Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
1 топ
Заңдар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
ҚР мемлекеттік қызметі туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралыҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
ҚР 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы
сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу
Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.
Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс: - қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану; - билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану; - лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану; - заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу; - заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу; - пара алу; - пара беру; - бопсалауда арада жүру; - қызмет орнында алдау; - қызмет орнындағы әрекетсіздік; - немқұрайлылық. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім болмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де, тіпті министрлер мен облыс әкімдері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алынып, сотталады.
Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;
5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану, практика көрсеткендей, ең көп тараған қылмыс, сондай-ақ басқа қылмыстарды, оның ішінде сыбайласжемқорлық қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады. Лауазымды қылмыс сондай-ақ басқа қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады және жиі қабысып жүреді, мысалы: тездету және әр түрлі процедураларды, ережелерді айналып өту үшін шенеуніктердің пара алуы, бопсалау, заңсыз тексерістер, бөтен мүлікті тартып алу, мемлекеттік қаражатты және жер учаскелерін заңсыз пайдалану, ақша үшін лицензиялар және басқа рұқсат құжаттар беру; мемлекеттік меншікті, ғимаратты, құрылысты, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану, заңсыз жекешелендіру, мемлекеттік қаражатты ұрлау, асыра сілтеулікпен сыйлықтар төлеу, тендер мен мемсатып алған кезде асыра сілтеушілік; монополияға қарсы заңнаманы және шынайы бәсекелестікті бұзу, өз мүддесіне кадр сұрақтарын шешу, саяси сыбайлас жемқорлыққа және ықпал жасаудың сыбайласжемқорлық саласын жасауға дейін бару, дауыс берген кезде пайдалы заңдар үшін дауыс сату және сот шешімдерін сату және БАҚқа пара беру. Бұл қылмыстың объектісі басқару тәртібіне, орнықты жұмысқа және мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына, сонымен қатар өзінөзі басқару органдарына қасқойлық болып табылады.Коммерциялық немесе басқа ұйымда лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану қаралып отырған баптың заңдылық ауқымына кірмейді және Қылмыстық кодекстің басқа баптарымен қарастырылғаны жөнінде айта кеткен жөн. Мұндай сыбайласжемқорлық қылмыстың объективті жағы 307 баптың 1 бөлімінің диспозициясында көрсетілген: “Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның өз қызметтік өкілеттігін пайда табу және өзіне немесе басқа адамдар, ұйымдарға басымдық алу үшін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланса, онысы басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян әкелсе,егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін немесе заң қорғайтын қоғам немесе мемлекет мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса”. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен, нұсқаулармен және басқалармен реттелетін олардың құзыретіне кірмейтін ісәрекет орындау болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану ісәрекет жасаумен қатар ісәрекет жасамау болып табылады. Адам іс әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны аталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
361 бап. Қызмет орнын пайдалану 2000 АЕК дейінгі айып / 4-8 жылға бас бостандығынан айыру
362 бап. Билігі мен қызмет орнын асыра пайдалану 3000 АЕК дейінгі айып / 5-10 жылға бас бостандығынан айыру
№1 Есеп. Лауазымды шенеунік өнеркәсіпке немесе фирмаға пайдалы кредит алуға немесе пайдалы келісім-шарт жасасуға жәрдем береді. Өнеркәсіптің немесе фирманың басшылығы шенеунікке көмек бергені үшін нақтылы бір пайыз беріп төлейді. Бұл жағдайда шенеунік пара алады ма?
