Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды. Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А Әкімшілік жауапкершілік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.6.2.1 ¬ әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау

9.6.2.2 ¬ құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар әкімшілік жауапкершіліктің негізгі ережелерін, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін нормативті-құқықтық актін білу.

 Жетістік критерийлері

Әкімшілік жаза түрлерін анықтай алады.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қандай жаза қолданылатынын түсінеді.

Жағдайға мысал келтіріп, сын тұрғысынан талдай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Топтарға әкімшілік құқықбұзушылықтың кең таралған төрт түрі бойынша проблемалық жағдаяттарды беру арқылы айтылым, оқылым және тыңдалым дағдысы дамытылады

Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы:

Әкімшілік құқық бұзушылық

мәжбүрлеу

шара қолдану

тәртiп

Жазылым мен диалогқа қажетті сөйлем құрылымдары: Әкiмшiлiк жауапкершілік дегеніміз – (...)

(...) әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Әкімшілік құқықтың мақсаттарына мыналар жатады (...)

Әкімшілік құқық бұзушылыққа (...) сияқты жаза қолданылады.

Бұл жауапкершіліктер мен жазалар маңызды, өйткені (...)

 Құндылықтарды дарыту

 

 

«Мәңгілік ел» ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ТІЛДІҢ ОРТАҚТЫҒЫ

Зияткерлік мектептердің құндылығы:

ҚҰРМЕТ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану пәні –адамгершілік тұрғыда жағдаяттарды шешеді

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар ғаламтормен жұмыс жасай отырып, жағдаяттық тапсырмаларды дайындайды

Бастапқы білім

Әкімшілік құқық туралы түсініктер қалыптасқан , әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастарды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Б Сабақ басында мұғалім әкімшілік құқық бұзушылық ,әкімшілік жауаптылық, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ӘҚБ) , Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жайлы презентацияны қолдана отырып, түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық – кінәлі адамның әрекет немесе әрекетсіздігі түрінде көрінетін мінез-құлық актісі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген жаза беру шаралары тәртібінен көрініс табатын заңды жауаптылық түрі.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (ӘҚБ) әкімшілік жауаптылық мәселесін реттейтін негізгі құқықтық акт болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне : 1) құқыққа қарсылық; 2) кінәлілік; 3) әкімшілік жазалау; 4) іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі жатады.

әкімшілік жауапкершілік

http://www.youtube.com/watch?v=yHV9cQZfGwk

Сабақтың ортасы

Т Төрт топқа тапсырма.

1-топ. Әкімшілік құқық бұзушылық (құрамы мен белгілері)

2-топ. Әкімшілік жауаптылық (мақсаттары, әкімшілік жауаптылық мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер)

3-топ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы.

4-топ. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын негіздер туралы тапсырмалар беріледі.

Одан әрі оқушылар әкімшілік құқықбұзушылықтың кең таралған түрлері бойынша проблемалық жағдаяттарды шешеді:

1.23.00 с. кейін үнемі магнитофон дауысын бар күшіне, қатты қоятын адамды көршілері әкімшілік жауаптылыққа тарта ала ма? Жауапты түсіндір .

2.Төменде берілген мысалдарда әкімшілік құқық бұзушылық түрлерін анықта:

-Азамат И. Қоғамдық көлікте айналасындағыларды балағаттап, шақыртылған полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті.

-Азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс жасайтын азаматша Р. қантты қайтадан өлшеуді сұраған сатып алушының өтінішінен бас тартып, сатып алушыны түрлі сөздермен тіл тигізіп қорлады.

Оқушылар келесі сұрақтарға жауап берулері тиіс:

1. Берілген құқықбұзушылық қоғамдық қатынастардың қандай аясына қатысты?

2. Қоғам үшін қандай салдары болуы мүмкін?

3. Қандай жазалар қолданылуы мүмкін?

Б/Т(ф) Оқушыларға өздерінің білімдерін бекіту үшін «Әкімшілік жауапкершілік» кестесін сәйкестендіруге тапсырма беріңіз. Кестенің сол бағанасына құқық бұзушылықтың түрлері, ал оң бағанасына жаза түрлерін сәйкестендіріп, жазу керек.

Құқық бұзушылықтың түрі Жаза түрі

-Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

-Ұрып-соғу, денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер

-Төлем бойынша талаптарды бұзу, демалыс бермеу, жұмыс уақыты режимін сақтамау, мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзу

Б «Қазіргі Қазақстандағы әкімшілік құқық» тақырыбы негізінде эвристикалық талқылау ұйымдастырыңыз. Талқылау барысында оқушылар төмендегі сұрақтар аясында өздерінің ой пікірлерін білдіреді:

1. Біздің қоғамымызда әкімшілік құқық бұзушылықтың қандай түрлері көптеп таралуда?

2. Тым көп құқық бұзушылықтың себебі неде болуы мүмкін?

3. Қазіргі әкімшілік жаза жүйесі қаншалықты тиімді деп есептейсіз?

4. Әкімшілік құқық бұзушылықпен күресудің қандай тиімдірек жолын ұсына аласыз?

әкімшілік бұзұшылық кодексінің жаңа редакциясы

http://www.youtube.com/watch?v=HVza60gZyZ0

Қ.Р. Әкімшілік бұзушылық кодексі. Жалпы бөлім. 3 тарау.

28 – 30 баптар.

4 тарау. 31 – 32 баптар.

6 тарау. 44 – 46 баптар

Ерекше бөлім

10 – 19 тарау

О. Копабаев, К. Айтхожин, Н. Кыдыркожаева, Г. Жайлин, А. Жумагали. Құқық негіздері. 10 сынып.

А. Маханбетова, Б. Жубанышев.

Құқық негіздері.

Әдістемелік нұсқау. 10 сынып

Сабақтың соңы

Ж (ф) Оқушыларға 100 сөзден аспайтын қорытынды жазбаша жұмыс орындауға тапсырма беріңіз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардың эссе жұмысын өте жақсы орындайтындығына сенемін. Келесі оқушылардың жағдаяттық тапсырмалар орындау арқылы сабаққа деген қызығушылығы артатындығына сенемін. Осыған сәйкес сабақ барысында саралау жұмыстары жүргізілетін болады. Топтық саралау. Жасырын саралау-жағдаяттық тапсырмалар. Эссе жазу-айқын саралау.

Ауызша бағалау және топтық бағалау. Мұғалімнің жетондар арқылы және ауызша бағалауы жүзеге асады

Көзге арналған жаттығулар ұйымдастыру, топтастыруға байланысты қолданылатын белсенді қозғалыс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?