Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік | Мектеп: Алматы қ. ФМБ НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кульбаев А.К., | |
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату; 11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау | |
Оқыту мақсаттары | Барлығы: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырата алады, түсінеді Көпшілігі: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралап, талдай алады. Кейбіреулері: Сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған құқықтық актілерді саралап оны сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибесімен салыстырып бағалайды | |
Бағалау критерийлері |
| |
Тілдік мақсаттар | CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылар:
Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты жалпы мемлекеттік саясатпен танысады (оқылым дағдысы)
Пәнге қатысты лексика мен терминология Жаза, Тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жаза түрлері, Сот, Ювеналдық сот Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жазаға тарту керек, себебі (…) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, қоғамдағы бұзылған заңдық-құқықтық қатынастарды қалпына келтіреді, себебі (...) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін заңды және жеке түлғаларды жауаптылыққа шақыру қажеттілігі........
| |
Құндылықтарды дарыту | Құрмет; Ынтымақтастық; Ашықтық; Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; Еңбек және шығармашылық; Өмір бойы білім алуға баулу; Құқықтық сана және құқықтық мәдениетті қалыптастыру | |
Пәнаралық байланыстар | Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны тақырыбы география, дүниежүзі тарихы, статистика, экономика мен пәнаралық байланыста болады. | |
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақталар арқылы слайдтар көрсетеді | |
Бастапқы білім | Оқушылар 9 және 10 сыныпта алған білімі негізінде сыбайлас жемқорлық не екендігін және сыбайлас жемқорлықтың басты түрлерін біледі |
Жоспар:
Уақытты жоспарлау | Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар: | Дерек көздері | ||||||||||||||||||||||||||
Басы 4 мин Ортасы 12 мин 10 мин 12 мин Соңы 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Үй тапсырмасын сұрау Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Содан кейін «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға 9 және 10 сыныпта жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды қайталау мақсатында бейнесюжет көрсетіліп, келесі сұрақтар қойылады: 1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? 2. Бұл қоғамдық дерт неден туындайды және осы көрсетілген бейнесюжет арқылы жаңа тақырыпты атай аласыз ба? Дескриптор: Оқушылар бейнесюжет арқылы сыбайлас жемқорлықтың мағынасын ашып, жаңа сабақтың тақырыбын табуға тырысады. М. Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен және топтық жұмысты бағалау критерийлерімен таныстырады. Тапсырма. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату мақсатында жемқорлық құқық бұзушылықтың негізгі түрлерін белгілеу тапсырмасын береміз көмек ретінде оқушыларға бейнесюжет көрсетіледі. Топтық жұмыс: 1 топ. Корпоративті сыбайлас жемқорлық түріне бір мысал келтіріп оны анықтаңыздар 2 топ. Саяси сыбайлас жемқорлық түріне бір мысал келтіріп оны анықтаңыздар 3 топ. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық түріне бір мысал келтіріп оны анықтаңыздар Дескриптор: әр топ жемқорлық құқық бұзушылықтың түріне бір мысал келтіріп оны анықтапйды М: Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру. Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу Топтық жұмысты бағалау парағы
Б Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қатысты жалпы мемлекеттік саясат (құқықтық концепциялар, бағдарламалар, заңдар) туралы айта келе, ДЖИГСО әдісі арқылы 3 топқа сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлерін ұсыну: 1-топ: Лауазымдық қызмет орнын пайдалану заң бұзушылық іс-әрекетті анықтап берліген бір есепті шығарыңыз. 2-топ: Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу заң бұзушылық іс-әрекетті анықтап берліген бір есепті шығарыңыз. 3-топ: Пара алу және пара беру заң бұзушылық іс-әрекетті анықтап берліген бір есепті шығарыңыз. Дескриптор: Әр топ өздерінің қарастырған мәселелерді талдап, ситуациялық бір есепті шығарады. М: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 361 бап. Қызмет орнын пайдалану 2000 АЕК дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру 362 бап. Билігі мен қызмет орнын асыра пайдалану 3000 АЕК дейінгі айып / 5-10 жылға бас бостандығынан айыру 364 бап. Заңсыз түрде кәсіпкерлік қызметке араласу 1000 АЕК дейінгі айып / 4 жылға бас бостандығынан айыру 365 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу 2000 АЕК дейінгі айып / 3-7 жылға бас бостандығынан айыру 366 бап. Пара алу 50 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру 367 бап. Пара беру 20 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру Т/Ж «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» сәйкес адамдардың әрекетін саралап, талдаңыздар 1 топ. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 2 топ. Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 3 топ. Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Дескриптор: Топтар қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәнісін талдап оған баға береді. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» Үй тапсырмасы «Неге сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіреді?» тақырыбында мини эссе жазыңыздар. | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес https://www.youtube.com/watch?v=qwa59Ocit_o 1.Конституция. А.,2017 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралыҚР Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ https://www.youtube.com/watch?v=qf7woMPmnjAҚР мемлекеттік қызметі туралыҚР Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ. Қазақстан республикасының Азаматтық кодексi Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралыҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 ЖарлығыҚазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы | ||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушылар:
Қабілеті орта оқушылар:
Қабілеті төмен оқушылар:
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
қылмыстың жекелеген түрлеріне қатысты қылмыстық істерді кейс арқылы талқылау тапсырмасын орындау барысында оқушылар қылмыс түрлерін талдай отырып, тиісті қортынды шығарады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсат-тары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен і білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?