Есепке көмек мәлімет. "Аграрлық несие корпорациясы" компаниясының басқарма төрағасының орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Ведомство хабарлағандай, ол қол астындағы қызметкерлерден пара алып отыру схемасын ойлап тапқан. Қызметкерлер жұмыс бабы бойынша қорғаншылық жасағаны үшін басшы орынбасарына сыйақыларының жартысын беріп отырыпты. Компания басшысының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, 13 қазанда сот оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау шешімін қабылдады.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» сәйкес адамдардың әрекетін саралап, талдаңыздар
1 топ. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді. Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап, жағдайлар жасайды. Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялау болмақ. Бұдан әрі мұндай декларациялау бүкіл халыққа қолданылады, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбекақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай одан әрі кезең-кезеңмен жоғарылату көзделген. Бұл міндет мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының жекеше сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз екендігін ескере отырып та өзекті бола түседі. Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі. Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі шенеуніктің азаматпен тікелей байланысы болуы да болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға – өзін өзі реттейтін ұйымдарға кезең-кезеңмен беру бойынша шаралар қабылданатын болады.Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады. Нәтижесінде халыққа электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің көлемі өсетін болады, оның ішінде осындай форматта рұқсаттарды беру де қамтамасыз етіледі.Білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік саланың базалық салаларында тиісті қызметтерді электрондық түрде көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді. Қызметтің неғұрлым сыбайлас жемқорлықшыл саласына жататын мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртылатын болады. Нақ осында әрбір төртінші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалады.Ахуалды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту, тауарларды автоматтандырылған түрде таңдауды енгізу, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді қабылдау рәсімін жетілдіру сияқты шаралар қажет етіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде кеден, салық салаларында, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, банк қызметі салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері барынша автоматтандырылады.
«Бір терезе» қағидаты бойынша (ХҚКО арқылы) халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі де кеңейтіледі. Тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ашықтық қағидаты түйінді фактор болып табылады, сондықтан да оны енгізу жөніндегі жұмыс тұрақты, жүйелі негізде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне мониторинг арқылы жүргізілетін болады.
4.2. Қоғамдық бақылау институтын енгізу
Сыбайлас жемқорлық профилактикасының пәрменді тетігі қоғамдық бақылау болып табылады. Мұндай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруды ғана емес, тиісті заңнамалық реттеуді де талап етеді. «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың базалық қағидаларын нормативтік құқықтық бекіту арқылы алғашқы рет оның біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік берер еді. Мұндай заң оның институттары мемлекеттің беделін нығайтуға және мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын арттыруға жәрдем ететін азаматтық қоғамды одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаруға арналған. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар, мемлекеттік органдар шешімдеріне қоғамдық сараптама өткізу үшін басшылардың жұртшылық алдындағы есептерін тыңдау және азаматтардың алқалы органдардың жұмысына қатысуы үшін құқықтық негіз жасалатын болады. Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттердің өзін де, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге де ықпал етеді. Бұл ретте қоғамдық бақылаудың ел Конституциясының талаптарына сәйкес мемлекеттің бақылаушы функцияларынан аражігі нақты ажыратылуға тиіс. Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің тағы да бір құралы «Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң болуы тиіс, ол жария ақпаратты алушылардың құқықтарын, оны беру, есепке алу және пайдалану тәртібін бекітеді. Жария ақпаратқа еркін қолжетімділік халықтың шенеуніктермен артық байланысы қажеттілігін болдырмайды. Сыбайлас жемқорлықпен табысты күрестің аса маңызды факторы азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу мүмкіндігі болып табылады.Бұған жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін заңның қабылдануы ықпал етеді. Халыққа ең алдымен жергілікті өзін өзі басқарудың бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттың пайдаланылуына мониторинг пен бақылауға қатысу мүмкіндігін берген жөн.
2 топ
Заңдар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
ҚР мемлекеттік қызметі туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралыҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
ҚР 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы
сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу
Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.
Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс: - қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану; - билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану; - лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану; - заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу; - заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу; - пара алу; - пара беру; - бопсалауда арада жүру; - қызмет орнында алдау; - қызмет орнындағы әрекетсіздік; - немқұрайлылық. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім болмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де, тіпті министрлер мен облыс әкімдері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алынып, сотталады.
Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;
5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса, – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
364 бап. Заңсыз түрде кәсіпкерлік қызметке араласу 1000 АЕК дейінгі айып / 4 жылға бас бостандығынан айыру
365 Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу 2000 АЕК дейінгі айып / 3-7 жылға бас бостандығынан айыру
№2 Есеп. Адам министрдің туысқаны немесе досы немесе басқа жоғары лауазымды шенеуніктің туысқаны болғандықтан басқалардан қарағанда тезірек қызмет бабы бойынша көтеріледі/өседі. Бұл жерде сыбайлас жемқолық бар деп айтуға бола ма?
