағандардың  әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы.

4-топ. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын негіздер

 

Проблемалық жағдаяттарды шешу:

23.00 с. кейін үнемі магнитофон дауысын бар күшіне, қатты қоятын адамды көршілері әкімшілік жауаптылыққа тарта ала ма? Жауапты түсіндір .

Төменде берілген мысалдарда әкімшілік құқық бұзушылық түрлерін анықта:

Азамат И. Қоғамдық көлікте айналасындағыларды балағаттап, шақыртылған полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті.

Азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс жасайтын азаматша Р. қантты қайтадан өлшеуді сұраған сатып алушының өтінішінен бас тартып, сатып алушыны түрлі сөздермен тіл тигізіп қорлады.

Төменде берілген құқық бұзушылықтың ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты анықта:

Қоғамдық көлікке билетсіз отыру

Азаматтың жеке мүлігіне қол сұғу

Жолды белгіленбеген жерде өту

Келісім шарттарын орындамау

1) салық декларациясын толтыру, ұсынудан жалтару

2) алимент төлеуден жалтару

3) ұсақ бұзақылық;

4) қысастық бұзақылық;

5) қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу, мас болып жүру

Төменде берілген құқық бұзушылықтың ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты анықта:

«Әкімшілік жауапкершілік» кестесін сәйкестендіруге тапсырма

«Қазіргі Қазақстандағы әкімшілік құқық» тақырыбы негізінде эвристикалық талқылау ұйымдастырыңыз. Талқылау барысында оқушылар төмендегі сұрақтар аясында өздерінің ой пікірлерін білдіреді:

1. Біздің қоғамымызда әкімшілік құқық бұзушылықтың қандай түрлері көптеп таралуда?

2. Тым көп құқық бұзушылықтың себебі неде болуы мүмкін?

3. Қазіргі әкімшілік жаза жүйесі қаншалықты тиімді деп есептейсіз?

4. Әкімшілік құқық бұзушылықпен күресудің қандай тиімдірек жолын ұсына аласыз?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру