Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік. Құқық негіздері. 11 сынып, презентация.


Сабақ мәселесі не жайында болмақ?

Тақырыбы:

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртәптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

Мақсаты:

11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен ажырату

Бағалау критерийлері:

- Сыбайлас жемқорлық ұғымын біледі

- Сыбайлас жемқорлық зардаптарын анықтайды

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері саралй отырып, жағдаяттардың шешімін талдайды

«Сыбайлас жемқорлық» деген не?

Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.   

Н.Ә.Назарбаев

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралыЗаңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын анықтаңыз:

1

2

3

4

Дескриптор: Сыбайлас жемқорлықтың кем дегенде 2 зардаптарын анықтайды

Жеке жұмыс

Өзін-өзі бағалау

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. 

Жемқорлыққа мыналар жата ма?

1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?

2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат,

портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?

4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма?

Жұптық жұмыс

Дескриптор: Жемқорлықты дұрыс анықтайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек.

1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді  үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.

2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.

3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің әрекетіңіз.

 

Топтық жұмыс

Дескриптор. Әр топ тапсырманы сахналайды

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?