№3 Есеп. Өте ірі фирма депутатпен фирманың пайдасы үшін дауыс береді және оған осы көмегі үшін сыйақы беріледі немесе басқа да қызмет жасайды деп келіседі. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық бар ма?
Есепке көмек мәлімет. Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулар саласында 250 жемқорлық қылмысы тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Құқық бұзушылықтар тендерлерді бөлу кезіндегі бұрмалаушылықтар, заңсыз шарт жасасу, атқарылған жұмыстар үшін жалған актілерге қол қою сияқты әрекеттерді қамтиды.
"2016 жылдың басынан бері мемлекеттік кірістерге жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты 251 қылмыстық іс қозғалды. Жемқорлық саласындағы "көшбасшылар": салық қызметі– 110 қылмыс, кеден – 103 және экономикалық тергеулер қызметі — 36", — деп хабарлайды агенттік.
Квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлықтың қаупін оның мемлекеттік сектордағы ауқымдарымен толық салыстыруға болады. Квазимемлекеттік секторда мемлекеттік сатып алулардың көлемдерінен жиі асып кететін бюджет кезінде сырт көзге сыбайлас жемқорлықшыл проблемасы соншалықты өткір емес. Алайда қазіргі ахуал бұл сектордағы ашықтықтың жеткіліксіз екендігін айғақтайды. Сондықтан осы сектордағы есеп берушілікті, бақылауда болуды және шешімдер қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктер қажет. Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі іскерлік этика мен бизнесті адал жүргізудің қазіргі заманғы қағидаттарын сақтау кезінде ғана мүмкін болады. Жұмыс істеп тұрған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің мүдделерін қорғаумен қатар оның ашықтығы мен сатылмайтындығы үшін жауаптылықта өз үлесін атқаруға және корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауға тиіс. Бұл жолдағы алғашқы қадам жасалды да – Бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартиясы әзірленді. Мұнда Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын жеке кәсіпкерлігінің негізгі қағидаттары мен постулаттары жарияланған. Қаржылық-шаруашылық қызметтің түрлі салаларында алдағы уақытта бірқатар басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау керек. Сондай-ақ квазимемлекеттік және жекеше сектор субъектілерінің азаматтарға қызметтер көрсеткен кезде ашықтықты қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылданады. Бұл, оның ішінде банк саласында электрондық технологияларды пайдалануды кеңейту, табиғи монополиялар саласындағы тарифтерді айқындау үшін нақты критерийлерді белгілеу, мемлекеттің құрылыс саласы мен экономиканың басқа да салаларында қатысуын қысқарту болып табылады. Сонымен қатар жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес ол инвестициялық ахуалды нашарлатуға және кәсіпкерлер үшін тәуекелдерді көбейтуге әкеп соқпайтындай етіп жүргізілуі тиіс.
3 топ
Заңдар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
ҚР мемлекеттік қызметі туралы ҚР Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралыҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
ҚР 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысы
сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу
Корпоративті сыбайлас жемқорлық – капиталдың елден шығарылуы, салық төлеуден жалтару, кәсіпкерлігін жүргізу үшін шенеуніктерге пара беру, үстемақы алу үшін монополиялық жағдайды пайдалану, келісім, сараптама мен сертификат алу үшін пара беру.
Саяси сыбайлас жемқорлық – ақша алып, мемлекеттік сатып алудың бюджеттік қаржысын заңсыз бөлу, түрлі мемлекеттік қызметтердің орындалуын тездету үшін пара алу, түрлі заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша бопсалау, қаржының депозит не облигация ретінде қаржы ұйымдарына жіберілуі, инвесторларға заңсыз түрде қолайлы жағдай жасау.
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс: - қызмет орнын, өкілеттігін пайдалану; - билігін не қызмет өкілеттігін пайдалану; - лауазымды тұлғаның өкілеттігін пайдалану; - заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысу; - заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі болу; - пара алу; - пара беру; - бопсалауда арада жүру; - қызмет орнында алдау; - қызмет орнындағы әрекетсіздік; - немқұрайлылық. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандар үшін ескі мерзім болмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салынған, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жыл сайын мыңдаған адам (шенеуніктер де, азаматтар да) сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең жоғары деңгейдегі шенеуніктер де, тіпті министрлер мен облыс әкімдері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны үшін қамауға алынып, сотталады.
Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;
5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.
Пара алу және пара беру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
366 бап. Пара алу 50 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру
367 бап. Пара беру 20 пара көлеміндегі айып / 10-15 жылға бас бостандығынан айыру
№2 Есеп. Науқас дәрігерге оған ауруханада кезектен тыс және өте көңіл бөліп қызмет жасап қарағаны үшін ақша немесе қымбат сыйлық береді. Дәрігер бұны талап етпейді бірақ ақшадан және сыйлықтардан бас тартпайды. Дәрігердің іс-әрекетіне бағаңызды беріңіз.
Есепке көмек мәлімет. Осы жылдың басынан бері Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапқа Жыл басынан бері Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 6 әкім ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бұл жайында өңірде жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық қылмысы тақырыбында өткен жиында айтылды.
"Жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Оның ішінде 3 ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған үшеуі қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", — деді ұлттық бюроның облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов
Сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігі, бірінші кезекте, негізгі буыны сот төрелігінің мінсіз жүйесі болып табылатын болып табылатын құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіне байланысты. Сот жүйесіне деген сенімді арттыру, сот төрелігін іске асырудың сапасын жақсарту үшін судьялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның ішінде судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады. Сот ісін жүргізуді оңайлату, оның жеделдігін арттыру, соттардың қызметін автоматтандыру сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сот жүйесі қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Құқық қорғау жүйесінің жұмысындағы басымдықтар жасалған қылмыстарды анықтаудан олардың профилактикасы мен алдын алуға ауысуы тиіс. Құқық қорғау органдарының кадр саясатында мемлекеттік әкімшілік қызметтің жүйесінде қолданылып жүрген конкурстық іріктеу тетіктерін және меритократия қағидатын енгізу қажет. Қызметкерлерді аттестаттау және тестілеу рәсімдері жетілдірілетін болады, кадр резервін пайдаланбай ауысуға тыйым салынады Құқық қорғау қызметі саласында сыбайлас жемқорлық орта да күштік құрылымдар қызметкерлерінің азаматтармен байланыстары кезінде туындауы мүмкін. Бұл проблеманың шешілуі едәуір дәрежеде құқық қорғаушылар қатарының тазалығына, жаңа технологиялардың одан әрі енгізілуіне және тиісті рәсімдердің автоматтандырылуына байланысты болмақ. Тек сыбайлас жемқорлықтан бойын аулақ ұстайтын құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті Құқық қорғау қызметін бағалаудың басты критерийі халықтың сенімі болуы тиіс.
АҚШ пен Канададағы мемлекеттік билік жүйесінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу мен жолын кесу тиімді әдістерінің бірі:
1. Өз мүддесіне қарай мемлекеттік мүлікті және ресурстарды пайдалануға шектеу қою. 2. Сыйлықтарды алуға тыйым немесе шектеу салу. 3. Үкіметті ведомство немесе министрлік алдына өтініш берген бұрыңғы мемлекеттік қызметкерлердің істеріне шектеу қою.
Канадада “Әдеп ережелері” атты Кодекс парақорлықты - Конституцияны бұзу және мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіреді. Ол 1985 жылы қабылданған. Параны алған адам да, оны берген адам да қылмыстық жазалауға жатады. Осы ереженің басты мақсаты – “қоғамның мемлекеттік аппаратқа және оның қызметкерлеріне деген сенімді арттыру”.
Сингапурдың сыбайлас жемқорлықа қарсы саясатының басты идеясы мына қағидаларды басшылыққа ала отырып шешіледі:
- мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы жеке секторда табысты жұмыс істейтіндердің жалақысымен теңестірілген.
- сыбайлас жемқорлық жағдайына байланысты шенеуніктер ісіне қатаң бақылау жасау.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес Сингапурдың экономикалық жетістіктерінің негізгі өзегі деп танылды
Мәселен, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді:
- сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тиым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;
- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау;
- арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі;
- лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау
1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы 7 қағида қабылдады:
1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді.
2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс.
3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісім шарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс.
4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек.
5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті.
6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті.
7. Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті
Жапонияда министрлер кабинеті мүшелерінің, олардың отбасы мүшелерінің, министрлер орынбасарларының, парламент депутаттарының, губернаторлардың дүние-мүлкі туралы декларация тапсыруды міндеттейтін қоғамдық бақылау жүйесі құрылған. Жапониядағы әділетті кадр саясатын жүргізу және қызметкерлердің құқықтарын қорғау «Қызметкер ісі жөніндегі кеңеске» жүктелген. Бұл елде заң жүзінде саяси қызметкерлердің этика мәселесіне де үлкен көңіл бөлінген. «Парламент туралы» заңда «Саяси этика» туралы бөлім бар. Депутаттар әдеп ережелері мен саяси этика бағдарламасын қатаң ұстануға міндетті. Арнайы құрылған комиссиялар шенеуніктердің этиканы сақтау дәрежесін тексеріп тұрады. 2000 жылдың сәуір айынан бастап «Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы туралы» заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес, әдеп бұзған мемлекеттік қызметкер әкімшілік жазаға тартылады. Сондай-ақ осы заңға сәйкес шенеуніктердің сыйлық алуына да шектеу қойылған. Бөлім бастығының көмекшісі мен одан жоғары қызметкерлер әр үш ай сайын министрлік басшысына немесе басқармаға қабылданған әрбір 5 мың иен (және одан да жоғары) көлемдегі сыйлықтар туралы есеп беруі тиіс. Жоғары дәрежелі шенеуніктер басшылыққа өткен жылдағы кіріс туралы есеп береді. Бұл істе «Этикалық тексерулер жөніндегі комитет» белсенді рөл атқарады. Аталған комитет тексеру жүргізіп, жаза тағайындау құқына ие. 2001 жылғы «Ақпараттың ашықтығы туралы» заңға сәйкес азаматтар үкіметтегі ресми ақпараттарға қол жеткізе алады. Ресейдің жоғары экономикалық мектебінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат зертханасының мәліметі бойынша, соңғы жылдары жүргізілген азаматтардың жемқорлықпен бетпе-бет келуі халықаралық индексінде Жапония мен АҚШ ең төменгі сатыдан көрінген, яғни жемқорлықтан ең таза ел болған. Токио мэрі не үшін қызметінен кетті? Өткен жылғы шілде айында Токионың губернаторы Йоичи Масудзоэның басы «жемқорлық дауына» қалды. Оны жұрт саяжайына бір рет қызметтік көлігін мініп барғаны үшін «жемқор» деп айыптаған. Қызметінен кетерде ол адал түрде жұмыс күнін толық аяқтап барып, кабинетінен шыққан. Йоичи Масудзоэге сондай-ақ қор есебінен каллиграфия сабағы үшін жібек киім сатып алды деген жала жабылды. Баспасөзде өзі туралы сыни мақала жарияланғаннан кейін Масудзоэ жалақысын түгел қайтаруға уәде беріп, қыркүйек айына дейін орнында отыруды сұраған. Бірақ өз атына 31 мың арыз түскенін білген соң, қызметінен кеткен көрінеді. Жапонияда қызметтен босағандарға белгілі бір мөлшерде төлемақы төленетін тәртіп бар. «Асахидің» жазуынша, Йоичи Масудзоэ жұмыстан босағанда 68 млн иен (650 мың доллар) төлемақы алған. Одан бұрынғы Токио мэрі саяси науқанға пайдалану мақсатында 500 мың доллар қаржыны ресми түрде тіркемегені үшін қызметінен босаған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?